8. Ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру жолдары: А. кітаптан оқу В. мұғалім әңгімесі
С. салыстыру, тәжірибе, бақылау, көрнекіліктер.
Д. мұғалімнің айтқанын жаттап алу
Е. Оқушылардың жауаптары арқылы
ІІ класта ''Аңдар неге жуынады? ''тақырыбы бойынша ұғым мен түсінікті келесі әдіс-тәсілдермен қалыптастыруға болады:
А. суретті көрнекіліктер арқылы В кинофильмдер көрсету арқылы
С. үй мысығын бақылату арқылы Д. Диафильм көрсету арқылы
Е. барлық жауап дұрыс
10. Дүниетану ұғым-түсініктері блоктар бойынша қалыптасады:
А. Кластан класқа күрделене отырып, байланысты түрде.
В. Кластан класқа қайталанбай
С. блоктар арасындағы байланыссыз, жеке –жеке
Д барлық жауап дұрыс
Е. әр кластағы блоктар атауы өзгеріп отырады
ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ.
Оқыту құралдары және оларды жіктеу. Кез-келген оқыту әртүрлі оқыту құралдарына сүйенеді Оқулықтар, карталар, көрнекті құралдар, таблицалар және басқалар. Бастауыш кластың дүниетану пәні де осыларға сүйенеді.
Қоршаған объектілер мен құбылыстар жөнінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың толық мағлуматтарының болмайтындығын ескерсек, бұл құралдардың маңыздылығы арта түседі. Олар оқытудың көрнекілігін қамтамасыз етіп, оқытудың танымдылық процесін активтендіреді, тәрбиелік және дамытушылық қызметтін атқарады. Бұл құралдар негізгі білім көзі болып саналады.
Ұзақ уақыт бойы әдістемеде ''оқу-көрнекілік құралдары'' термині қолданылып келді, оқу-тәрбие процесінде олардың рөлі мен орнына атауы сай келмейді. Біріншіден, көрнекілік ол оқыту құралдарының бір ғана қасиеті, екіншіден ''құралдар'' терминін мазмұнында бұл құралдардың рөлі толық бағаланбаған, дидактиканың басқа категорияларымен салыстырғанда маңызы төмендеген: оқыту әдістері, формалары, мазмұны. Жаратылыстануды оқыту құралдары – ол табиғи және арнайы дайындалған объектілер, заттар, сол сияқты осы оқу пәнінің мазмұнын құрайтын, білімділік міндетті шешетін оқыту процесіне еңгізілген эксперименттер.
Жаратылыстану оқыту құралдарының саны едәуір. Оның қайсысы тиімдірек, білімділік мақсатқа жетуге мүмкіндік беретіндерін анықтау үшін кем дегенде екі міндетті шешу керек:
Жаратылыстануды оқыту құралдарын жіктеп, реттеу және жүйеге келтіру.
Әртүрлі жіктік топтарға енетін құралдардың жетекші дидактикалық функцияларын анықтау.
Осы сұрақтарға жауап алынбаса, жаратылыстану мұғалімі сабақты керекті құралдармен қамтамасыз ете алмайды, олармен нәтижелі жұмыс ұйымдастырылмайды.
Жаратылыстануды оқыту құралдарын жіктеу үшін қолдану негізін анықтап алу керек. Жіктеу түрлері көп, олардың негізіне пішіні, демонстрациялау тәсілі, объектінің бейнелену сипаты және басқа белгілері алынады. Жаратылыстануды оқыту әдістемесіне сай, таным активтілігін ескере отырып, құралдарының оған дәлме – дәл дидактикалық қызметі ескеріледі. Оқыту құралдарын жіктеу сызбасы :