Жаратылыстану және география институты



Pdf көрінісі
бет27/43
Дата12.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#81941
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар әдістемесі 2023 2

11.2 Жұмысты орындау тәртібі 
Ізбестің қажетті дозасын анықтау үшін бастапқы судың жалпы және кальцийлік 
кермектілігін, жалпы сілтілігін және бос көмір қышқылының концентрациясын анықтайды. 
Ізбестің артық мөлшерін 
тең деп алады. 
Ізбестеу процесін жүргізу үшін V= 750 мл колбасына 500 мл су құйып, оны 70-80°С
ге
дейін 
қыздырады. Судың 500 мл өңдеуіне есептелген ізбес көлемін қосады. Колбадағы ерітіндіні 5 
мин. араластырып, одан кейін 1 сағатқа қояды. 
Тұндырылған суды қағаз сүзгісінен сүзіп, ізбестелген судың технологиялық көрсеткіштеріне 
анализ жүргізеді. 
Бастапқы және өңделген судың көрсеткіштерін салыстырып, ізбестеу процесінің нәтижесінде 
су құрамының сапалы өзгеруі туралы қорытынды жасайды. 
  
11.3 Тәжірибе нәтижелерін өңдеу және жұмыс бойынша есеп беру 
  
Жұмыс бойынша есеп беруге кіреді: 
а) ізбестеу процесі маңызының қысқаша сипаттамасы: 
б) ізбестеуге қажетті ізбес дозасын есептеу; 
в) ізбестеу процесі жүргізілген шарттарының қысқаша сипаттамасы; 
г) қорытындылар. 
Тәжірибе нәтижелерін 11.1 кестеде келтіреді. 
11.1 к е с т е - Тәжірибе нәтижелері 
Зерттелетін су 
Кермектілік, мг∙экв/л 
Сілтілік, мг∙экв/л 
К
ж
К
Са
К
Mg
С
ж
С
гидр
С
карб
Бастапқы 
Ізбестелген 


  
  
№12 зертханалық жұмыс. Сүзгіш материалдардың қасиеттерін зерттеу 
Жұмыстың мақсаты - әртүрлі сүзгіш материалдардың физикалық қасиеттерін зерттеу 
12.1 Теориялық кіріспе 
а) Сүзгіш материалдар 
Сүзгіш материалдарды сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге олардың беріктігі мен 
түйіршіктілігі жатады. Сүзгіш материалының түйіршіктілігі сүзгі тиеуі жұмысының 
технологиялық мүмкіндіктерін анықтайтын маңызды сипаттамасы болып табылады. Сүзгіш 
материалы бөлшектерінің мөлшерлері туралы нұсқаулар оның түйіршіктілігін сипаттағанда 
жеткіліксіз болады. Мысалы, материал дәндерінің диаметрі 0,5-1,0 мм болса, бұл сипаттамаға 
түйіршіктіліктің әртүрлі қатынастары келуі мүмкін: 1) 5% - дәндерінің диаметрі 0,5-1,0 мм және 
95% - дәндерінің диаметрі 0,8-1,0 мм; 2) 95% - дәндерінің диаметрі 0,5-0,6 мм және 5% - 0,6-1,0 
мм. Бірінші материал ірі түйіршіктіге жатса, екіншісі – ұсақ түйіршікті болады. Әрине, мұндай 
материалдармен тиелген сүзгілердің жұмысы да әртүрлі болады. 
Электр стансалары су дайындау қондырғыларының өнеркәсіптік сүзгілердің 
пайдалану тәжірибесінен сүзгіш материалы дәндерінің 0,6-0,8 мм аралығындағы орташа 
диаметрін ұсынуға болады (салмағы бойынша шаң тәрізді бөлшектердің мөлшері ≤ 1,0 %, әр 
тектілік коэффициенті ≤ 2,0). 
Түйіршіктілікпен қатар сүзгі материалының маңызды көрсеткіштеріне оның механикалық 
және химиялық төзімділігі жатады. Механикалық төзімділік деп жуу кезінде дәндер бір-бірімен 
үйкеліс нәтижесінде сүзгі материалының тозуға, су температурасы тұрақсыз болғанда 
материалдың ұсақтануына және жуатын сумен бірге ұсақ бөлшектердің шығарылуына әкелетін 
дәндердің жарылуға қарсыласуын айтады. 
Химиялық төзімділігі деп сүзгі материалының сүзілетін судың әсеріне төзімділігін 
айтады. 
Электр стансалары мен өнеркәсіптік өндірістерде кеңінен таралған материалдарға кварц 
құмы мен ұнтақталған антрацит жатады. 
Кварцтың механикалық төзімділігі антрациттікінен жоғары. Бірақ химиялық төзімділігі 
бойынша, әсіресе жоғары температура мен сілтілік ортада, кварц сүзгіде кремний қышқылының 
мөлшерін жоғарылатады, яғни антрациттің химиялық төзімділігі кварцтікінен жоғары болады. 
Кварц құмымен салыстырғанда меншікті салмағы 2 есе төмен антрацит су дайындау 
қондырғысының өзіндік мұқтаждарына судың шығынын азайтуға мүмкіндік береді. 
б) Суды механикалық сүзгі арқылы сүзу 
Өңделетін су сүзгі материалы кеуектерінен өткенде оның бөлек ағыншалары 
әртүрлі зигзаг тәрізді жолдармен жүреді. Су сүзгі материалы дәндерінің бетімен 
үйкелісіп, қысымы мөлшерінің азаюымен сипатталатын қозғалысқа кедергіні еңсереді. 
Су қысымы мөлшерінің азаюы әдетте метр немесе миллиметр су бағанасымен өлшенеді 
(м.су бағ., мм.су бағ.). Сүзу материалына келетін судың қысымы су қысымы мөлшерінің 
азаюынан жоғары болу қажет. 
Механикалық сүзгі жұмысының негізгі көрсеткіші - су қысымының азаюы. Бұл 
параметрдің өзгеруі және оны анықтау келесі факторларға тәуелді болады: 1) сүзу 
материалының гранулометрлік сипаттамасына; 2) сүзу материалы қабатының биіктігіне; 
3) сүзу жылдамдығына; 4) сүзу материалы ластануының дәрежесіне. Аталған 4 
факторлардың бірінші үшеуі берілген механикалық сүзгі үшін белгілі және азды-көпті тұрақты 
болып саналады. Сондықтан осы факторлардан туындайтын сүзгідегі су қысымы мөлшерінің 
азаюы да белгілі және тұрақты болады. Төртінші факторға, яғни сүзу материалы 
ластануының дәрежесіне келгенде, сүзгі жұмыс істеген сайын бұл мөлшер үздіксіз өседі де 
оған сәйкес сүзгідегі су қысымы азаюын жоғарылатады. Механикалық сүзгідегі су қысымы 
мөлшерінің азаюы екі бөліктен құрастырылады: 1) сүзу ортасы және сүзу 
жылдамдығымен анықталатын, қысымның бастапқы азаюы деп аталатын (яғни сүзгі 


материалы таза болған кезде); 2) сүзгіге келетін судағы қалқыған заттардың сипаттамасы 
және концентрациясымен анықталатын айнымалы шамамен. 
Механикалық сүзгідегі су қысымы мөлшерінің азаюы берілген жағдайда соңғы 
максималды рауалы мәніне жеткенде немесе сүзгіден шығатын судың мөлдірлігі 
төмендеген кезде судың сүзуін тоқтатып, сүзгі материалындағы қалқыған заттарды 
кетіреді. Ол үшін сүзгіні судың кері ағынымен төменнен жоғары қарай жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет