Жаратылыстану негіздері



бет37/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
4.Құстардың маңызы.
Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, өсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстардың - ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Құстардың экономикалық маңызы өте күрделі, оны механикалық шеше салатын мәселе емес. Бір түрге жататын құстың өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір жағдайда зиянды болып саналады. Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтың екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Көпшілік құстар егін, бау бақша, далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері - омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді.
Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияныны да айтарлықтай. Мысалы, ақ тұмсық, қара қарғалар көктемде себілген тұқымды қазып жесе, жазда қиярды, қарбызды, картоп қауынды шоқып бүлдіреді, Соным қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарын да көп пайдасын тигізеді. Сол сияқты суық торғайлар да балапаны ұшқанша насекомдармен олардың личинкаларымен, жұлдыз құрттарымен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақыпдармен қоректеніп, жеңіл әрі жылы болады. Жабайы құстардың жұмыртқасын пайдалану ертеден келе жатыр.
Үй құстары. Үй құстарын өсіру ауыл шаруашылығын өркендетудің үлкен бір саласының бірі. Негізгі үй құстары: тауықтар, үйректер, қаздар және т.б. өсіріледі. Көгершіндердің осы кездегі сан түрлі тұқымдары жабайы Көгершіндерден шығарылған. Көгершін өсірудің үш тұқымдасына сәйкес үш түрлі бағытта: әсемдік, почташы еті үшін өсіріледі. Әсемдік үшін өсірілетін Көгершіндердің түсі ала, әсем көрсетіп тұратын қауырсынмен жабылған дене пішіні болады. Бұған дұтыштар немесе алтын көгершіндер, трубачтар, үнді және тоты тәрізді көгершіндер жатады.
Етті тұқымдасқа кинг, исполинск, көгершіндері жатады. Бұлар ірі, салмағы 600 - 900 г болатын көгершіндер. Жақсы тұқымы жылына 14 - 16 балапан өсіреді. Олардың салмағы жарты жылда 500 - 700 г жетеді.
Почта көгершіндері негізгі екі топқа белінеді - шығыс және Белгия тұқымдары. Бұлар "ауа почтасын" тасу жөнінде өсіріледі. Шығыс Көгершіні ауада ұшқанда жерді өте жақсы бағдарлайды, бірақ денесі ауыр болғандықтан онша ұзаққа ұша алмайды. Белгия көгершіні - жеңіл тұқымдармен шағылыстыру арқылы алынған. Жерді жақсы бағдарлайды және ұмытпайды. Сонымен бірге алыс жерлерге ұша алады.
Жалпы сипаттама. Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғарғы даму сатысында тұрған жануарлар. Олардың ерекшеліктері мынадай.

  1. Оларда орталық нерв жүйесі жақсы дамыған. Оның ішіндегі жоғарғы нерв әрекетінің орталығы – үлкен ми жарты шарлары жақсы дамыған (сұр қыртысы). Соның нәтижесінде орта жағдайына байланысты бейімделуі жақсы жетілген:

  2. Сүтқоректілер тірі туады. Баласын сүтімен қоректендіреді. Бұл сүтқоректілердің әртүрлі жағдайда көбеюіне мүмкіндік береді және төлдерінің өніп-өсуіне қолайлы жағлайдар туады.

  3. Дене температуасының тұрақтылығына байланысты, жылу реттелуі жоғары дамыған. Сүтқоректілердің денесінін температурасы шамамен37-48°С. Дененің температурсының бұлай болуы, бір жағынан химиялық терморегуляцияның дамуы болса (организмнің жылу бөлуі), екінші жағынан физикалық терморегуляцияның жылуды реттеудегі күшінің (терлеу, терінің қан айналысының өзгеру сипатында) дамуына байланысты. Денедегі жылуды реттеуде тері астындағы майдың, қаптап тұрған түктердің маңызы өте зор.

Сүтқоректілердің морфологиялық ерекшеліктері:
Сүтқоректілердің терісінде түрлі бездері бар. Мысалы, тер бездері — тер шығарады, суды сыртқа шығарады, жылуды реттейді, терморегуляция қызметін атқарады, май безі — одан бөлінген шырын жүндерін, терінің үстін майлап, олардың сынбауына, кеуіп кетпеуіне ұзақ уақыт қызмет жасауына мүмкіндік береді. Иіс безі бір-бірімен қатынас үшін, қорқыту үшін. Сүт безі – (аналық) балаларын сүтпен асырау үшін қажет.
Сүтқоректілердің барлығының дерлік денесінің сыртын қаптап тұратын түк болады (волос). Кейбір түрлерінде (кит, дельфин т.б.) түк тіпті болмайды, болса рудимент түрінде сақталған (екінші рет жойылған). Түк жабындысы әр түрлі түктен тұрады. Оның негізгілеріне: Малдың түк (түбіт), қылшық, сезгіш түк (вибрис) т.б. жатады.
Осындай ерекшеліктері әр түрлі жағдайларға қарамастан сүткоректілердің кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Сол таралу жағдайына қарай оларды бірнеше экологиялық топтарға бөледі: көпшілік сүтқоректілер жер бетінде тіршілік етеді (үй малдары, қасқыр, марал, елік т.б.), суда (кит тәрізділер – дельфиндер мен кашалоттар), сирендер – Стеллер жартылай суда – ескек аяқтылар – тюлендер, морждар; камшат, құндыз, ондатр, нутра т.б. ағаш басында (маймылдар, тиіндер т.б.), ауада (жарқанаттар), жер астында – (көртышқан, бұзаубас, соқыртышқан т.б.).
Сүтқоректілерде денені қозғалысқа келтіретін әртүрлі бұлшық еттер болады, олар сүйектерге бекиді. Басқа омыртқалылардан сүтқоректілердің тағы бір ерекшелігі дене кеуде және құрсақ қуысына бөлінген, ол екеуінің арасынан көкірек құрсақ пердесі немесе диафрагма бөліп тұрады. Сүтқоректілердің денесін құрайтын әртүрлі мүшелер өздерінің атқаратын қызметіне байланысты бірнеше жүйеге бөлінеді: сүйек, ет, ас қорыту, зәр шығару, қан айналу, нерв жүйесі және тағы басқалар.
Қазір дүние жүзінде сүтқоректілердің 4500 түрі белгілі. Соның 332 түрі ТМД жерінде мекендейді. Ал Қазақстанда сүтқоректілердің 178 түрі кездеседі.
Сүтқоректілердің сыртқы құрлысы
Қаңқасы. Ересек сүтқоректілерде қаңқасы сүйекті болады. Хорда тек эмбрионалдық даму кезеңінде айқын білінеді. Омыртқа жотасы – мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларынан құралады. Мойын омыртқаларының саны әрқашан тұрақты болады. Алдыңғы екі мойын омыртқасын – ауыз омыртқа (атлант) және эпистрофей деп аталады. Мойын омыртқасы жеті омыртқадан тұрады. Бірақ сүтқоректілердің мойынының ұзындығы бірдей емес. Мысалы, тұяқтылардың мойыны ұзын, кемірушілердің мойыны қысқа болады. Демек, олардың мойынының ұзындығының түрліше болуы сүтқоректілердің мойын омыртқаларының санына байланысты емес, жеке омыртқалылардың денесінің ұзын және қысқа болуына байланысты.
Арқа омыртқалары көпшілігінде 12-15 болады, ал кейбіреуінде 24 арқа омыртқасы болады. Бел омыртқаларының саны 2-ден 9-ға дейін болады. Сегізкөз көпшілігінде бір-бірімен бірігіп өсіп кеткен 3-4 омыртқадан тұрады. Құйрық омыртқаларының саны тұрақты болмайды. Мысалы, Гиббонда – 3 болса, кесірткеде 49-ға жетеді.
Ми сауыты. Миының үлкен болуына байланысты, сүтқоректілердің ми сауыты да үлкен болады. Жоғарғы жақ, 2 жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Төменгі жақ сүйегі бір жұп тіс сүйегінен қалыптасады. Буындасу сүйегі, есту сүйекшесі – балғаға айналады, шаршы сүйек есту сүйекшесінің екінші бір түрі төске айналады. Бұл екі есту сүйекшелері және үшінші есту сүйекшесі – үзеңгі ортаңғы құлақ қуысының ішіне орналасады. Ортаңғы құлақтың сыртқы бөлімі және есіту жолы – дабыл сүйегінен тұрады.
Сүтқоректілердің иық белдеуі негізінен жауырын мен бұғанадан тұрады. Каракоидты сүйектер барлық сүтқоректілерде рудиментті түрде кездеседі. Жамбас белдеуі жер бетінде тіршілік ететін жануарларға тән шонданай (седалищными), шап (лобковыми) жвне мықын (подвздошными) үш сүйектен тұрады. Осы үш сүйек тұтасып барып – жамбас сүйегін құрайды. Барлық жер бетіндегі қозғалатын сүтқоректілердің аяқтары бес саусақтан болып келеді. Мысалы, жер бетінде жүретін түрлерінде аяқтары ұзын болса, ал суда тіршілік ететіндерінде керісінше қысқа болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет