Аудиторияға келесі сұрақ: Үй зертханасын жүргізудің шектеулері бар ма?
Үй зертханасын жүргізудің шектеулері : Керекті құрал-жабдықтар болмай қалуы мүмкін;
Оқушы бақылауға алынбағандықтан, тапсырманы орындауды ұмытып кетуі мүмкін;
Оқушы орнына ата-ана барлық тапсырманы орындауы мүмкін;
Оқушы техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамай қалуы мүмкін;
Қорыта айтқанда үйдегі экспериментте жаңа білім мен ақпарат алуда оқушылардың өзіндік белсенділігі айрықша байқалады және оқушы да шығармашылық қабілет дамиды.Егер техникалық қауіпсіздік ережесі жақсы таныстырылған болса, үй зертханасының шектеулерінен қарағанда мүмкіндіктері көп.
Бақылау сұрақтары:
Үй зертханасын орындауда ата-ана қатысуы дұрыс па?
Оқушы өз бетінше білім алу үшін қандай жағдайлар жасалуы тиіс?
Үй зертханасын орындауда интернетті ақпарат көзі ретінде пайдалануға болады ма?
Жаратылыстану пәндерінде интернет көзін пайдалану басқа пәндерден ерекшеленеді ме?
Оқушы үй жағдайында зертханалық жұмыс жасағысы келмесе қандай шара қолдануға болады?
Оспенникова, Е.В. Развитие самостоятельности школьников в учении в условиях обновления информационной культуры общества: В 2 ч.: Ч. I: Моделирование информационно-образовательной среды
Смирнов А.В. Технические средства в обучении и воспитании детей. М.: Академия, 2005. 208 с. 4.Оспанова М.Қ. , Аухадиева Қ.С. , Белоусова Т.Г. Химия 7 сынып.. -Алматы,2020.-9-104б.
«Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі. Мектебімізді сау берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізгі тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізге құра алмасақ,
келешегіміз күңгірт».
М. Жұмабаев