Жаратушы жан-алла


Уа, дариғ, түсті басқа ғаріптік кеп



Pdf көрінісі
бет16/21
Дата31.01.2023
өлшемі0,5 Mb.
#64222
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Уа, дариғ, түсті басқа ғаріптік кеп 
Уа, дариғ, түсті басқа ғаріптік кеп, 
Бел байлап кезбелікті қылдым мән-а. 
Хорасан, Шам, Ғираққа бағыт тіктеп, 


Қадірін ғаріптіктің білдім мән-а. 
Көрмек шарт не келсе де бір Алладан, 
Жүсіп те Кеңғанында тұра алмаған. 
Мүбәрак Түркістаннан – тұран-далам, 
Бауырыма тасын ұрып келдім мән-а. 
Бұл ғұрбат* Мұстапаның жолы еді ашқан, 
Сахаба отыз үш мың сара басқан. 
Мұртаза, Әбубәкір, Омар, Оспан 
Жүрген жол, соңдарынан ердім мән-а. 
Бұл жолда қуат бітіп шала жанға, 
Шикілер айналады даналарға. 
Ас, киім уайым емес сара жолда, 
Сол үшін Түркістанға ендім мән-а. 
Ғаріптік жүз жыл езсе, аһ ұрып тұрсам, 
Тақ, бақыт бағы – зындан, сақылық құрсам. 
Құл болды ол ғаріптікте Махмұд Сұлтан, 
Жарандар, осы жолда күйдім мән-а. 
Ғаріп ем, Арыстан бабам жетті ізімнен, 
Перделеп, сыр таныды бет-жүзімнен. 
«Көрдім, – деп, – бихамдилла», – өпті ізімнен, 
Қайран боп осы сырға тұрдым мән-а. 
Арзулық бөлейді елді гүл-шаһарға, 
Бағында ұлық баба тұр сахарда. 
Бабамның рухы салды бұл сапарға, 
Өзіңе шексіз тағзым қылдым мән-а. 
Жеткіздің, Құл Қожа Ахмет, Хақтың жадын, 
Ұқтырдың достарыңа хаттың мәнін. 
Кезіп кеп шаһарыңның таптың бағын, 
Мазар боп Түркістанда қалдым мән-а. 

РАСУЛДІҢ РИЗАЛЫҒЫ 
Ұшырадым ышықтың дұғасына, – Мұхаммед, 


Жеттім аңсар шыңына – ырасына, – Мұхаммед. 
Үмбет болған жарандар тынбай айтар мадақты, 
Ей, пәк Алла, қыл мені рәсуа, – Мұхаммед. 
Сал көңілге ышық пен махаббатты ылайым, 
Саған ғана жылайын ғашықтықтан, Мұхаммед. 
Көрсет маған, мәжнүн ғып екі дүние шырайын, 
Диуана қыл көз жасын жасып сыққан, – Мұхаммед. 
Өлтір, өрте! 
Жаманат – қаншама ұрсын қабағат, 
Қиямет күн жазаға ат! – 
Аңсарымсың, – Мұхаммед. 
Нығмет татпай, Жомартым, кешкенің – өрт, жасың – от, 
Тұрмын сенің қайғыңның тілеп бәрін, Мұхаммед. 
«Үмбетім!» – деп басып от, 
шектің қайғы-қасірет, 
Шығарасың кеудеден жүрек қанын, Мұхаммед. 
Шаһтың шаһы, сұрадың үмбетіңнің күнәсін, 
Қиямет күн болғанда панамызсың, Мұхаммед. 
Іздеп, баз кеш бәрінен, берсе ырзалық Расул, 
Жүрегіңнен Жан-Алла бал ағызсын, – Мұхаммед. 
Бар тілегім, Мінсіз Жар, – 
Зарық-тобам, Жаратқан: 
Қам-қайғысын зар атқан дарыт маған, – Мұхаммед. 
Айналайын, хош Карим, Жаратушы Жаббарым, 
Дарияңнан бір тамшы татқыз маған, – Мұхаммед. 
Жолды аш, Рахман-Рахим, Ғаффар уа Саттарым, 
Адастырмай жолыңды тапқыз маған, – Мұхаммед. 
Әл-Мисақтан бір тамшы шарап маған несібе, 
Татсам содан, енер ед мадаққа жан, Мұхаммед. 
Қара жүзім төсеп ем Пірмұғанның жолына, 
Мейірім қылды, – қолыма нұрды да алдым, Мұхаммед. 
Жаратушы Мінсіз Жар, жеткіз мені мұратқа, 


Арзумын мен кірпігің-қасыңа да, Мұхаммед. 
Пердеңді ашып мен пақыр жаққа қара, жылатпа, 
Ғашық құлмын әрбір тал шашыңа да, Мұхаммед. 
Міскін Ясауи назары – Хазіреттің мазары, 
Топырақты сен басқан әзір еткін, Мұхаммед. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет