ІІ. Жаратылыстануды оқыту құралдарын тиімді пайдалану аймақтары. Әрбір оқыту құралы белгілі бір өзіндік ерекшелігі бар қасиетті тасымалдайды: құрылымдық, сызбалық, көлемдік, жылжылмалық т.б.. Белгілі бір танымдылық міндетті шешуге оқыту құралдарының құрамын нақты анықтай білу керек. Мысалы, тақырыпқа байланысты келесі оқыту құралдары бар: оқыту картинасы, диапозитив, құрылымдық кесте, кинофильм. Мұғалімнің міндеті - қажетті оқыту құралын тандап ала білу. Қолда бар оқыту құралдарының тізімінен белгілі бір тақырып бойынша қажетті оқыту құралын таңдап алып, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Таулар тақырыбына ''Таулы ел'' (тақырыптық картиналар жинақтамасы) ''Қатпарлы таулар'' транспортттар сериясы, ''Литосфера'' тақырыбы бойынша диапозитивтер сериясы, диафильмі. Осылардың ішінен қайсысын қолдану керек екендігін, тиімдісін таңдай отыра, нақты педагогикалық жағдаятты шешетінді анықтай білген дұрыс. Осылардың ішінен біреуі ғана таңдалуы мүмкін, барлығын бірдей қолдана беру педагогикалық міндеттерді шеше алмайды.
Көрнекті құралдарды пайдалануда оларды қай кезеңде, қалай қолдалану керектігі анықталады. Бір көрнекілікті сабақтың барлық кезеңдерінде пайдалана беру тартымсыз болады, оқушылардың қызығушылығы кетеді.
Мектеп оқулығы.Оқу-тәрбие үрдісінде оқулықтың алатын орны ерекше. Басқа оқыту құралдарымен салыстырғанда оқулық құрылымы мен құрылысы қүрделі. Оқулық тек қана оқу материалын ғана емес, оқу материалын түсінгендігін тексеретін тапсырмалардан, мәтіннен тыс компоненттерден; сызбалар, кестелер, суреттер, фотосуреттер, карталар т.б. тұрады. Әр компоненттің жеке қолданылатын орны болғанына қарамастан, олар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара әсерлесіп, біртұтас оқулық құрайды. Оқулықтың құрылымы мен құрылысының күрделігі оның қасиетінің көптүрлілігін анықтайды. Дүниетану оқулығының негізгі қасиеті оның мазмұнындағы барлық компоненттердің байланыстылығында. Параграфтың мазмұнын ашатын тапсырмалар мен сұрақтар алдыңғы өтілгенді еске түсіреді, осылай активтендіре отырып, жаңа ұғым – түсініктерді еңгізеді, тақырыпты аяқтап тұрған тапсырмалар мен сұрақтар игерілген білім, дағды, іскерлікті бекітеді.
Н.ФТалызина оқушылардың таным және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, қабылдау заңдылығын ескере отырып, мақсаттары мен мазмұнын анализдеп, оқулықтың төрт топтағы қызметін бөліп көрсетті: