Жас ерекшелік психологиясы


Жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сананың даму ерекшеліктерін түсіндіріңіз



бет16/23
Дата21.12.2022
өлшемі142,18 Kb.
#58746
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
32. Жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сананың даму ерекшеліктерін түсіндіріңіз
Сана сезімнің дамуы əлеуметтенудің маңызды бір бөлігі болып табылады. Кері байланыс үдерісі қарқынмен дамып, бала өз ойын айналасындағылардың көзқарасымен салыстыра бастайды. Өзінің жəне басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың бір түрі бұл – рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. Рефлексия 250 басқа адамды тану ғана емес, сонымен қатар басқа адамның өзіңді қалай түсінетіндігін білу. Басқа адамдарды қабылдаудағы жалған сенімдердің жəне нұсқаулардың (установка) таптаурындардың да мəні ерекше орын алады. Таптаурындар басқа адамдардың тобы жайлы əдеттегі, ықшамдалған түсініктер жүйесі. Ал жалған сенімдер, адамдардың өзін, олардың мотивтерін, қылықтарын білместен бағалау. Кез келген адамды үйреншікті түрде қабылдап, бағалауға қатысты адамның санадан тыс даярлығы. Ашық қарым-қатынас өзара жəне адамдар арасында сенімділік жəне жылылық ұялатады. Өзара сенім – кері байланыстың кепілі. Осы кері байланыс арқылы басқа адам өзін қалай қабылдағанын біліп жəне оның мінез-құлқы қандай сезімдерді туғызатындығы жайлы ақпарат алады. Нақты жағдайдағы өзінің қылықтарына қатысты əсерін біліп, өз мінез-құлқының нəтижеге əкелетіндігін ескеру арқылы басқа адаммен қатынасының ерекшелігін түсінуге болады. Есейген жеткіншектерге өздерінің аффективтік реакциялары мен бүкіл мінез-құлқын билеуге ұмтылу тəн. Олардың өздерін ұстай білуі біршама дамыған, пікірін, көңіл-күйін жасыра алады. Мінез-құлықта қосарлылық пайда болады. Өзін ұйымдастыру тенденциялары артады. Əртүрлі кəсіптердің мəні туралы пайымдаулар туады. Ол «қажет», «қажет емес», «маңызды, маңызды емес» деп сараланады. Мұндай саралауға жеке құндылықтардың қалыптасып келе жатқан жүйесі арқау болады. Уақытты бос өткізбеуге тырысу, уақыттың тез өтетінін сезіну, жоспарлауға əрекеттену сияқты қасиеттері пайда болады. Жеткіншекте «ақыл» мен «жүрек» жиі ынтымақта бола бермейді. Жеткіншектерде өздерінің ілгері басуына көзқарас, оны бақылау, міндеттердің орындалмауы үшін күйініш, өзін-өзі кəнілаулар, өзін-өзі сынау пайда болады. Зерттеу еңбектері 7-8 сынып оқушылары осы кезден бастап өзін-өзі тəрбиелеумен шұғылданатынын көрсетті. Белгілі бір үлгілерді, бүгінгі күн мен болашақтың қажеттерімен байланысты, өзі үшін нақты маңызы бар міндеттер мен мақсаттарды бағдар етіп, ол іс-əрекет жасап, өзін құра бастайды. Жаңа қасиеттерді игеру үшін өзін өзгертуге бағытталған мұндай мақсат пен іс-əрекеттің пайда болуы, жеткіншектік кезеңге тəн жəне жеке адамның дамуындағы сапалық тұрғыдан жаңа кезеңге көшуді білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет