Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет4/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Д.Н.Кайгородов жаратылыстану эксперті ретінде шақырылды. Ол өзінің бағдарламасын ұсынып, онда жаратылыстануды оқыту ‘’табиғат жатақханалары бойынша’’ жүргілу қарастырылды. Кайгородовтың өзі жаратылыстанушы ретінде танымал. Ол- табиғат жайлы ғылыми-көпшілік кітаптар серияларының авторы. Бірнеше жылдар бойы ол табиғат туралы қолжазбаларын баспадан шығарады, Россиядағы фенологияның даму бастамасын салды. Мектепте табиғатты оқыту міндеттерін Кайгородов балаларды табиғатты көру, есту, және түсіну, онымен үндесіп, өзін оның бөлінбес бөлігі ретінде сезіну және онымен сырласа алуға үйрету деп көре білді. Кайгородовтың пікірі бойынша табиғат өсіп келе жатқан ұрпақты рухани - әлеуметтік сауықтыруға қызмет етуі керек. Сондықтан баланың табиғатты қабылдауын төмендететін анатомды-морфологиялық және физиологиялық мәліметтер.
Кайгородов бағдарламасында табиғатты оқып үйретуге табиғи бірлестіктер біртұтас ‘’жатақханалар’’ түрінде енген. Ол алты осындай жатақханаларды бөліп берді: орман, дала, бақ, шалғын, өзен және тоған. Әрбір бірлестік алғашқы үш класта жыл мезгілдеріне байланысты қарапайымнан күрделіге қарай оқылуы тиіс болды. Сонымен қатар Кайгородов жүйелі ғылыми-жаратылыстану білімінің қажеттігін жоққа шығарды. Сондықтан жаратылыстанушы- педагогтар мен ғалымдар оның бағдарламасына қарсы шықты, онда білім жүйелілігі бұзылатындығы, танымжорықтардың лабораториялық практикуммен ауыстырылғандығы атап көрсетілді. Бағдарламаны жақтаушылар гимназия және училищелердің директорлары мен оқу орындарының басшылары болды. Олар бағдарламада алдыңғы орынға тәрбие міндеттерін қоя білді.
Халық ағарту Министрлігі осындай екі жақты пікір-тартыстан кейін оны қайта қарап, Кайгородов бағдарламасын алғашқы үш класта едәуір қысқартты. А.Я. Гердтің бастауыш мектепке ұсынған жоспарын негізге алып, Петербург университетінің зоологы профессор В.М. Шимкевичтің құрастырған жаңа бағдарламасы алынды. Бағдарлама келесі мазмұнда болды:
І класс
Қатты, сүйық және газ денелермен таныстыру. Денелердің қыздырғанда кеңеюі (ұлғаюы); термометрмен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет