Бағыты: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Математика мен табиғат үндестігі»
Авторы: 3 «а» сынып оқушысы
Кабиков Диас Есхатұлы
Жоба жетекшісі: Хамзаева Бакжанат
Мухаметжановна
Риддер қаласы,
2015-2016 оқу жылы
«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
3 «а» сынып оқушысы Кабиков Диастың «Математика мен табиғат үндестігі» атты ғылыми-зерттеу жұмысына жазылған
Пікір.
Біз жобамызда табиғат пен математика арасында үйлесімділік бар екендігін оқып, үйреніп дәлелдедік. Онда тек ағаштар ғана емес, белгілі бір табиғи заңдылықпен бірлесіп өсетін көптеген өсімдіктер мен құстардың топталып ұшу ерекшеліктерін іздену жолында анықтадық.
Диастың «Математика мен табиғат үндестігі» атты тақырыпқа жазылған ғылыми жұмысымен танысу барысында көп ізденгендігін байқадым.
Жұмыс барысында математика туралы негізгі ұғымдар, түрлі табиғи заңдылықтар анықталды. Жобада салыстыру, жүйелеу, анықтау тәсілдерін қолдандық.
Өзекті мәселені зерттеуде түрлі әдебиеттермен, журналдардағы табиғаттың тылсым дүниелері туралы әңгімелермен, зерттеулермен таныстық.
Ғаламтордан табиғат қызықтарын аса қызығушылықпен ізденгендігі байқалады.
Осы жобаның қосымша материалы ретінде бастауыш сыныптың дүниетану пәнін пайдалануды ұсынамыз.
Оқушының тақырыпты ашу мақсатында өзіндік дәлелдемелері, қызықты әңгімелері арқылы алдына қойған мақсатқа жеткендігін аңғартады. Бұл жұмыспен таныса келе ,жоғары баға бердім.
Жоба жетекшісі: Хамзаева Бакжанат Мухаметжановна
«Бастауыш сыныптар бірлестігінің» жетекшісі:
Кабдирова Акерке Курманбековна
«Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3 «а» сынып оқушысы Кабиков Диастың «Математика мен табиғат үндестігі» атты ғылыми-зерттеу жұмысына жазылған
Аннотация
Оқушы жобада өз шамасына қарай математика мен табиғаттың үйлесімділігін көрсете біліп, ойларын жеткізген. Өз мүмкіндігіне қарай зерттеу, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды жұмыстарын жасағаны көрініп тұр.
Материалдарды жинақтап, ұтымды пайдалана білген. Жобаны жасауда көп ізденгені, өзінше ойлана білгені байқалады. Жобаны жасауда әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана білген.
Тақырып өте кең болғандықтан, өзекті мәселені жан-жақты қамти отыра, мәселенің түйінін тауып, дәлелдеу жолдары қарастырылған. Зерттеу барысы төмендегідей бөлімдерге бөлінген:
Кіріспе:
Зерттеу нысаны: « Табиғат математиканың негізгі ілімі» екенін зерттеу.
Негізгі бөлімде итальян математигі Фибоначчидің сандар жүйесі тізбегінің табиғатқа да қатысы бар екенін дәлелдеп көрсете алды.
Таңғажайып жеті саны арқылы табиғат пен математиканың үйлесімділігін
нақты дәлелдерімен ашып көрсеткен.
Қорытынды бөлім: Эксперимент қорытындысында оқушы тәжірибе жасап, өз жұмысын дәлелдей біледі.
Диастың таңдаған тақырыбы бастауыш сынып оқушылары үшін қызықты, жүйелі, өзекті.
Ғылыми жетекшісі: Хамзаева Бакжанат Мухаметжановна
Достарыңызбен бөлісу: |