Су. Сүзу, қатыру, қайнату, айдау, буландыру, тұман мен шықтың түзілуі; тұздардың еруі, кристалдану, суда ауаның бар екендігі.
Ауа. Сығымдылығы, қозғалуы, ауа қысымы, құрамы және оның жану мен тыныс алу кезінде өзгеруі.
Топырақ. Құрамы, негізгі тау жыныстары (олардың қарапайым физикалық қасиеттері).
ІІ класс
Тұқым. Құрылысы мен өнуі (әртүрлі жағдайда)
Сабақ. Сабақтың кесіндісі (қабық, сүрек, өзек); сабақтың негізгі түрлері (ағаштекті, шөптесін, түйнек, тамырсабақ, пиязшық). Сабақта бүршік, жапырақ пен гүлдің орналасатындығы; шырынның сабақ бойымен жоғары көтерілуі.
Өркен. Құрылысы (пиязшық пен салыстыру), жер асты сабақтарындағы өркендер, өркендердің дамуы.
Тамыр. Тамыр түрлері, түр өзгерістері.
Жапырақ. Жапырақ бөлімдері, қабығы, лептесіктер, түктер, түктер, жапырақтың тағайындалуы.
Гүл. Гүлдің ашылуы, бөлімдері және олардың тағайындалуы.
Жеміс. Жемістің дамуы, оның негі згі бөлімдері, тұқымдар, олардың таралуы.
Споралар. Олардың өнуі.
ІІІ класс
Қаңқа. Оның маңызы. Балық, құс және сүтқоректілер қаңқасының негізгі айырмашылықтары; жәндіктер және басқа буынаяқтылардың сыртқы қаңқасы; бұлшықеттердің қызметі.
Асқорыту мүшелері. Қарын жай және күрделі; асқорытылу жөнінде түсінік.
Қан айналу мүшелері. Сүтқоректілер мен балықтардың қан айналымы.
Тыныс алу мүшелері. Сүтқоректілердің, балықтардың тыныс алу мүшелері; тыныс алуы.
Сезім мүшелері. Бұл мүшелердің тағайындалуы. Жүйке туралы түсінік. Омыртқалылардың тері жабыны; ұлулардың бақалшығы; жабындардың тағайындалуы. Жануарлардың мүшелерін қарастырғанда адамның сәйкес мүшелерімен қатарынан таныстыру.
Жаратылыстанудың осы бағдарламасы соңынан мектепке тұрақты табиғаттану деген атпен енді. Бастауыш мектептегі жаратылыстанудың барлық оқулықтары осы құрылым бойынша әртүрлі нұсқада жарық көре бастады.
1902 жылдың күзінен бағдарлама мектепке енгізілді.Бұл пән бастауыш мектепте ‘’табиғаттану’’ деп аталды. Оқу материалы төмендегідей бөлінді:
1 класс. Өлі табиғат
2 класс. Өсімдіктер
3 класс. Жануарлар мен адам
Жаратылыстану әдістемесінің жалпы сұрақтарынан басқа ХХ ғасырда Ресейде жаратылыстанудың жеке әдістемесі құрастырыла бастады , оның бастамасын А. Я. Герд қалаған. Педагог – жаратылыстанушы Л. С. Севрук бастауыш кластардағы табиғаттану әдістемесінің дамуына маңызды үлес қосты Бастауыштағы табиғаттану курсынан жеке сабақтардың, әсіресе өлі табиғат бөлімі бойынша нұсқаулары әдістеменің негізін қалады. Өз уақытында ол жалғыз нұсқау болып есептелді, бастауыштағы жаратылыстануды оқыту әдістемесі мен мектептегі оқыту техникасына арналып, келесі мазмұнда жазылды: өлі табиғат- өсімдік- жануар
Революцияға дейінгі Ресей мектептерінде жаратылыстануды оқыту әдістемесі қандай бағытта дамыды? Революцияға дейінгі алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесінде көптеген әдістемелік нұсқаулар құрастырылды. Оқушылардың өзбетімен жұмысы көмегімен білім белсенді түрде меңгертілді. Бұл принцип сарамандық жұмыстар (сабақтар) мен танымжорықтар арқылы жүзеге асырылды. Герд өлі табиғатты оқытуға арналған сарамандық сабақтардың әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Соңынан олар Л.Н.Никонов, К.П.Ягодковскийеңбектерінде толықтырылып, дамытылды. Тірі ағзаларды оқытатын сарамандық сабақтарды ең алғаш рет В.В.Половцев, Б.Е.Райков жазды. Сонымен ХХ ғасырдың бастапқы он жылында педагог-ғалымдардың еңбектері арқылы мектептегі жаратылыстану курсының барлық бөлімдеріне лабораториялық жұмыстардың нұсқаулары құрастырылды. Мектепке белсенді түрде оқушылардың өзбетімен жұмыстары енгізілді.
Мектеп тәжірибесіне танымжорықтардың енуі сарамандық сабақтардың ену тарихындай. Табиғатты оқып үйренуде танымжорықтарды өткізудің қажеттігі жөнінде Герд нұсқаған болатын. Бірақ сабақтың осы формасы нашар игерілді. 1902 жылы жаңа бағдарлама қабылданғаннан кейін танымжорық ісі жаңа фазаға енді. Танымжорықтар жүйесі ойластырылды, жылдар бойынша мектептердің танымжорықтық жоспарлары құрылды, мектеп танымжорықтарын өткізу әдістемесі құрастырылды.
Осымен қатар жаратылыстануды оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары дамыды және жазылды. 1911 жылы Б.Е.Райков жаратылыстану ғылымдарын оқытудың тәжірибелік- зерттік әдісін қолдану туралы пікірін ұсынды. Оқушыларға заттар немесе ағзалар үлестіріліп, олардың қасиеттері мен құрылыс ерекшелерін зерттеу арқылы анықтау тапсырылады. Мектеп тәжірибесіне зерттеу принципі мықтап енді. Бұл әдістің негнізгі сипаттамасы- оқушылардың өз бетімен жұмысы, оқу материалын өңдеудің тәжірибелік сипаты. Зерттік- тәжірибе әдісі көпшілік қолдауын тауып, жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлкен әсерін тигізді.
1916 жылы К.П.Ягодовскийдің ‘’Бастауыш мектептегі жаратылыстанудан сарамандық сабақтар’’ жазған еңбегінің маңызы зор, ол бастауыш класс мұғалімдеріне әдістемелік нұсқау болып табылады. Курсқа жаратылыстану әдістемесінің жеке және жалпы теориялық бөлімдері енді. Ол Л.С.Севруктың ескірген оқыту құралының орнына шығарылды және бастауыш мектепте жаратылыстанудың пән ретінде бекуіне үлкен әсерін тигізді.
Жаратылыстануды оқыту төңірегіндегі ірі әдіскер А.Я.Гердтің ұлы В.А. Герд болды. Өзінің ‘’Бастауыш мектептегі ерекше пән- жаратылыстану’’ деген еңбегінде ол бастауыш мектепте жаратылыстануды өзінің әдісі бойынша оқытуды талап етті. Кітаптың үлкен тарихи маңызы бар. Ол жаратылыстануды оқытудағы ‘’белсенділіктің’’ жарқын жақтаушысы болды. Оқытуда зерттік бағыттағы типтік мектеп ұйымдастыруға өз үлесін қосты.
Осылайша, революцияға дейінгі Ресейде жаратылыстанудан педагогикалық жұмыстар жеткілікті белсенді деңгейде жүргізілді, бірақ алдыңғы қатарлы әдістемелік идеяларды мектеп жұмысының тәжірибесіне енуі баяу және үлкен қиындықтармен өтті. Жаратылыстану үшінші дәрежелі пән болып есептелді.