Жаратылыстану және география институты


Тәжірибені жүргізу тәртібі



Pdf көрінісі
бет30/43
Дата12.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#81941
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43
  
Тәжірибені жүргізу тәртібі 
Катиониттің толық динамикалық алмасу сиымдылығын (ТДАС) анықтау 
Штативта тік орнатылған шыны бағанасына тегіс және тығыз етіп 3 г катионитті салады. 
Катионитті дистилленген сумен сулайды. Бағанадан 3-4 мл/мин. ағу жылдамдығымен 
қанықтыратын ион ерітіндісін (мыс тұзының ерітіндісін) жібереді. Тәжірибені жүргізу кезінде 
катионит қабатында ауа көпіршектері болмау керек. 
Бағана шүмегінің астына өлшеуіш цилиндр қойып, талдауға бағанадан шығатын 
ерітіндінің (фильтраттың) сынамаларын (әрқайсысы 5 мл-ден) алып бастайды. Сынақтың 
әрқайсысында төменде келтірілген әдістеме бойынша мыс иондары мөлшерінің фотометрлік 
анықтауын жүргізеді. 
Иониттің сіңіріп алған мыс иондарының мөлшерін есептегенде, мыс иондары жоқ 
фильтраттың жалпы көлемі және ерітіндідегі мыстың бастапқы концентрациясы ескерілу қажет. 
Катиониттің толық динамикалық алмасу сиымдылығын (мг-экв/г) анықтау үшін 
нәтижелерді қосып, құрғақ катиониттің массасына бөледі. 
Ионның өтіп кеткенге дейін алмасу сиымдылығын анықтау үшін, мыс иондарының 
сәйкес келетін мөлшерін катиониттің массасына бөледі. 
Катионитті регенерациялау үшін ионит арқылы 5-6 мл/мин жылдамдығымен С
э
= 0,25 
моль/л аммоний оксалаты ерітіндісін ((NH
4
)
2
C
2
O
4
) немесе 3-4% күкірт қышқылы ерітіндісін 
өткізеді. Процесті регенерациялаудан шығатын ерітіндінің талдауы мыс иондарының жоқ 
екендігін көрсеткенге дейін жүргізеді. 
Регенерациялау процесі біткеннен кейін, ионитті дистилленген сумен жуып, элюатты 
конустық колбаға немесе стаканға жинайды, онда метил- оранж индикаторы арқылы 
қышқылдың бар-жоқтығын анықтайды. Сумен жуу процесін қышқылды толық шығарғанға дейін 
жүргізеді. 
Мыс(II) иондарын аммиакпен анықтаудың фотометрлік әдістемесі 
Көлемі 50 мл өлшеуіш колбаларға пипеткамен талданатын ерітіндінің аликвотты бөлігін құйып, 
оған аммиактың 1:3 сұйытылған ерітіндісінің 10 мл 
қосып, колбаның белгісіне дейін дистилленген су құяды. Колбаны тығынмен 


жауып, ерітіндіні жақсылап араластырады. Содан кейін фотоэлектроколори-метрде ерітіндінің 
оптикалық тығыздығын өлшейді (қызыл светофильтр, кюветалардың қалыңдығы l=1,0 см.). 
Ерітіндідегі мыс иондарының мөлшерін градуирленген қисық бойынша анықтайды (Х 
өсіне экстраполяциялап). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет