Жаратылыстану негіздері



бет13/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
Байланысты:
Жаратылыстану нег лекц 2022

Құрылысы. Жеміс перикарпийден (грек, “пери” — жанында, “карпос” — жеміс; демек жемістің тұқымды қоршаған бөлігі) және түқымның жиынтығынан тұрады. Перикарпий дегеніміз бір немесе бірнеше аналықтың жатыныньң (гүл түйінінің) қабырғасынан, көп жағдайда гүлдің басқа да бөліктерінен — аталық негізінен, күлте жапырақшалардан, тостағанша жапырақшалардан, сиректеу гүл тұғырынан пайда болатын, жемістің қабықшасы болып табылады. Перикарпий (околоплодник) үш қабатган: сыртқы— экзокарпадан, ортаңғы — мезокарпадан және ішкі — эндокарпадан) тұрады.
Жемістер алуан түрлі болып келеді. Оның өзі жабық тұқымды өсімдіктердің систематикалық топтарының ұшы— қиыры жоқ көп түрлілігімен және жемістердің өздерін тарататын агенттерге бейімделушілігімен байланысты болады. Бұл жемістердің филогенетикалық классификациясын жасауды қиындатады. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген филогенетикалық классификация гинецейдің типіне негізделген. Қарапайым апокарпты гинецейден пайда болтан жемістерді апокарпиялар, ал эволюциялық тұрғыдан қарағанда жақсы жетілген (ілгері басқандық байқалатын) ценокарпты гинецейден пайда болған жемістерді ценокарпиялар деп атайды. Алайда, осы екі топтың одан арғы классификациясы өте күрделі және өсімдіктерді анықтау практикасында қолдануға келмейді. Сондықтанда жемістердің айқын жасанды морфологиялық классификациясына сүйенуге тура келеді.
Жемістерді жай және күрделі деп екі топқа бөледі. Егер жеміс гүлдің тек бір ғана аналығынан дамыса — ол жай, ал бірнеше аналығынан дамыса күрделі болып табылады. Кейде жай жеміс ұяларға ыдырайды (дробный), немесе бір тұқымды бөліктерге яғни бунақтарға (членистый) көлденең перделер арқылы бөлінеді. Күрделі жемістерді біріккен жемістер деп те атайды.
Жай және күрделі жемістердің одан арғы классификациясын жасағанда мынадай белгілерді: перикарпийдің консистенциясын (қаттылығын, жүмсақтығын, қүрғақты- ғын, шырындығын), тұқымның санын (көп немесе біреу), перикарпийдің қақырауын (қақырамайтын немесе қақырайтын, қақыраудың жолдарын — тәсілдерін), жеміс беретін жеміс жапырақшаларының санын негізге алады. Сонымен, жабық тұқымды өсімдіктердің жемістерін шырынды және құрғақ жемістер деп, екі топқа айырады. Шырынды жемістердің ірі паренхималық, шырыны мол клеткалардан түзілген мезокарпиі жақсы дамыған. Экзокарпиі мен эндокарпиі кейде тек сыртқы және ішкі эпидермис түрінде ғана болады. Көбіне олар көп қабатты.
Құрғақ жемістерде шырындыларға қарағанда, мезокарпиі нашар дамыған. Кейде ол тіпті бір қатар клеткалардың тізбегінен ғана тұрады. Құрғақ жемістердің көпшілігінің мезокарпиі көп қабатты болады. Мұндағы мозокарпий клетка ішілік заттарын жоғалтқан паренхималық, склеренхималық және қабыршық клеткаларынан түзілген.
Тұқымдардың жемістерден босанып шығуы үшін, перикарпийдің белгілі участкелерінде арнайы бөлгіш ұлпалар пайда болады. Жемістердің қақырауы көбінесе көптүқымды, құрғақ жемістерге тән. Қақырамайтын жемістердің перикарпилері механикалық жолмен немесе микроорганизмдердің әсерінен бірте-бірте ыдырап жойылады.
Құрғақ жемістің перикарпиі сүректелген болып келеді. Құрғақ жемістер: қақырайтын жөне қақырамайтын, ал шырынды жемістер: шиелі жемістер және сүйекті жемістер болып бөлінеді.
Жемістерді құрғақ және шырынды деп болу тек қана олардың морфологиялық белгілеріне негізделген. Бүл практикада жиі қолданылатын, жемістердің сыртқы морфологиялық белгілерін жақсы көрсететін, пайдалануға өте ыңғайлы жемістердің морфологиялық классификациясы. Бірақ мұндай классификация жемістердің эволюциялық даму сатыларын көрсетпейді, сондықтанда оның ғылыми тұрғыдан маңызы шамалы.
Қақырайтын құрғақ жемістердің ішіндегі тұқымның саны бір-бірден немесе өте көп болуы мүмкін. Бұларды қорапша тәрізді жемістер деп те атайды. Олар өздерінің қақырау жолына, ішіндегі ұялардың санына қарай былай бөлінеді:
1. Топтама (листовка) — бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көптұқымды құрғақ, бір жағынан (бауыр жағыңдағы жігінен ғана) қақырайтын жеміс; апокарпты гинецейден біріккен топтама түзіледі (сборная листовка).
2. Бұршақ — бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көптұқымды, екі жағынан (бауыр және арқа жағындағы жіктері арқылы) қақырайтын жеміс. Бұршақтар спирал тәрізді бұралған, бір жемісті, бунақты болып келеді (бұршақтар тұқымдасы).
3. Бұршаққын, бұршаққынша (стручок, стручочек) — екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, қос ұялы, түқымы тік орналасқан, жалған пердесінің ұзына бойындағы рамкелерге бекініп тұратын, екі жағынан (бауыр және арқа жағындағы жіктері арқылы) қақырайтын жеміс (крестгүлділер тұқымдасы). Бұршаққынша бұршаққыннан ұзындығы мен көлденеңінің арақатынасына қарай ажыратылады. Бұршаққынның ұзындығы көлденеңіне қарағанда 3-4 есе, кейде одан да артық болады (левкой және шалқан — репа). Егерде осы тәрізді жемістің ұзындығы көлденеңінен 2,5 еседен аспаса, оны бұршаққынша деп атайды (жұмыршақ — пастушья сумка, ярутка т.б.). Бұршаққындар бунақты (членистый) болып келуіде мүмкін.
4. Қорапша — екі немесе оданда көп жеміс жапырақшасынан пайда болған, көптұқымды, бір немесе көп ұялы болатын жеміс. Қорапшаның ашылуының әр түрлі жолдары бар: тесіктері, қақпақшасы, тістері, жақтаулары және т.б. арқылы ашылады.
Қақырамайтын құрғақ жемістердің перикарпиі құрғақ, бір түқымды болып келеді. Бұларды жаңғақ тәрізді жемістер деп те атайды.
Бұған жататындар:

  1. Жаңғақша — перикарпиі қатайып сүректенген, бір тұқымды, жоғарғы гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Апокарпты гинецейден топтасқан жаңғақша (сборный орешек) пайда болады. Филогенетикалық тұрғыдан қарағанда, көп жағдайда жаңғақшалар көп тұқымды жемістердің, тұқым бүршігінің (семяночка) редукцияға ұшырауының нәтижесінде пайда болған (сарғалдақ — лютик, эспарцет, қияқ — осока).

2. Жаңғақ — перикарпиі қатайып сүректенген бір тұқымды, төменгі гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Оның түп жағы біріккен жабындық жапырақтардан пайда болған тостағанша тәрізді қосымшамен (плюска) қапталған болып келеді (лещина).
3. Шошқа жаңғак (желудь) — перикарпиі сүрекгенген, бірақ, онша қатты болмайтын, бір тұқымды, төменгі гүл түйінінен пайда болтан жеміс. Оның түп жағы тостағанша тәрізді қосымшамен (плюска) қапталған болады.
4. Тұқымша (семянка) — екі жеміс жапырақшасынан тұратын, төменгі гүл түйінінен пайда болған, қауыз тәрізденген перикарпиі тұқыммен тұтаспаған, бір түқымды құрғақ жеміс (күнбағыс, бақбақ және т.б.).
5. Дән (зерновка) — құрғақ, бір тұқымды, перикарпиі тұқыммен тұтасып бірігіп кеткен жеміс; ол бір жеміс жапырақшасынан түратын, жоғарты гүл түйінінен пайда болады (бидай, қарабидай, арпа және т.б.).
6. Қанатты жеміс (крылатка) — екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, перикарпиі тұқыммен бірікпеген, қауыз немесе жарғақ тәрізді қанатшаға ұқсас өскін беретін, екі ұялы құрғақ жеміс (үйеңкі — клен, шетен — ясень).
Шырынды жемістер жоғарыда айтылғандай жидекті жемістер және сүйекті жемістер болып екіге бөлінеді.
Жидекті жемістерге (жидек тәрізді жемістер) перикарпиі етженді болып келетін, көп жағдайда көп тұқымды жемістерді жатқызады.
Бұған жататындар:
1. Жидек (ягода) — перикарпиінің жұқа экзокарпасынан басқа бөлігінің барлығы шырынды және етженді болып келетін жеміс (картоп, банан, жүзім, қызанақ).
2. Алма (яблоко) — бұл жемістің дамып жетілуіне гүд түйінінен басқа аталықтары мен аналықтарының түп жағы және гүл түғыры қатысады (алма ағашы, алмұрт).
3. Асқабақ (тыквина) — гүл түйіні төменгі болып келетін гүлдің, үш жеміс жапырақшасынан пайда болған, экзокарпиі қалың, қасаңданған жеміс. Жемісінің етженді бөлігі, негізінен тұқымның жатынға бекінген жерінің ұлғайып өсуінің нәтижесінде қалыптасады (асқабақ, қарбыз, қауын, қияр).
4. Гесперидий, немесе померанец — экзокарпиінде эфир майлары жиналатын жері бар; мезокарпиі құрғақ, борпылдақ, ақ түсті; эндокарпиі шырынды, етженді болып келетін жеміс (лимон, апельсин, мандарин).
Сүйекті жемістерге бір тұқымды, эндокарпиі қатты, сүректенген жемістер жатады:
Сүйекті жемістер ( костянка) — көп жағдайда төменгі бір немесе көп ұялы гүл түйінінен пайда болтан, перикарпиі жұқа экзокарпиге, етженді мезокарпиге және азды-көпті қалың, сүректенген эндокарпиге дифференциацияланған жеміс. Бір сүйекті жемістерге грек жаңғағы, өрік, шие, алхоры, шабдалы және тағы басқалар мысал болады. Көп сүйекті жемістерге таңқурай (ежевика, малина) жатады, ол апокарпты гинецейден пайда болады. Сонымен бірге апокарпты гинецейден, сиректеу қүрғақ сүйекті жеміс пайда болады (кокос пальмасы).
Жоғарыда келтірілген жемістердің бірқатары апокарпты гинецейдің жекелеген аналықтарынан пайда болады. Мұндай апокарпты жемістерді көп жағдайда жиынтык, жемістер деп атайды (сборные плоды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет