Жаратылыстану Тақырыбы: «Математика мен табиғат үндестігі»


Кіріспе Табиғат –математиканың негізін қалаушы



бет2/5
Дата17.11.2022
өлшемі32,6 Kb.
#50919
1   2   3   4   5
Байланысты:
Æàðàòûëûñòàíó Òà?ûðûáû «Ìàòåìàòèêà ìåí òàáè?àò ?íäåñò³ã³»

1.Кіріспе

    1. Табиғат –математиканың негізін қалаушы.

Табиғатты танып білу үшін оқу керек. Бәрінен де тиімдісі - өз көзіңмен көріп бақылау. Көргендеріңді есте сақтай білу керек.
Аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, өзен, көл, өсімдік (ағаш, бұта, шөп),аң, құс, адам – осылардың барлығы табиғатты құрайды.
Республикамыздың президенті Н. Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру стратегиясын айқындаған болатын. Оның басты міндеттерінің бірі - ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші факторы екендігін атап көрсетті. Осы ғылым мен білімді меңгеру үшін ең бірінші адамның табандылығы, еңбекқорлығы, ынтасы болуы керек. Осы қасиеттер болғанда ғана адамда бәсекелестік туады.
Ғылыми зерттеу жұмысы да осы сияқты табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды, сондай - ақ еңбекқорлықты талап етеді. Осындай қасиеттердің арқасында мектептегі математика сүйіп оқитын пәндерімнің біріне айналды.
Менің математика ғылымына қызығушылығымның туындауы ұстазымның жемісті еңбегі деп білемін. Осы өз қызығушылығымнан туындаған «Математика мен табиғаттың үндестігі» тақырыбын зерделеу, оның қыр - сырларын ашып, математика мен табиғаттың тығыз байланыстылығына көз жеткізу менің алдыма қойған мақсатым болатын. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.
1.2. Ғылымдарға апарар жол да,ашар кілт те- математика
Математика адамзат тарихында тұрмыстық мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында пайда болған ең алғашқы ғылым.
Орта ғасырларда ғұмыр кешкен ағылшын философы әрі табиғат зерттеушісі Роджер Бэкон (1214 - 1292) «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы әрі оларға пайдалы да, қажет те» деп бекер айтпаған. Ғылымдар туралы әңгіме болған бір мәселеде Роджер Бэкон математиканың маңызын «... ғылымдарға апарар жол да, ашар кілт те - математика» деп жоғары бағалаған.
Ол толып жатқан ғылымдардың мәселен, сурет салу, музыка, құрылыс салу, жазу стилін кескіндеу, логика ғылымы т. б ғылымдардың дамуына негіз бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет