Жаратылыстану Тақырыбы: «Математика мен табиғат үндестігі»



бет3/5
Дата17.11.2022
өлшемі32,6 Kb.
#50919
1   2   3   4   5
Байланысты:
Æàðàòûëûñòàíó Òà?ûðûáû «Ìàòåìàòèêà ìåí òàáè?àò ?íäåñò³ã³»

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Фибоначчи сандары табиғатта.
Итальян физигі, механигі, әрі математигі Галилео Галилей (1564 - 1642) «Табиғат математика тілімен сөйлейді: бұл тілдің әріптері - дөңгелектер, үшбұрыштар және математикалық өзге де пішіндер... Табиғат өз заңдарын математика тілімен қалыптастырады»,- деп айтқандай біз күн сайын өзімізді қоршаған табиғаттан әр түрлі өрнектерді кездестіреміз.
Итальяндық математик Пизанолық Леонардо (Фибоначчи) (1180 - 1240) 1228 жылы өз есімімен аталған (Фибоначчи сандар) сандар тізбегін ойлап тапқан. Бұл сандардың әрбір келесі саны өзінен бұрынғы (алдында тұрған) екі санның қосындысына тең болған.
1, 1+1=2 ; 2+1=3; 3+2=5; 5+3=8; 8+5=13; 13+8=21; 21+13=34; 34+21=55
55+34=89
Сонда ол сандар: 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21, 34, 55, 89,....
Осы сандар тізбегінің заңдылығын өзімізді айнала қоршаған ортадан кездестіруге болады. Ағаштардың жапырағы ағаш бұтақтарындағы екі жапырақтың арасына спираль тәрізді оралып орналасады екен:
Фибоначчи санын көптеген өсімдіктерден анықтап қараған қызықты. Күнбағыста 34 спираль бір бағытта оралған және 50 - і басқа бағытта оралған.
2.2.Таңғажайып жеті саны.
Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ 7 санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата - бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным - түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді 7 санымен атайды.
Жеті жұт. Бұлар:
1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру).
5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зіл - зала (жер сілкіну)
Жеті жоқ. Ол былай:
1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Аптаның жеті күні:
1. Дүйсенбі 2. Сейсенбі 3. Сәрсенбі. 4. Бейсенбі.5. Жұма. 6. Сенбі.
7. Жексенбі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет