Ғылыми таным әдістері Теориялық ғылыми әдістер Теориялық білім.
ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМ. «Теориялық» деген сөз терең мағынада танымдық іс-әрекет дегенді білдіреді. Бұл мағынада «теорияны» көбінесе адамның практикалық іс-әрекетімен салыстырады. Мұнда әдетте теория мен практиканың, адамның теориялық және практикалық іс-әрекетінің арақатынасы туралы айтылады.
ОЙША ТӘЖІРИБЕ. Ғылымның әдіснамасында ойша тәжірибе – бір жағынан шынайы тәжірибенің болашақ жоспарын көрсететін ой процесі; екінші жағынан мұнда шынайы эксперименттің барысы ғана емес, мүлде жүзеге аспауы мүмкін ой бейнесінің бірігуі жүзеге асырылатын ойлау әрекетінің ерекше түрі. Бұл әдісті мектепте мынадай процестерді оқытуда қолданады: