Жаратылыстану негіздері



бет10/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Бақылау сұрақтары:
1. Өсімдік клеткасының қүрылысы және қызметі қандай?
2.Өсімдік клеткасының қасиеттері туралы түсіндіріңіз.
3.Өсімдік ұлпалары дегеніміз не?
Лекция 5-6 Өсімдіктердің вегетативті мүшелері
1. Өсімдік құрылысындағы жалпы заңдылықтар
2. Тамыр және оның атқаратын қызметі
3. Метоморфоз түсінігі

Өсімдік құрылысындағы жалпы заңдылықтар


Жеке мүше – белгілі бір құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқаратын ағза бөлігі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер ағзалары екі топқа жіктеледі: вегетативті және генеративті немесе репродуктивті. Вегетативті мүшелер өсімдік денесін құрайды және оның тіршілігіне қажетті функцияларды атқарады, жеке особтің жеке тіршілік етуіне,вегетативтік жолмен көбеюіне жағдай жасайды. Вегетативтік мүшелер: тамыр, сабақ және жапырақ.
Репродуктивті мүшелер ұрпақ қалдыру қызметін атқарады. Жабық тұқымдылар үшін ол гүл және онығ құраушылары (тұқым және жеміс)
Прокариоттар мен төменгі сатыдағы өсімдікрерде және саңырауқұлақтарда вегетативті органдары болмайды. Олардың денесі мүшелерге жіктелмеген.
Өсімдіктер мүшелеріне бірнеше жалпы заңдылықтар тән.
Органография жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің органдары вегативтік және репродуктивтік (генеративтік) болып бөлінеді. Вегетативтік органдар өсімдіктің денесін түзеді және оның тіршілік әрекетінің негізгі қызметін атқарады. Тіптен вегетативтік жолмен көбеюінде жүзеге асырады. Оларға тамыр, сабақ жөне жапырақ жатады. Жапырағы ^коне бүршігі бар сабақты өркен деп атайды. Репродуктивтік (генеративтік) органдар жыныстық жолмен көбеюді қамтамасыз етеді. Жабық тұқымды өсщдіктерде оларға гүлді және оның өнімдері болып табылатын дән мен жемісті жатқызады. Өсімдіктердің органдарына тән кейбір жалпы заңдылықтарды атап көрсетеміз. Симметрия. Егер өсімдіктің органы арқылы тек бір ғана көлденең симметрия жүргізуге болатын болса, онда мұндай органды моносимметриялы деп атайды (мысалы жапырақ). Ал егер өсімдіктің органы арқылы бірнеше симметрия жүргізуге болатын болса, онда мүндай органды полисимметриялы деп атайды (мысалы сабақ, тамыр). Кррама-кцрсылык, (полярность). Вегетативтік органның немесе оның бөлігінің екі полюсі болады: терминалъды (үстінгі) және базальды (төменгі). Терминальды бөлігінде тек сабақтар, ал базальды бөлігінде тамырлар пайда болады.
Геотропизм. Бүл өсімдіктердің органдарының кеңістікте белгілі бір бағытта өсуге қабілеттілігі. Өсімдіктің дәні топырақта қандай жағдайда ж атпасы н, тамыр барлық уақытта томен қарай (дүрыс геотропизм) өседі. Өстік органдар сабақ және тамыр жердің бетіне вертикаль бағытта (ортотропты органдар), ал жапырақ — белгілі бір бүрыш жасап орналасады (плагиатропты органдар).
Метаморфозғи ұшыраған (түрі өзгерген) органдар. Бұл мынадай органдар, өскен ортасының әсеріне байланысты, немесе белгілі бір қызмет атқаруына байланысты тұрақты тұрде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, қалыптасқан бір функцияның артуы. Әдетге ол формалардың күрт өзгеруімен және кейбір функцияларының жоғалуымен жалғасады. Метаморфозға ұшыраған оргаңдар, бейімдеушіліктің эволюциясының реальды түрде жүзеге асуыньщ бірден бір көрінісі больш табылады. Оларды аналогиялық және гомологиялық деп бөледі. Аналогиялық деп қүрылысы жағьшан ұқсас және атқаратын қызметгері бірдей, бірақ шығу тегі әртүрлі больш келетін органдарды айтады. Мысалы, бөріқарақаттың (барбарис) тікеңдері жапырақтан, ал долананың (боярышник) іікендері бүтақтан пайда болған, сол секілді ас бүршағының мұрпиасы жапырақтан, ал жүзімнің мүргшасы сабақтан жетіледі. Гомологиялық деп, шығу тегі бір органдарды айтады. Олар құрылысы жағынанда ұқсас болуы мүмкін, мысалы раушанның (шиповник, роза) және қарлығанның (крыжовник) тікенектері (екеуі де сабақтың сыртқы ұлпаларыньщ өсінділері). Алайда көп жағдайда олар ұқсас бола бермейді, мысалы пияздың баданасы
2.Тамыр жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктердің негізгі вегатативтік мүшесінің біреуі . Өсімдік тамыр арқылы топыраққа бекінеді. Тамыр оны зәкір сияқты мықты ұстайды, сондықтан қатты дауыл өсімдікті тамырмен жұлып ала алмауын айтпағанда, оны құлатуы сирек кездеседі. Тамыр тармақталып тамыр жүйесін түзеді. Онда негізгі, қосалқы және жанама тамырды ажыратады. Өсімдіктерде негізгі тамыры жақсы дамыған кіндік тамыр жүйесі (сарғалдақ, үрмебұршақ, бақ-бақ) және негізгі тамыры нашар дамыған немесе ерте солып қалатын шашақ тамыр жүйесі ( күріш , бидай , жуа) болады. Мықты тамыр жүйсі өсімдікті тек топыраққа бекітіп қана тұрмайды, топырақтан су мен онда еріген қоректік заттарды сіңіреді. Ал кейбір өсімдіктерде, мысалы, сәбіз, қызылша мен шалғамда негізгі тамыр мен өркеннің негізгі қоректік затты жинайтын орын болып табылады. Ал нарғызгүл (георгин) өсімдігінде қоректік зат қосалқы тамырда жинақталады.
Оттегі аз топырақта өсетін кейбір өсімдіктер (мысалы, тропиктік мангр ағаштары) ауа тамырларын түзеді. Бұлар жер асты жанама тамырлардан дамып, су не топырақ бетінен тік жоғары көтеріліп, өсімдіктің жер асты бөлігін ауамен қамтамасыз етеді. Ал, кейбір өсімдіктерде (мысалы, тропиктік бадьян өсімдігінде) сүйеме тамырлары болады. Сабағы әлсіз өсімдіктер ілме тамырларының көмегімен қабырға бойымен, көрші ағаш діңіне сүйеніп, жоғары өседі.
2.Өсімдіктің тағы бір маңызды мүшелерінің бірі-өркен. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар және бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен негізінен сабақтан және жапырақтардан тұрады.
Бүршік-жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады.
Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегатативтік мүшесі.Оның атқаратын қызметі- фотосинтез, споралы өркендер сол сияқты гүл де көбею қызметін атқарады .
Өркеннің тамырдан басты айырмасы жапырақтың болуы. Сабақтың жапырақ өсіп тұрған тұсын буын деп атайды. Кейбір өсімдіктер тобында астық тұқымдастарда, қалампырларда, қырық буындарда сабақтың буын орналасқан жері біреуленіп айқын білініп тұрады, ал кейбір өсімдектерде ол нашар байқалады. Егер жапырақ немесе жапырақтар шоғы сабақты толық орап алса, онда ол жабық буын, ал жапырақ буынды қоршамай орналасса ашық буын деп аталады.
Сабақтағы бір буыннан екінші буынға дейінгі қашықтық буын аралығы делінеледі. Сабақтың жапырақ орналасқан буындағы жапырақ пен сабақ бөлігінің арасындағы бұрыш жапырақ қолтығы деп аталады. Өсімдіктердің алуан тірлігініне қарай буын аралығынын қашықтығы да түрліше болады Егер буын аралықтары бір-біріне жақын болса, оны қысқарған өркен деп атайды. Капуста, қызылша, сәбіздің бас бөлігіндей бірінші жылғы жертаған жапырақтары егер буын аралықтары бір-біріне қашық болса оны ұзарған өркен деп атайды.
3. Сабақ жапырақтарды жарыққа шығарады, онда бүршіктер, дамып келе жатқан өркендер, гүлдер мен жемістер орналасады. Сабақ өсімдікке тіреу қызыметін атқарады, оның барлық бөліктерін бір-бірімен байланыстырады, оның бойымен су, минералды және органикалық заттар қозғалады. Сонымен қатар сабақ қор жинау қызыметін де атқарады, мысалы, картоп түйнегі, құртқашаштың тамыр сабағы.
4. Жапырақ сабақтың бүйір жағында орналасады және көбіне оған сағақ арқылы бекінетін жапырақ тақтасынан тұрады. Көп өсімдіктер жапырақтарының сағағы болмайды, мұндай жапырақтарды отырмалы деп атайды. Жапырақтың төменгі жағы оның негізгі, ал сағақ өсінділерін қосалқы жапырақтар деп атайды. Дегенмен өсімдіктердің барлығында қосалқы жапырақтар (мысалы, бөртегүлде, інжугүлде) мен сағақтары (зығырда, элодеяда, қалампырда) болмайды.
Жапырақтар сонымен қатар жапырақ тақталарының санына байланысты ажыратылады. Мысалы, қайың мен жөке ағаштары жапырақтарының бір ғана жапырақ тақтасы болады-бұл жай жапырақтар. Шеген, қараған, итмұрын жапырақтарында бірнеше жапырақ тақталары бар-бұлар күрделі жапырақтар.
Жапырақ - өсімдіктің ең маңызды өсімдік мүшесі. Жапырақтың құрылысы: 1. Жапырақ тақтасы 2. Сағақ.
Сағақты және сағақсыз жапырақ болады. Сағақсыз жапырақтың жапырақ тақтасы болады.
Жапырақ алақандарының пішіндері.

  1. Жебе

  2. Бүйрек

  3. Жүрек

  4. Қылқанды

  5. Ромб

Жапырақ жиектерінің түрлері.

  1. Ойыс жиекті

  2. Дөңес жиекті

  3. Ара тісті жиекті

  4. Бүтін жиекті.

Жапырақ жүйкелері.

  1. Тор жүйкелі

  2. Қатар жүйкелі

  3. Доға жүйкелі

Жапырақта күрделі тыныс алу, қоректік заттардың түзілу және булану процестері жүреді. Кейбір өсімдіктердегі жапырақтар өзгеріп жапыраққа тән емес қызыметтер атқарады: кактус тікенектері-қорғаныш қызыметін, бұршақ мұртшалары-тірек қызыметін: өсімдіктің жіңішке сабағын тік қалыпта ұстап тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет