Жаңа білім негіздерін игерту, іскерлік пен дағды қалыптастыру сабақтарында өткен тақырып бойынша білім, іскерлік пен дағдыны тексеру құрылымдық элемент түрінде болмауы да мүмкін. Оның мүлде жүргізілмеуі де мүмкін, кейде жаңа тақырыпты түсіндіріп тұрғанда тірек ретінде қосуға да болады. Өтілетін материал бір сабақтың көлеміне сыймайтын болғанда аралас сабақтың орнына осы сабақ түрін таңдауға болады. Оқушылар сабақ үстінде көп сарамандақ жұмыстарды жаңа игерілген материал бойынша орындайды.
Білім бекіту және білім жетілдірусабақтарында екі дидактикалық мақсат- қайталау мен қорытындылау, сол сияқты оқушылардың білімін тексеру мен есепке алу жүргізіледі.
Жеке арнайы білім бақылау сабақтарында білім жүйеленіп, өткенді қайталау жүргізіледі. Мұндай сабақтарда қайталау жүргізіліп, білім жүйеленеді. Үлкен тақырыпты, бөлімді оқып болғаннан кейін қорытындылау әңгімелесу түрінде өткізуге болады.
Дүниетану сабақтарында кейбір арнайы тақырыптарда іскерлік пен дағды қалыптасады, ол сарамандық жұмыстар болуы мүмкін, мысалы көкжиектің тұстарын талтүс сызығы арқылы анықтаған кезде, немесе пайдалы қазбалардың қасиеттерімен танысқанда т.б.
В.А.Онищук бойынша (''Бүгінгі мектептегі сабақ'' М., 1986)
Жаңа білімді игерту сабағы
Жаңа дағды мен іскерлікті игертетін сабақ
Жаңа білім, дағды, іскерлікті қолданатын сабақ
Қорытындылау және білім жүйелеу сабағы
Білім, дағды, іскерлікті тексеретін, бағалайтын, талдайтын сабақ
Аралас сабақ
Дүниетану сабақтарында білім тексеру түрлері Жаңартылған білім беру бағдарламасына көшуге байланысты оқушы білімін бағалаудағы ерекшеліктер.
Критериалды бағалаудың құрылымы Бағалау тәсілдері пәннің мазмұнына және критериалды бағалау түріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Формативті бағалау оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және мұғаліммен тоқсан бойы үнемі жүргізіліп отырады. Формативті бағалау балл және баға қойылмастан, білім алушылар мен мұғалім арасында үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді. Формативті бағалауда білім алушы қателесу және оны түзетуге болады. Бұл білім алушының мүмкіндігін анықтау, қиындықтарды айқындау, анағұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізу, оқу процесін дер кезінде түзетуде көмектесуге мүмкіндік береді. Формативті бағалау оқудағы жетістіктердің өсуіне және дамуына тікелей ықпал ететін және мұғалім мен білім алушылар арасында кері байланысты қамтамасыз ететін процесс. Формативті бағалау оқытудың ажырамас бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығулар немесе тест ретінде қарастырылмауы қажет. Оқыту мақсаттары мен оқу бағдарламасының әрбір бөлімі бойынша күтілетін нәтижелер формативті.
Формативті бағалау – мұғаліммен үздіксіз өткізіледі, бағалау және балл қоюсыз оқу үдерісін уақытында түзетуге мүмкіндік береді және мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.
Сумативті бағалау - оқу бағдарламаларының өтпелі тақырыптары/бөлімдері аяқталғаннан кейін өткізіледі, белгілі бір оқу кезеңіндегі (тоқсан, триместр, оқу жылы, деңгейі орта білім беру) қойылған балл және бағалау
Өтпелі тақырып/бөлім үшін сумативті бағалау. Әр тоқсанда 2-3 рет мұғаліммен жүргізіледі.
Тоқсан үшін сумативті бағалау. Әр тоқсанның аяқталуы бойынша мұғаліммен жүргізіледі.
Білім бері деңгейі үшін сумативті бағалау. Бастауыш, негізгі және жоғары мектептерден соң (ҰТО) сыртқы ұйыммен жүргізіледі.
Әр тоқсанның қорытындсы бойынша баға
Оқу жылының қорытындсы бойынша баға Аттестақа кіретін қорытынды баға бағалау практикасының мазмұнын анықтайды. Мұғалім формативті бағалау процесінде оқу бағдарламасының барлық оқыту мақсаттарын қамтуы қажет. Мұғалімге көмекке оқыту мақсаттары бойынша бағалау критерилерінен, дескрипторларымен тапсырмалар үлгілерінен тұратын формативті бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды. Мұғалім білім алушылардың жеке ерекшеліктері және оқыту мәнмәтінін ескере отырып тапсырмаларды дайындайды немесе таңдайды. Әрбір тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалауда мұғалімнің шешімі шынайы болатындай тапсырмалардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Сондай-ақ, дескрипторлар білім алушы тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиналғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға сындарлы кері байланыс жасауына ықпал етеді. Жиынтық бағалау 1 сыныпта мұғалімдерге, білім алушыларға және атааналарға білім алушылардың оқу бағдарламаларының 3-4-тоқсандардағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтағаннан кейінгі балл және бағалар қойылған жетістіктері туралы ақпарат беру үшін жүргізіледі.
Баға қою механизмі Бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау қорытындыларының нәтижелерін тіркеу электрондық журналға белгіленеді. Баллдар мен бағаларды есептеу электрондық журналда автоматты түрде іске асады. Бастауыш сыныптарда тоқсандық бағаларды қою: 1 сыныпта 1 жарты жылдықта жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсандық бағалар тек 3-4-тоқсандарда қойылады. Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінен жиналады. Тоқсандық бағаларды қоюда бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық қатынаста қолданылады. Тоқсандық бағаларды қоюда бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалаумен байланысы пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес меңгерілген оқу материалының көлемі мен бөлім/ортақ тақырыптардың жиынтық бағалауы санына байланысты анықталады. Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстарда барлық рәсімдердің саны мен байланысы көрсетілген. Бұл кезде бөлім/ортақ тақырыптарды жиынтық бағалау рәсіміне 50%, тоқсандық жиынтық бағалауға – тоқсандық бағаның жалпы жиынтығының 50% бөлінеді. Журнал жүргізу Бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау қорытындылары білім алушылардың нәтижелерін тіркеудің электрондық журналына қойылады. Дәстүрлі қағаз журналда мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын белгілейді және пәннің тақырыпшасын жазады.
Өткен тақырыптар бойынша оқушыларда қалыптасқан білім, іскерлік, дағды тексеріліп, қайталау жүргізіліп, білім бекітіледі. Білім тексерудің мақсаттары:
Оқушылардың білімін тексеру
Негізгі ұғымдар мен түсініктердің қалыптасу деңгейін тексеру
Оқушылар білімін бағалау
Дидактикалық белгілеріне қарай білім тексеру: күнделікті, алдын ала, мерзімді, қорытындылау деп бөлінеді.