Жаратылыстану Тақырыбы: «Математика мен табиғат үндестігі»



бет4/5
Дата17.11.2022
өлшемі32,6 Kb.
#50919
1   2   3   4   5
Байланысты:
Æàðàòûëûñòàíó Òà?ûðûáû «Ìàòåìàòèêà ìåí òàáè?àò ?íäåñò³ã³»

Кемпірқосақтың жеті түсі. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады. Кемпірқосақ жеті түстен тұрады.
«Жетiнiң» адамзаттан басқа, жер бетiндегi барша тiршiлiк иесiнiң де тiрлiгiне қатысы бар. Қоян 4 жетіде, мысық соқырын 56 күнде туса, иттер 63 күнде, аң патшасы арыстан да 63 күнде , қой 98 күнде қоздайды екен ғой. Тауық қыт-қыттап жүрiп, жиырма бiр күнде жұмыртқалайды.
2.3. Табиғат пен математиканың үйлесімділігі.
Күз айларында бірінің соңынан бірі тізбектеле ұшатын қаздың керуеніне қай-қайсымыз да бір сәт қызықтап қарап қаларымыз сөзсіз.
Сүйір бұрыш түрінде ұшу кезінде әр құс қанат қаға отырып, арт жақта келе жатқан құстың ұшуын жеңілдететіндей әуе дәлізін жасайды. Осындай пішінде ұшатын қаздар тобы ұшу қашықтығын 70 пайызға дейін соза алады. Мәселен, жеке қаз 70 шақырым ұша алса, топ қаз сондай уақытта 170 шақырымға жете алады. Бұл есепте жалғыз ұшқаннан гөрі топ күйінде ұшу шамамен екі еседен де артық пайдалы деген сөз. Осыншалықты өте нәзік есепті қаздар қайдан үйренді десеңізші?! Олай болса, қаздардың бұндай ұшуынан біз мынадай сабақ ұққандаймыз: демек, қандай да бір мақсатқа қол жеткізуді көздегендер өзара бас біріктіргенде ғана ол мақсаттарына анағұрлым оңайырақ әрі тезірек жетпек.
Ақ қайың. Параллель түзулер сияқты екі-екіден өседі.Жапырақтары үшбұрышты немесе ромб тәрізді болып келеді. Биіктігі 20 м дейін жетеді.
Ал,енді таулардың басына назар салайықшы, оларды призмаға ұқсатуға болады. Міне, осы жерде де математика мен табиғаттың үйлесімділігін байқауға болады.
Мен осы пәнді зерттей келе мынадай есептер ойдан шығарып адам баласының қолынан барлық нәрсе жасауға болатынына көзім жетті.
Бұл есептерді құрастыру арқылы математикалық шамаларды тұрмыста орынды қолдана білуді және тиімділігін білдім.
1. Ені 8 м болатын тік төртбұрыш пішінді жер қоршады. Қоршаудың ұзындығы 50 м. Жердің ауданын тап.
2. Әсел 3 сағатта 60 алма ағашын суарды. Ол 1 сағатта неше алма ағашын суарды.
Ш: 60: 3= 20
3. Ағашта 30 бұтақ бар. Әр бұтақта 20 жапырақ бар. Барлығы неше жапырақ.
Ш: 30*20=600


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет