Алдын ала тексерудің мақсаты- жаңа материалды игеруге қажетті білім, дағды деңгейін анықтау болып табылады. Мұндай тексеру кезінде мұғалім оқушылар біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.
Күнделікті тексерудіңмақсаты- мұғалім күнделікті жұмыс барысында пән бойынша әрбір оқушының білім, білік, дағдысын жекелей тексеру. Күнделікті тексеру үшін әртүрлі әдіс қолданылады: жеке және қосымша сұрау, жазбаша бақылау, биологиялық диктант, топографиялық диктант, дидактикалық карточкалар, тест, бақылау жұмысы, бақылау, сарамандық сабақта бақылау.
Аталған әдістер білімді тек белгілі бір жағынан тексеруге мүмкіндік береді, сондықтан тексеру барысында түрлі әдісті қолдану қажет.
Мерзімді ( кезеңдік) тексеру. Ол тоқсан соңында, оқу жылының жартысы өткеннен кейін немесе тақырыпты, блокты өткен соң белгілі бір мерзім ішінде ұйымдастырылады.
Қорытынды тексеру емтихан, есеп қабылдау жүргізуге болады. Бұндай тексеру дүниетану пәнінде оқу жылының аяғында әр класта, сол сияқты 4 кластың оқу жылының аяғында жүргізіледі. Бастауыш кластағы білім стандарттары негізінде оқушылардың білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейлері анықталады.
Географиялық диктант.
Оқушылар бастауыш кластарда көптеген шартты белгілерді оқып, үйренеді. Мұғалім оқушылардың оларды қағаз бетіне бейнелей алуын, пайдалана білуін тексереді. Мақсаты:
Берілген диктанттың шартты белгілерін анықта.
Жексенбі күні достарыммен бірге серуенге барамыз деп келістік. Таңертең мектеп алдында жиналдық. Қаладан тас жолмен шықтық. Бірақ орманға дейін соқпақ жолмен кеттік. 20 метрден кейін өзен көрдік, одан ағаш көпірден өттік. Шөлдеген соң бұлақтан суық, мөлдір су іштік. Егер де жеміс бағы болғанда алма жинап, көлде шомылар едік.
Шартты белгілерін жаз.
аралас орман
ауыл
өзен, ағаш, көпір
бұлақ
мектеп
көл, батпақ
Шартты белгілерді қолдана отырып, сұлбасын сыз.
Орталық аймақта ауыл орналасқан. Ауылдан солтүстікке қарай егістік бар, ал батысында шалғынның ортасында әдемі өзен ағып жатыр. Өзенмен ауылды жол байланыстырып жатыр. Ауылдың оңтүстік жағынан шығысқа қарай аралас орман бойымен жол, телеграф желісі өтіп жатыр.
Берілген диктанттың шартты белгілерін анықта.
Сәлеметсіңдер ме, шыңғыс пен Ержан. Мен тұрамын, ол қалың орман ішінде орналасқан. Біздің үйді
қоршап тұр, қаламен байланысады. Ауылдың шетінде
бар.
Мектептен үйіңе дейінгі жолды бақыла. Шартты белгілер арқылы өз жолыңның сұлбасын сыз. Егер керекті шартты белгілерді оқулықтан таппасаң өзің құрастыр. Қай жерлерде саған қатер төнуі мүмкін? Қызыл жалауша арқылы белгіле.