Жаратылыстану ғылыми түсініктемесі:
түрлері (мысалы, гипотеза, заңдылық/заң, теория, модель);
түсініктің қалыптасуы (мысалы, бұрыннан бар білім және жаңа мәліметтер, шығармашылық және елестету, логика);
ереже (мысалы, логикалық дәйектілік, тарихи және заманауи білімге негізделген нақтылық);
нәтижелер (мысалы, жаңа білім, жаңа әдістер, жаңа технологиялар, жаңа зерттеу).
Қарым-қатынас:
Жаратылыстанушылық ғылыми білім берудегі міндеттерінің бірі – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын, ғылыми зерттеулерге байланысты мәселелерге және олардың қоғамдағы рөліне деген көзқарасын қалыптастыру. Мектепте қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі одан ары қарай кәсіби жолды таңдауға, сондай-ақ, өмірдегі түрлі мәселелерді шешу үшін өмірде қажет білімді алуға негіз болады.
Жаратылыстану ғылымына деген көзқарасты анықтау үшін үшін ғылыми танымның маңыздылығын түсінуді, жаратылыстанудағы жетістікте өзін-өзі бағалауын, ғылымға деген қызығушылықты, ресурстарға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті айқындайтын арнайы сұрақтар дайындалды. Төменде аталған сұрақтардың негізгі мазмұны көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |