№14 тәжірибелік жұмысқа қосымша
Тұзсыздандырылған судың талдауын ионометрия әдісімен жүргізу
Ионометрия — судағы иондар мөлшерін потенциометрия әдісімен анықтау. Бұл әдіс
индикаторлы және референтті электродтардан құрастырылған электродтық жұптың
потенциалын өлшеуге негізделген. Әдістің ерекшелігі: мұнда тек белгілі ионмен әрекеттесетін
индикаторлы электрод қолданылады. Ол үшін ішкі және сыртқы ерітінділер белгілі иондарды
ғана
іріктейтін
жартылай
өткізгіш
мембрана
арқылы
бөлінеді.
Мұндай
мембраналар
ионоселективті деп аталады. Ионометрия әдісіндегі Х-ионының анықталатын
концентрациялар аймағы 10
-6 sup>-6
- 10
-1
М.
Өлшеуіш аспап ретінде кіріс кедергісі ≥1 МОм милливольтметрлердің кез келген түрін
қолдануға болады. Молярлы концентрациясының теріс логарифмі бірліктерінде градуирленген
милливольтметр
рХ-метр немесе
иономер деп аталады.
Аналитикалық тәжірибеде ионометрия әдісі иондарды тура анықтауда немесе
индикаторлы ретінде титрлеу әдісінде қолданылады. Иономерлер ғылыми зерттеулерде,
сонымен қатар суды тазартудың физика-химиялық, химиялық және биохимиялық
технологиялық процестерде басқару және бақылау аппаратурасының құрамында кеңінен
қолданылады.
Жұмыстың мақсаты — иономерде тұзсыздандырылған судың анализін жүргізу.
Жұмысты жүргізу және нәтижелерін өңдеу әдістемесі
Тәжірибе қондырғыларының құрамы
Магнит араластырғышы, рХ-метр.
Ыдыс: калибрленген қисықты тұрғызу үшін V=100 мл цилиндрлер - 5 дана; V=250 мл
колба – 1 дана; V=5 және 10 мл пипеткалар -1 данадан.
Достарыңызбен бөлісу: