Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық бағалаудың басты тәсілдері (2-бөлім).
PISA зерттеуінде бағаланатын жаратылыстану ғылыми білімі мен шеберлігі жаратылыстанушылық-ғылыми цикл пәндерін: физика (астрономия элементтерімен), биология, химия, географияны зерттеу кезінде қалыптасады.
Тапсырмада бағаланатын әр құзыреттілік келесі типтегі ғылыми білім материалында көрсетілуі мүмкін:
Мазмұндық білім, «Физикалық жүйелер», «Тірі жүйелер» мен «Жер және Ғалам туралы ғылым» салаларына жататын ғылыми мазмұнды білу.
Процедуралық білім, ғылыми білім алу үшін қолданылатын түрлі әдістерді білу, сондай-ақ стандартты зерттеу процедураларын меңгеру.
Эпистемологиялық білім, ғылыми болжам ғылыми әдістердің мүмкіндігін, оның негізін, сонымен қатар, теория, гипотеза және бақылау сынды ұғымдардың мағынасын түсінудің нәтижесінде қалыптасқан ғылыми білім.
Мазмұндық саланы пәндік біліммен шартты түрде байланыстыруға болады. «Физикалық жүйелер» мазмұндық саласында физика мен химия жайлы материалдар, «Тірі жүйелер» саласында биология жайлы материалдар, «Жер және ғарыш жүйелері» мазмұндық саласында география, геология, астрономия жайлы материалдар қарастырылады. Алайда PISA-да қолданылатын ЖҒС жайлы тапсырмалар мазмұнының пәнаралық сипаты бар.
Тексеру үшін жеке тұлға үшін де, қоғам үшін де күнделікті өмірде және болашақта да өзектілігін жоймайтын игерілуі қажет ұғымдар таңдалды.
Төменде тексеру тапсырмалары негізінде жасалған зерттеу барысында қабылданған тақырыптардың атаулары келтірілген және жақшаның ішінде осы тақырыпта тексерілген ұғымдарға мысалдар берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |