Кір күнәмен былғап алдым иманымды, Бұралқы итпін, қақпан шалған сыйрағымды. Қалай көрем бұл халіммен Дидарыңды!? – Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди.
Қол-аяғым куәлік берер өлгенде мен, Сен кешпесең, ақтала алар пендең немен?– Күнәм шексіз, жұртта қалған шермендең ем, Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди.
Көп қылмысым ауру қылды – Дәргерім Сен, Жаным да – Сен, Сүйіктім де, Дәрменім – Сен, Адасқанның халін сұрар Жан-Бегім – Сен! – Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди.
Кім бола алар саған деген сенімге кес?! – Сенсіз жүрген жолым дәйім менің көмес. Мейіріңсіз қыйындығым жеңілдемес, Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди.
Жерде, көкте Сенен өзге Қадір* де жоқ, Осы сөзді естіп тұрсың – шәгім де жоқ. Бірсің, Барсың, еш шүбәсіз әзір де боп, Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди.
Мен жолыңа басты берем, Қадір-Жарым, Бас деген не? – Жүз мың пида ғаріп жаным! Дертім – өзің, Дәрім де өзің, Зарым – қалың, Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди.
Сенің зауқың бар қорегі Жан-Иманның, Махаббат бер, орынына жанымды алғын. Махшар Күні Нұр ғып соны қабылдармын, Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди.