Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Жануарларды топтастыр, ата



бет66/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

1. Жануарларды топтастыр, ата :
Келесі өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы қоректік байланысты құрастыр: түймедақ, бүркіт, бақа, инелік, тырна, шыбын, түлкі.
Ауызша тексеру сұрақтары:

  1. Шұбалшынның пайдасы қандай?

  2. Құстардың табиғаттағы маңызы қандай?

  3. Жыртқыш аңдардың табиғаттағы маңызын түсіндір

  4. Суды тазартудағы су жануарларының рөлін түсіндір

  5. Адам өміріндегі сүтқоректі жануарлардың маңызы қандай?

  6. Құстардың адам өміріндегі маңызы неде?

  7. Балықтардың адам өмірінде маңызы

  8. Бунақденелілердің адам өміріндегі маңызы қандай?

  9. Жануар шаруашылықтарының салаларын ата

  1. Жаңа білім, іскерлік, дағды қалыптастыру.

  1. Адам әрекетінен өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болатын елеулі өзгерістер.

А. Егін салуға жерді жырту
Ә. Ормандар мен тоғайларды кесіп ғимраттар салу
Б. Тіршілік ортасының ластануы (топырақ, су, ауа)
В. Табиғатта өзін ұстау ережелерін сақтамау
Г. Шамадан тыс жануарлар мен өсімдіктерді тұтыну, аулау, жинау

  1. Қазақ жеріндегі өсімдіктер мен жануарлар түрлері, олардың ішінде жойылу қаупі барлары

  2. Адам әрекеті және өсімдіктер мен жануарлардың жойылу себептерінің арасында қандай байланыстылық бар? Мысалмен ашып беріңдер.

  3. Табиғатты қорғау жұмыстары:

А. Қорықтар, қорықшалар, табиғат ескерткіштері, ботаникалық бақтар мен зоопарктер
Б. Қызыл кітап (Қызыл кітап жайлы алдын ала берілген тапсырма бойынша оқушы хабарламасы)
В. Шығыс Қазақстан өңіріндегі қорықтар: Батыс Алтай, Марқакөл, Алакөл
Г. Қазақстан қорықтары: Батыс Алтай, Марқакөл, Алакөл, Алматы, Ақсу- Жабағылы, Барсакелмес, Үстірт,
Қорғалжың, Наурызым
(Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша Қазақстанның қорықтары жөнінде оқушылардың хабарламалары.)

  1. ''Қызыл кітап'' буклетін пайдаланып, оқушылар жауабын толықтыру. Кесте және видеофильм көру арқылы Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар, өсімдіктермен таныстыру. Жануарлар: арқар, қызыл қасқыр, мәлін, қарақал, ақбастырна, аққу, реликті шағала, жапалақ, қарақұйрық, құлан, үлкен басты кесіртке- агама т.б.

Өсімдіктер: тобылғы, шолпанкебіс, ақбас селеу, жаушұмылдық, тамырлы жуа, түпті жуа, тұңғиық, меруертгүл т.б. Қазақстанда өсімдіктердің 5,6 мыңнан астам түрлері бар. Оның 760-тан астам түрі эндем өсімдіктер, яғни тек Қазақстан жеріне тән өсімдіктер, 1500-ден астам түрі азықтық, техникалық өсімдіктер, 385-тен астам түрі Қызыл кітапқа енгізілген.

  1. 1996 жылы жарық көрген Қазақстанның Қызыл кітабының 3-ші басылымы жарық көрді, онда балықтың- 16, қосмекенділердің-3, жорғалаушылардың-10, құстардың- 56, сүтқоректілердің-40 түрі тіркелген. Кітапта қорғау шаралары, Қазақстанның картасы, қазіргі тараған аймағы көрсетілген. Қызыл кітаптың дүниежүзілік Қызыл кітаптағыдай:

- ақ беттеріне сандары азайып келе жатқан, бірақ құрып кету қаупі жоқ сирек түрлер енгізілді.

  • сары беттерінде саны күрт азайып отырған түрлер жазылған.

  • Жасыл беттерінде табиғатқа ұқыптылықпен қарау нәтижесінде сандары қалпына келтірілгендер орналастырылған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет