Бақылау сұрақтары:
1. Тамыр және оның атқаратын қызметі қандай?
2.Өркен және оның негізгі элементтері қандай?
3.Сабақтың құрылысы мен негізгі қызметтерін түсіндіріңіз.
4.Жапырақ және оның маңызы туралы түсіндіріңіз.
Лекци № 7-8 Өсімдіктердің генеративтік мүшелері
Жоспары:
Генеративті мүшелердің қызметі
Гүл, гүл бөліктері және олардың қызметі
1.Көбею – тірі организмнің жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталып, табиғатта таралуы қамтамасыз ету қасиеті. Көбею кезінде өсімдіктердің кейбір түрлерінде дара сандарының артып, өз ортасында кең таралып, жаңа кеңістіктерді қамтиды. Бұл прогрессивті түрлерге тән. Ал кейбіреулері кеміп отырады. Бұл регрессивті түрлерге тән. Көбеюдің 3 кейпін ажыратады. Олар:
1) жынысты көбею кезінде жаңа организм әр түрлі жыныс клеткалардың қосылуынан пайда болады;
2) жыныссыз көбеюде жаңа организм жыныс тұрғысынан жіктеле қоймаған бір клетканың өзінен жетіледі;
3)вегетативті көбеюде жаңа организмге бастаманы вегетативті мүшелер, олардың бөліктері және түр өзгерістері береді.
Жынысты көбеюде физиологиялық қасиеттері тұрғысынан айырмасы бар гаметалар қосылып, зигота пайда болады. Гаметалардың цитоплазмасы мен ядросы қосылып, зигота ядросы диплоидты хромосомасына ие болады. Мұнда тұқым қуалаушылық қасиеттері бірігіп, жас ұрпаққа өтеді. Өсімдіктерде гаметалардың әр түрлі болуына байланысты, жыныстық көбеюі түрліше болады.
1.Хологамия – (гр. “холос”-тұтас, “гамео”-некелесу). Бір клеткалы балдырларда кездеседі. Қосылған екі клетка сырт көрінісі бойынша бірдей.
2.Изогамия - (гр. “изо” –тең) , мұнда қосылатын гаметалар пішіні, көлемі жағынан бірдей, физиологиялық ерекшелігі бар, аналық гамета (+), ал аталық гамета (-) таңбасымен белгіленеді.
3.Гетерогамия - (гр. “гетерос” - әр түрлі, өзгеше) гаметалардың пішіні, көлемі жағынан әр түрлі. Аналық гамета аталықтан ірі болады және баяу қозғалады.
4.Оогамия – гаметалардың біреуінің көлемі үлкен, қор заты мол, қозғалмайтын (аналық), екінші гаметаның көлемі кіші, талшықтары арқылы қозғалады, ядросы ірі (сперматозоид).
Гаметалар гаметангийде жетіледі. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жұмыртқа клеткасы пайда болатын гаметангийлар оогонийлар (гр. “оон” – жұмыртқа, “генес” – туу, шығару) деп, ал жоғары сатыда архегонийлар (гр. “архегонос” – алғашқы) деп аталады.
Гүл дегеніміз түрі өзгерген қысқарған өркен. Ол микро- және мегаспоралар, гаметалар түзуге және айқас тозаңдануға бейімделген. Тозанданудың және одан әрі жы- ныстық процестің (ұрықтанудың) негізінде тұқым мен жеміс түзіледі.
Кұрылысы. Гүлдің сабақтық бөлігі сағақтан және гүл тұғырынан (табанынан) тұрады. Гүл тұғырының формасы алуан түрлі болады. Конус тәріздіден жалпақ тақтаға, кейде тіптен ойыс бокал тәрізді формаға дейін кездеседі. Гүл тұғырьша түрі өзгерген жапырақтар (гүл жапырақшалар) орналасады: тостағанша жапырақшалар, күлте жапырақшалар, аталықтар, аналықтар. Көп жағдайда олар шеңбердің бойымен орналасады. Мұндай гүлдерді циклдық (циклический) деп атавды. Циклдық гүлдер әдетге бес неме- се төрт қатар шеңбер түзеді: бір қатар шеңберді тостағанша жапырақшалар, бір қатарды- күлте жапырақшалар, екі неме- се бір қатарды аталықтар, бір қатарды- аналықтар түзеді. Гүл жапырақшалары гүл тұғырына спиральдың бойымен орналасқан гүлдерді ациклдік (ациклический) гүлдер деп атайды. Гүл жапырақшаларының біреулері гүл тұғырына шеңбердің бойымен, ал екіншілері спиральдьщ бойымен орналасқан болса, онда мұндай гүлдерді аралық немесе гемициклдық (гемициклический) гүлдер деп атайды.
Жыныстық органдарына қарай бөлінуі. Егер бір гүлде аталық пен аналықтың екеуіде болса, онда мұндай гүлді қосжынысты деп атайды (гермафродитті). Дара жынысты гүлдердің не аталықтары, не аналықтары болмайды. Соған байланысты оларды аталық және аналық гүлдері деп бөледі. Егер бір өсімдікте аталықта, аналықта гүлдер болса, онда мұндай өсімдікті бір үйлі өсімдік деп атайды. Егер аталық гүл бір түрдің бір экземплярында, ал аналық гүл екінші экземплярында болса, онда мұндай өсімдікті екі үйлі өсімдік деп атайды
ГҮЛ СЕРІГІ
Бұл гүлдің ұрықтануға қабілетсіз бөлігі. Ол қорғаныштық қызмет атқарады және сонымен бірге гүлді тозаңдыратын насекомдарды өзіне еліктіріп, шақырып түрады. Гүл серігі түсінің бояуы әртүрлі болып келетін тостағанша және күлте жапырақшалардан түратын болса, онда оны қосарланған гүлсерігі деп атайды (двойной околоцветник). Ал егер гүлсерігі бір түске боялған болса, онда оны қарапайым гүлсерігіне жатқызады. Қарапайым гүлсерігі не тостағанша жапырақшалардан, не болмаса күлте жапырақшалардан тұрады. Қарапайым тостағанша жапырақшалардан тұратын гүлсерігі әдетте жасыл, ал қарапайым күлте жапырақшалардан тұратын гүлсерігі ашық түске боялған болып келеді. Гүлсерігі болмайтын гүлдерді жалаңаш гүлдер деп атайды. Бұларға тал (ива) мен шаған (ясень) мысал бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |