Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет7/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

П.П.Семенов-Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізгенде Шоқанмен ақылдасып отырған. Ыстықкөл сапарының біраз жерін екеуі бірге аралаған. Шоқан еңбектерін ол жоғары бағалады. Шоқан сол өлкенің жаратылысы, тарихы, этнографиясы жайлы көп мәліметтер жинайды,шығыс тарихына байланысты тың деректер табады. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүние жүзілік география ғылымына қосқан зор жаңалығы болып есептеледі.
2. ХХ ғасырдағы жаратылыстануды оқыту әдістемесінің дамуы.
Совет мектептерінің ең алғаш ашыла бастауында негізгі міндет – жаңа типтегі мектептерді құру. 1920 жылдардағы қабылданған жаратылыстану бағдарламаларында оқу пәні ретінде І баспалдақтағы мектептерде ІІ-ден V кластарда, ІІ баспалдақты мектептерде пәндік оқыту жүргізілді. Бағдарламаны құрастыруға қатысқандар В. Н. Верховский, Б. Е. Райков, А. А. Яхонтов жаратылыстану бағдарламасының негізіне алдыңғы қатарлы педагогикалық ойлардың принциптері алынды: зерттік әдіс, сарамандық - лабораториялық сабақтар өткізуге қажетті жабдықтар тіпті ескі болды. Сол себепті бірінші ретке танымжорықтар қойылды. Олар ерекше жабдықтарды талап етпегендіктен, сол кездің мектептері жағдайларында өткізуге болды. Мектеп лабораторияларындағы жұмыс танымжорықтарда жиналған материалды оқып үйрену, талдаудан тұрды. Танымжорықтың станциялар, жас натуралистердің биостанцияларын құру жөнінде белсенді жұмыс басталды. Жаратылыстанушы – педагог Б.В. Всесвятский юннаттар қозғалысын ұйымдастыруды, кейінне ол бүкіл Одаққа таралды, жаратылыстанудан сыныптан тыс жұмыстың негізгі бір типке айналды.
1923 жылы мектептің жаратылыстану курсында өзгеріс болды. Мемлекеттік ғылыми кеңес (МҒК) пәндерді жеке оқытудың орнына комплексті бағдарламалар құру идеясын ұсынды.
Жаратылыстануды оқытуға ауылшаруашылығы мен фабрика-заводтарды дамытуға қажетті табиғат жағдайын анализдейтін материалдар ғана сұрыпталып алынды. Бұл жүйелі құрылған жаратылыстану курсының жойылуына әкелді. Бірақ та бастауыш мектепте табиғаттану пәнінің жалпы принциптері сақталды. 1927 жылы МҒК түпкілікті бағдарламаларды қабылдады. Төменде оның бағдарламасы келтірілді.
І сынып.
Өлі табиғат жөнінде кейбір мәліметтер; кейбір өсімдіктер, үй және жабайы жануарлар жөнінде мәліметтер; адам денесінің сыртқы құрылысы жөнінде кейбір ұғымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет