Жаратылыстану негіздері



бет12/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Тостағанша жапырақшалар
Әдетте олар үлкен болмайтын жасыл жапырақшалардан түрады (тостағанша жапырақшалардан). Кейде тостағанша жапырақшалар ашық түске боялған болып келеді. Бұл жағдайда олар күлте жапырақшалардың ролін арттырып, гүлдің тозаңдануына ықпал жасайды.
Аталық. Қалыпты жағдайда аталық екі бөліктен түрады — аталық жіпшесінен және тозаңқаптан (тозаңдықтан). Аталық жіпшесі өсімдіктердің көпшілігінде қарапайым, тармақталмаған болып келеді. Алайда олардың кейбіреулерінде, әртүрлі формада, бүйірлік өскіншелер жетіледі немесе бұтақтанады. Егер аталықтың жіпшесі болмаса, онда оны отырмалы аталық деп атайды.
Аналық. Бұл бір немесе бірнеше жеміс жапырақшалардың бірігіп кетуінің нәтижесінде түзілетін, тұқым бүрлері орналасатын жабық қуыс (гүл түйіні, плацента). Аналық гүл түйінінен, аналықтың мойнынан және аналықтың аузынан түрады. Кейде аналықтың мойны болмайды, бұл жағдайда аналықтың аузы отырмалы болып келеді.
Гүл түйіні гүлдің басқа бөліктеріне қатынасына қарай жоғарғы және төменгі болып келеді. Жалпақ, дөңес немесе ойыс болып келген гүл тұғырына гүлдің қалған мүшелері бос орналасса және гүл түйіні тек жеміс жапырақшалардан түзілсе, онда мұндай гүлдің гүл түйіні жоғарғы болып келеді
Тозаңдар пісіпжетілген соң, тозаңқап (тозаңдық) қақырап ашылады, одан шашылған тозаң аналықтың аузына келіп түседі. Бұл процесті тозаңдану деп атайды. Тозаңданудың екі түрлі жолы бар: өздігінен тозаңдану және айқас тозаңдану
Өздігінен тозаңдану тек қосжынысты гүлдерге ғана тән. Бұл жағдайда бір гүлдің өзінің аталық тозаңы сол гүлдің аналығының аузына барып түседі. Ол ашылмайтын гүлдерде (клейстогамды) айқын байқалады. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерді автогамиялық (грек, авто-өзін, голос-одақ) өсімдіктер деп атайды (бидай, арпа, сұлы, күріш және т.б.).
Ч.Дарвиннің айтуы бойынша, айқас тозандану эволюцияның барысында біршама жетілгенін көрсетеді (прогрессивтік белгі). Айқас тозанданғанда жаңа пайда болатын ұрпақ атасы мен анасының екеуінің де кейбір қасиеттерін бірдей қабылдауы мүмкін, ал оның өзі осы ұрпақтың әр түрлі ортаға өмір сүруге бейімделушілік қабілетінің артуына мүмкіндік береді. Өсімдіктердің басым көпшілігі айқас тозанданады. Тозаңның бір гүлдің аталығынан екінші гүлдің аналығына келіп түсуінің мынадай жолдары бар: анемофилия (жел арқылы), гидрофилия (су арқылы), энтомофилия (насекомдар арқылы), орнитофилия (құстар арқылы), мирмекофилия (құмырсқалармен) және т.б. Гүлдердің өзін тозандандыратын белгілі бір насекомдарға бейімделушілігі жиі байқалады. Мысалы, беденің түрлерінің ұзын түтікке біріккен күлте жапырақшалары болады, бүл жағдайда тек түкті аралармен (шмель) кейбір ұзын тұмсықты аралар ғана одан шірнеліктерді ала алады және айқас тозандандырады. Бүл жағдайда беденің (клевер) және оларды тозаңдандыратын насекомдардың белгілі бір территорияда табиғи жағдайда таралуы (ареалы) сәйкес келуге тиісті.

Ұрықтыну
Бүл екі жыныс клеткасының қосылуы арқылы жүретін процесс, яғни аталық және аналық гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Жабық тұқымды өсімдіктердің аталық гаметасын спермия, ал аналық гаметасын — жұмыртқа клеткасы деп атайды
Тұқым дегеніміз тұқымды өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше (орган). Ол сырты жеміс қаппен (спермодерма) қапталған ұрықтан және қор жинайтын ұлпадан тұрады. Өсуге қолайсыз жағдайда (салқында, құрғақшылықта) тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақ уақыттар бойы жата беруі мүмкін. Қолайлы температурада және ылғал жеткілікті болған жағдайда тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшерде келіп тұрса ісініп өседі.
Тұқым түрлері
Қор заттарының қай жерде жиналуына байланысты: эндоспермде, периспермде, ұрықта, эндоспермде және периспермде, эндоспермде және ұрықта тұқымның бес типі болады.
Жеміс- Жеміс дегеніміз тұқымды қорғауға, ал кейбір жағдайларда оларды таратуға арналған мүше. Жеміс гүлден, ұрықтану процесінен кейін, ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуінде негізгі рольді гинецей атқарады. Кейбір өсімдіктер ұрықтану процесі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды, олар әдетте дән байламайды (жүзімнің, алмұрттың, цитрус тектес- тердің кейбір сорттары). Жай жемістерден біріккен жемістің (соплодие) айырмашылығы сол, ол бір-бірімен біріккен (қызылша), бірнеше гүлден, немесе түгелдей гүл шоғынан пайда болады (тұт, инжир, ананас)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет