Жас ерекшелік психологиясына арналған тест сұрақтары



бет2/2
Дата12.04.2023
өлшемі84,89 Kb.
#81841
1   2
Байланысты:
Æàñ åðåêøåë³ê ïñèõîëîãèÿñûíà àðíàë?àí òåñò ñ?ðà?òàðû

Тест жауаптары

36-С

53-А

37-А

54-В

38-А

55-С

39-А

56-Д

40-В

57-В

41-С

58-С

42-Д

59-А

43-С

60-Е

44-Д

61-С

45-А

62-В

46-В

63-А

47-С

64-В

48-Д

65-В

49-В

66-С

50-С


51-А


52-В

$$$ 1
Қандай концепция өкілдері балалар өз дамуында адамзат тарихында өтілген кезеңдерден өтеді деген тұжырымды айтты:


A) Психоаналитикалық.
B) Рекапитуляция .
C) Үйрету.
D) Мәдени-тарихи.
E) Эпигенетикалық.
$$$ 2
Р. Сире бойынша мадақтау іздеуден топқа қосылуға деген қалаулардан көрінетін тәуелді жүріс-тұрыстың формасы :
A) Теріс назарды іздеу.
B) Оң назарды іздеу.
C) Їнемі қолдау іздеу.
D) Жанында болу.
E) Жанасу мен ұстау.
$$$ 3
Тууының көзі болып баланың дене және рухани мүмкіндіктерінің жетілуі мен бұрын қалыптасқан қоршаған ортадағылармен қарым-қатынас формалары және іс-әрекет түрлері арасындағы туындаған қайшылықтар болып табылады:
A) Дамудың тұрақты кезеңдерінің.
B) Жаңа түзілістердің.
C) Жас дағдарыстарының.
D) Дамудың орталық жолдарының.
E) Дамудың жанама жолдарының.
$$$ 4
Іс - әрекеттің негізгі түрі – ол:
A) Бала уақытының көп бөлігін алады.
B) Осы жас кезеңінде жиі туындайды.
C) Осы жас кезеңіндегі психиканың маңызды өзгеруіне жағдай жасайды.
D) Бала ересектермен бірге айналысатын іс-Әрекет.
E) Осы жас кезеңіндегі бала үшін айтарлықтай қызықтырақ.
$$$ 5
Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңдік қалыптасу концепциясын ұсынған:
A) Л. С. Выготский.
B) Н. П. Блонский.
C) П. Я. Гальперин.
D) А. Н. Леонтьев.
E) В. В. Давыдов.
$$$ 6
Л. С. Выготский бойынша: . . . оқыту ғана әсерлі:
A) Дамудан тәуелсіз.
B) “Өзімен дамуды жетелейтін”.
C) Дамудан жалғасып жүретін.
D) Дамумен параллель жүретін.
E) Баланың өзекті дамуының деңгейіне бағытталған.
$$$ 7
Баланың өздігінен дербес орындайтын және ересектің көмегі арқылы орындалатын мәселелер күрделілігі деңгейі арасындағы алшақтық :
A) Баланың жақын даму аймағы.
B) Баланың өзекті даму аймағы.
C) Бала ойлауының даму денгейі.
D) Сыбыр сөз.
E) Баланың білім деңгейі.
$$$ 8
Э. Эриксон бойынша, біртектіліктің қалыптасуы немесе біртектіліктің кіруі:
A) Есейген шақта болады.
B) Жасөспірімдік шақта болады.
C) Қарттық шақта болады.
D) Ойын жасында болады.
E) Мектеп жасында болады.
$$$ 9
Үлкенді көргенде керуетте жатқан 1,5-2 айлық бала күле бастайды, қолдарын белсенді сермей бастайды, аяқтарын қозғайды:
A) Дағдарыс.
B) Жандану комплексі.
C) Дамудың әлеуметтік жағдайы.
D) Психикалық дамудың тежелуі.
E) Инфантилизм.
$$$ 10
Кіші оқушының жүріс-тұрысы қандай әлеуметтік мотивтерге бағынышты екендігі көрсетіледі:
A) Мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды, бірақ үй тапсырмасын орындамайды.
B) Білуге құмарлық танытады, бірақ оқуға қалық.
C) Тек жақсы бағалар алуға ұмтылады.
D) Сабақтарда сұрақтарды көп қояды.
E) Үй тапсырмаларын орындағанда мұғалімнің таңдауы бойынша берілген қосымша күрделі есептерді бірінші шешеді.
$$$ 11
Бала жанұяның құқығы тең мүшесі болып табылады. Оған сыйластықпен, сүйіспеншілікпен қарайды. Мұнда жанұялық тәрбиелеудің қандай тактикасы сипатталған:
A) “Жанұя кумирі” типі бойынша тәрбиелеу.
B) Қабылдамау.
C) Шектен тыс әлеуметтелінген тәрбиелеу.
D) Қабылдау мен махаббат.
E) Шеттеу.
$$$ 12
Бір жастан бір жасқа ауысудағы, болатын өгзгерістерді зерттейтін психологияның саласының бірі:
A) Дифференциалды психология.
B) Жас ерекшелік психологиясы.
C) Педагогикалық психологиясы.
D) Медицина психологиясы.
E) Әлеуметтік психология.
$$$ 13
Лонгитюдтік зерттеулерде төменде келтірілген зерттеу мғселелерінің қайсысы шешіледі:
A) 13 жастан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімдерінің динамикасы мен ауысуын зерттеу.
B) Жасөспірімдердің есінің дамуының даралық түрлерін зерттеу.
C) Зейіннің аударылуын өлшеуге арналған жаңа тестінің жарамдылыған тексеру.
D) Химия және филология факультеттерінде білім алушы студенттердің көру есі мен есту есінің өнімділігіне салыстырмалы талдау жасау.
E) Баланың мектептегі оқуға дайындағын анықтау.
$$$ 14
Л. С. Выготскийдің “онда дамудың фило және онтогенетикалық қатары теңдестіріледі” – деген сөздері қай концепцияға қатысты айтылған:
A) Ж. Пиаженің.
B) Әлеуметтік үйрету.
C) З. Фрейдтің.
D) Рекапитуляцияға.
E) Э. Эриксонның.
$$$ 15
Р. Сире тәуелді жүріс-тұрыстың 5 формасын көрсетті. Оның біреуі баланың кешірім сұрауларынан, қорғаныш, жұбату, жылу, көмек немесе басшылық іздеуінен көрінеді. Ол ата-аналар тарапынан жетістікке жетуге жоғарғы талаптардың қойылуымен байланысқан жүріс – тұрыс формасын көрсетіңіз:
A) “Негативті теріс назар іздеу”.
B) “Үнемі қолдау іздеу”.
C) “Жанында болу”.
D) “Оң назар іздеу”.
E) “Жанасу мен ұстау”.
$$$ 16
“Индивидтің психикалық дамуындағы уақыты жағынан айтарлықтай шектеулі, нақтылы баспалдақ – ол “:
A) Дағдарыс.
B) Жас.
C) Жаңа түзілістер.
D) Литикалық кезең.
E) Кезең.
$$$ 17
П. Я. Гальперин ұсынған, адамда жаңа әрекеттердің, бейнелер мен түсініктердің түзілуімен байланысты күрделі әрі ауқымды өзгерістер туралы ілім, бұл:
A) Мәселелік оқыту концепциясы.
B) Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңдік қалыптасу концепциясы.
C) Бағдарламалық оқыту концепциясы.
D) Дамып жетілдіруші оқыту концепциясы.
E) Қашықтықтан оқыту концепциясы.
$$$ 18
Кіші оқушы жас қай жас аралығында жатыр:
A) 7 ден 10 жас.
B) 7 ден 11-12 жас.
C) 7 ден 13 жас.
D) 6 дан 12 жас.
E) 6 дан 10-11 жас.
$$$ 19
Кіші оқушы жасындағы негізгі іс-әрекет түрі қандай:
A) Кәсіптік оқу.
B) Оқу.
C) Сюжеттік-рольдік.
D) Құрбыластарымен жеке адамдық жақын қарым-қатынас.
E) Еңбек.
$$$ 20
Ересек адамдар баламен интенсивтік эмоционалдық қарым-қатынас жасағанда мүмкіндік туғызу пайда болады:
A) Жандану комплексі
B) Психологиялық дамудың тежелуі
C) Инфантилизм.
D) Эгоцентризм.
E) Үйірсектік.
$$$ 21
Алғашқы этикалық инстанциялардың көрінуі, мотивтердің бағынылуы, ырықты жүріс – тұрыстың, өзіндік сананың пайда болуы қай шақтағы жаңа түзілістерге жатады:
A) Ерте балалық шақта.
B) 3 жастың дағдарысына.
C) Мектепке дейінгі шақтың алдында.
D) Мектепке дейінгі шақта.
E) Жасөспірімдік шақта.
$$$ 22
Бастауыш класта оқу іс-әрекетінің себебі:
A) Оқушының ұмтылысы қалыптасуы.
B) Ўжымда белгілі орын алу.
C) Келешек қалпы
D) Достар табу тілегі.
E) Ата-ана қолдауына ие болу.
$$$ 23
Төменде көрсетілген зерттеу міндеттерінің қайсысы тек көлденең кесінді әдісі арқылы ғана шешіледі.
A) 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың өзіндік сана-сезімінің динамикасы мен трансформацияларын зерттеу.
B) 1 жастан 14 жасқа дейінгі интеллектінің онтогенезін зерттеу.
C) Жастардың есінің дамуының индивидуалдық нұсқауларын зерттеу.
D) Баланың адамгершілік жағынан дамуының трансформацияларын зерттеу.
E) Жоғарғы психикалық функциялардың ерте балалық шақтан кіші оқушы жасына дейінгі қайта түзілу механизмдерін анықтау.
$$$ 24
Даму акселерациясы – ол :
A) Балалық шақ кезеңін қысқарту мақсатындағы бала дамуын жасанды жеделдету.
B) Баланың Әлеуметтік тӘжірибені меңгеруі мен белсенді қайта жаңғырту нғтижесі мен процесі.
C) Баланың даму процесіндегі адамзат филогенезін қайта жаңғырту.
D) Баланың дамуының жанжақты байытылуы.
E) Алдыңғы ұрпақ балаларымен салыстырғанда бала дамуының баяулауы.
$$$ 25
«Әрбір жас кезеңінің басында бала мен қоршаған орта арсында тек сол жасқа ғана тән, мүлдем өзгеше, сирек, жалғыз жғне қайталанбайтын қатынас қалыптасады»- деген анықтама психологиялық ұғымдардың қайсысына сай келеді:
A) Дағдарыс.
B) Сензитивтік кезең.
C) Дамудың әлеуметтік жағдайы.
D) Жаңа түзілістер.
E) Дамудың орталық жолдары.
$$$ 26
Л. С. Выготскийдің жас дамуын кезеңдерге бөлуінде қандай критерий алынған:
A) Іс-әрекеттің негізгі түрі.
B) Жаңа түзілістер.
C) Тістердің шығуы мен ауысуы кезеңдері.
D) Эго-біртектіліктің қалыптасуы.
E) Либидо энергиясының эрогендік зоналарға ауысуы.
$$$ 27
Отандық жас ерекшелік психологиясындағы оқыту мен дамудың арақатынасы концепциясының негізінде . . . туралы көзқарас жатыр:
A) Оқушының дамуының таяудағы аймағы.
B) Оқушының дамуының өзекті аймағы.
C) Оқушылардың жеке бастарының ерекшеліктері.
D) Дамудың сензитивтік кезеңдері.
E) Оқушылардың ойлауының даму деңгейлері.
$$$ 28
Нәрестелік шақтағы іс-әрекеттің негізгі түрі қандай:
A) Ересектермен эмоционалдық қарым-қатынас.
B) Заттық-манипулятивтік іс-әрекет.
C) Сюжеттік – рольдік ойын.
D) Ұйқы.
E) Құрбыластарымен қарым-қатынас.
Нәрестелік шақтағы негізгі жаңа түзіліс:
A) Заттармен манипуляция.
B) Жандану комплексі.
C) Сөйлеуді меңгеру.
$$$ 29
“Бала жұлдызша мен үйшікті нашар салмауға үйренді. Жақсы шыққан суреттерін үздіксіз папасы мен мамасына көрсетіп - өз шығармашылығына мақтанады”, қай феномен туралы айтылып тұр:
A) Жетістікке деген мақтаныш.
B) Өзін-өзі жоғары бағалау.
C) Өзін-өзі төмен бағалау.
D) Көркемдік талғамдар.
E) Балаға ересектердің қарым-қатынасының жетіспеушілігі.
$$$ 30
Төменде келтірілген мысалдардың қайсысында кіші оқушының жүріс-тұрысы танымдық мотивке бағынады:
A) Жазу бойынша жаттығуларды таза параққа ынтамен көшіріп жазады.
B) Мұғалімнің қолдауын тудыратындардың барлығын жасайды.
C) Сабақтарда мұқият жғне қызыға жұмыс істейді.
D) Тек жақсы бағалар алуға ұмтылады.
E) Оқуда басқалардан озық болуға ұмтылады.
$$$ 31
Ересек адам мен жасөспірім арасындағы қақтығыстың алдын алу мен жеңудің маңызды шарты:
A) Жасөспірімге талап қоюшылықтың төмендеуі.
B) Жасөспірімге талап қоюшылықтың жоғарлауы.
C) жасөспірімнің барлық талаптарды орындауы.
D) Оған ересек адам ретінде қарау.
E) Жасөспірімге қатысты бейтараптылық позиция.
$$$ 32
“Эдиптік комплекс”, “либидо”, “менен де жоғары” ұғымдарын психологияға енгізген:
A) Ж. Пиаже.
B) Э. Эриксон.
C) С. Холл.
D) В. Штерн.
E) З. Фрейд.
$$$ 33
Бала дамуының 3 сатысы туралы теорияның авторы кім болып табылады:
A) З. Фрейд.
B) В. Штерн.
C) А. Гезелл.
D) С. Холл.
E) К. Бюлер.
$$$ 34
Э. Эриксонның теориясына төменде келтірілген терминдердің қайсысы жатады:
A) Ұқсастық.
B) Эгоцентризм.
C) Операция.
D) Жаңа түзілістер.
E) Жетекші іс-әрекет.
$$$ 35
Сөйлемді аяқтаңыз: “Тістердің шығуы мен ауысуы кезеңдерін кезеңдерге бөлудің негізі етіп алған”:
A) Д. Б. Эльконин.
B) Л. С. Выготский.
C) Н. П. Блонский.
D) П. Я. Гальперин.
E) В. В. Давыдов.
$$$ 36
Мысалда қандай зерттеу әдісі суреттелген ? Баланаң жанұядағы қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу үшін, оған “Менің отбасым” деген сурет салу ұсынылады. Қағаз бетіндегі кейіпкерлердің орналасуы, олардың өлшемі, түстері зерттеледі:
A) Іс-әрекет өнімін талдау.
B) Тест – тапсырма.
C) Жобалаушы тест.
D) Табиғи эксперимент.
E) Байқау.
$$$ 37
Пиаже теориясы бойынша баладағы эгоцентризм қай жастар аралығында көрінеді:
A) 1 –3 жас.
B) 3 – 5 жас.
C) 5 – 8 жас.
D) 0 – 5 жас.
E) 0 – 8 жас.
$$$ 38
Л. С. Выготский пікірінше, сөйлеудің қай түрі 7-8 жасқа дейін жоспарлаушы және бағыттаушы қызметін атқарады:
A) Сыртқы.
B) Эгоцетристік.
C) Ішкі.
D) Диалогтік.
E) Ауызша.
$$$ 39
Зейіннің алаң болушылығын зерттеу үшін оқушыға шешуге арифметикалық есептерді береді де, сонымен бірге сәтте қызықты хабарды қосады:
A) Байқау.
B) Эксперимент.
C) Іс-әрекет процесін талдау.
D) Тест-тапсырма.
E) Жазбаша сұрау.
$$$ 40
Сөйлеуді меңгеруге қай жас аралығы сензитивті болып табылады:
A) 3 – 4 жас.
B) 2 – 5 жас.
C) 5 – 6 жас.
D) 6 –7 жас.
E) 7 - 9 жас.
$$$ 41
Э. Эриксонның жас кезеңдеріне бөлуінде қандай критерий негіз болған:
A) Тістердің шығуы мен ауысуы кезеңдері.
B) Жаңа түзілістер.
C) Іс-әрекеттің негізгі түрі.
D) Либидоның эрогендік аймақтарға ауысуы.
E) Ұқсастықтың қалыптасуы.
$$$ 42
Баланың мектепке дайындығы немен анықталады:
A) Тілдік дайындығымен.
B) Жеке адамдық дайындығымен.
C) Мотивациялық дайындығымен.
D) Интеллектуалдық дайындығымен.
E) Мотивтерді баәындыру.
$$$ 43
Дамудың екі фактордың конвергенциясы теориясының авторы кім:
A) А. Газелл.
B) К. Бюлер.
C) В. Штерн.
D) С. Халл.
E) Д. Уотсон.
$$$ 44
Ж. Пиаже теориясы бойынша балалардағы децентрация қай жаста көрінеді:
A) 3 – 4 жас.
B) 4 – 5 жас.
C) 5 – 6 жас.
D) 6 – 7 жас.
E) 7 - 9 жас.
$$$ 45
Қандай теориялар өз бастауларын рекапитуляция теорисынан алды:
A) Психоанализ, дамудың 3 баспалдағы теориясы.
B) Бихевиоризм, психоанализ.
C) Нормативтік бағыт, дамудың 3 баспалдағы теориясы.
D) Ж. Пиаженің теориясы, мәдени-тарихи теория.
E) Дамудың 2 факторының конвергенциясы теориясы, әлеуметтік үйрету теориясы.
$$$ 46
З. Фрейдтің жасты кезеңдерге бөлуінде қандай критерий жатыр:
A) Іс-әрекеттің жетекші типі.
B) Істердің шығуы мен ауысу кезеңі.
C) Жаңа түзілістер.
D) Эго – ұқсастықтың орнауы.
E) Либидо энергиясының қозу аймақтарында араласуы.
$$$ 47
Көп нүкте орнына сөзді қойыңыз. “Егер де … эмпирикалық жолмен олар туралы түсініктер ашылмаса, даму схемасына теориялық талдау негізінде кіргізер еді” (Л. С. Выготский):
A) Дағдарысты жастар.
B) Тұрақты жастар.
C) Жаңа түзілістер.
D) Іс-әрекеттің жетекші типтері.
E) Дамудың орталық сызықтары.
$$$ 48
Ж. Пиаженің теориясына қайсы терминдер жатады:
A) Трансформация, тәуелділік, адаптация.
B) Эгоцентризм, конструкция, ид.
C) Ассимиляция, конвергенция, жаңа түзілістер.
D) Операция, децентрация, аккомодация.
E) Дағдарыс, дәуір, дамудың таяудаәы аймағы.
$$$ 49
Р. Сиреның әлеуметтік үйрету тарихының қалыптасуына әсер еткен теориялар:
A) Психоанализ бен уйрету.
B) Психоанализ бен рекапитуляция.
C) Үйрету мен дамудың 2 факторының конвергенциясы.
D) Рекапитуляция мен дамудын 3 баспалдағы.
E) Үйрету мен рекапитуляция.
$$$ 50
Төменде Пиаже бойынша эгоцентризмнің қандай феномені келтірілген? Экспериментатор: "Арве өзендегі су неліктен қозғалады? "Бала (5 жас): "өйткені адамдарда ескектер бар. Солар қозғалтады":
A) Трансдукция.
B) Анимизм.
C) Реализм.
D) Синкретизм.
E) Артфикализм.
$$$ 51
Психикалық дамудың қай теориясында "ол тұқым қуалаушылықтың икс-элементтерінің және ортаның игрек-элементтерінің әсерінен қалыптасатын процесс”- деп қарастырады:
A) Рекапитуляция теориясында.
B) Дамудың 3 баспалдағы теориясында.
C) Конвергенция теориясында.
D) Бихевиоризмде.
E) Әлеуметтік үйрету теориясында.
$$$ 52
Жоғары сынып жасындағы негізгі іс-әрекет түрі қандай:
A) Оқу.
B) Кәсіби оқу.
C) Сюжеттік-рольдік ойын.
D) Құрбылыстарымен жеке адамдық жақын қарым-қатынас.
E) Еңбек.
$$$ 53
Адам дамуын, оның себептерін, дамудың энергетикалық қайнар көздерінің мазмұнын анықтайтын факторлар:
A) Дамудың қозғаушы күштері.
B) Даму шарты.
C) Психикалық даму заңдары.
D) Жас дағдарыстары.
E) Жас.
$$$ 54
“Жаңа түзіліс”, “дамудың әлеуметтік жағдайы”, “дамудың таяудаәы аймағы” туралы ұғымдар кімнің концепциясына жатады:
A) Д. Б. Элькониннің.
B) А. Н. Леонтьевтің.
C) Л. С. Выготскйдің.
D) В. В. Давыдовтың.
E) П. Я. Гальпериннің.
$$$ 55
Жауабын көрсетіңіз. Д. Б. Эльконин бойынша рольдік ойын, құбылыстарымен жеке адамдық жақын қарым-қатынас – бұл:
A) Тәуелділік типтері.
B) Даму типтері.
C) Үйрету типтері.
D) Іс-әрекеттің негізгі түрлері.
E) Ұқсастықтың типтері.
$$$ 56
Қай жастың дағдарысына “симптомдардың жеті жұлдыздығы” – негативизм; қыңырлық, қырсықтық, өз еркімен болу және т. с. с. тән:
A) 1 жас дағдарысына.
B) 3 жас дағдарысына.
C) 7 жас дағдарысына.
D) 11-12 жас дағдарысына.
E) 15 жас дағдарысына.
$$$ 57
Бала сөзінің дамуында қандай кезеңдерді бөліп көрсету қабылданәан:
A) Гуілдеу, былдырлау.
B) Гуілдеу, былдырлау, мүшелеп сөйлеу.
C) Пассивті сөйлеу, былдырлау, белсенді сөйлеу.
D) Дыбыстарды, буындарды, сөздерді айту.
E) Пассивті тіл, активті тіл, мүшелеп сөйлеу.
$$$ 58
1-1,5 жастағы балаға сөйлеуді меңгеруге көмектесу үшін ересек адам не істеуі қажет:
A) Баланың сөйлеуіне еліктеуі.
B) Балаға дәп қазіргі сәттегі оның қасында тұрған нәрселер туралы айтуы.
C) Жақын арада болған оқиғаларды еске түсіруі.
D) Құрбыластарымен жиі қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру.
E) Ересектен соң қайталау.
$$$ 59
Мектепке дейінгі кезеңде сурет салу ықпал етеді:
A) Қарым-қатынастың дамуына.
B) Ерік күшінің дамуына.
C) Математикалық ұәымдарды меңгеруге.
D) Сауаттылықты игеруге.
E) Сенсорлық этолондарды игеруге.
$$$ 60
Орнына қойыңыз. . . . дамудың ерекшеліктері төмендегі симптомдардан көрінеді: үлкендермен қатынастарындағы қиыншылықтардан, дос іздеуден, күнделік жүргізуден. (Д. Б. Эльконин бойынша):
A) Кіші оқушы жасындағы.
B) Мектепке дейінгі жастағы.
C) Жасөспірімдік жастағы.
D) Баладағы.
E) Оқушыдағы.
$$$ 61
Жауабын табыңыз. ¦жымның ішіндегі баланың алатын орны, мұғалімнің бағасынан да маңызды бола бастайды. Бұл жерде қай жас кезеңі туралы айтылып отыр:
A) Мектепке дейінгі.
B) Кіші оқушы.
C) Жасөспірімдік.
D) Ойын жасы.
E) 15 жастың дағдарысы.
$$$ 62
Өмірдің ұзақтығына жатады:
A) Жас ерекшелік психологиясының мәселелеріне.
B) Жас ерекшелік психологиясының міндеттеріне.
C) Жас ерекшелік психологиясының бөлімдеріне (тарауына).
D) Жас ерекшелік психологиясының құрымылына.
E) Жас ерекшелік психологиясының обьектісіне.
$$$ 63
Қандай әдістің көмегі арқылы жас ерекшелік психологиясының негізгі мәселелерінің бірі - бала психикасы мен жүріс-тұрысының генотиптік (органикалық) және қоршаған ортаға негізделуін шешуге жақындауға мүмкіндік беріледі:
A) Эксперимент.
B) Биографиялық (өмірбаяны).
C) Тәуелсіз мінездемелерді құрастыру анкеталық әдісі.
D) Егіздер әдісі.
E) Ұзынша кесінді әдісі.
$$$ 64
Нәресте кезінде индивидтік құрылымның қалыптасуы мына бағыттар бойынша жүзеге асады:
A) Жекелеген құрылымдардың (ему әрекетінің) жұмыс істеуінің жетілуі мен күшеюі жолымен.
B) Әрдеңгейлік және бірдеңгейлік құрылымдардың компоненттерінің интеграция есебінен.
C) Бар элементтердің қайта түзілу жолымен және жаңа түзілістердің пайда болуымен (нәрестенің позасы).
D) Өмірлік іс-әрекеттің жаңа тәсіліне көшуі.
E) Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
$$$ 65
Балалық шақтағы жеке адамның жетілуіне әртүрлі әлеуметтік институттар әсер етеді, туғаннан 3 жасқа дейінгі шақта қайсысы үстемдік етеді:
A) Жанұя.
B) Құрдастарымен қарым-қатынас.
C) Балабақша.
D) Тәрбиеші.
E) Бұқаралық ақпарат құралдары.
$$$ 66
Бала қай кезден обьективтік қатынастарды тани бастайды және кеңістікте орын ауыстыра алатын, жеке заттарды бөліп алады:
A) 0 – 3 ай.
B) 4 – 7 ай.
C) 8 – 12 ай.
D) 13 – 15 ай.
E) 16 – 22 ай.
$$$ 67
Қай жастан бастап бала сөздің мағынасын ұға бастайды:
A) 6 айдан.
B) 1 жастан.
C) 1,5 жастан.
D) 2 жастан.
E) 3 жастан.
$$$ 68
Ерте балалық шақтағы бала үшін қандай өмірлік негізігі меңгерулер маңызды болып табылады (0-1ж):
A) Тік жүру.
B) Тілдік қарым-қатынас.
C) Заттық іс-әрекет.
D) Жүріс-тұрысты өзіндік реттеу.
E) Этикалық инстанциялар.
$$$ 69
Баланың қоршаған әртүрлі заттармен олардың әлеуметтік-мәдени тағайындалуына сай келмейтін және үлкендермен белсенді өзара әрекет етусіз жасалатын іс әрекеті- ол:
A) Сюжеттік рольдік ойын.
B) Заттық-манипулятивтік іс-әрекет.
C) Эмоционалдық-тікелей қарым-қатынас.
D) Танымдық – оқу іс-әрекеті.
E) Еңбек іс-әрекеті.
$$$ 70
Ақыл –ой қабілеттіліктерінің даму деңгейі қандай жасты көрсетеді:
A) Құжаттық.
B) Биологиялық.
C) Әлеуметтік.
D) Психикалық.
E) Хронометрикалық.
$$$ 71
Жыныстар арасындағы қай жастан бастап интимдік эмоционалдық қарым-қатынас басталады:
A) Жеткіншектік.
B) Студенттік.
C) Кіші оқушы жасында.
D) Жастық шақта.
E) Ересек жаста.
$$$ 72
Қоршаған шындықты бейнелеу үшін жүретін және оған деген өзінің белгілі бір қатынасын көрсететін іс-әрекет түрін анықтаңыз:
A) Ойын.
B) Еңбек.
C) Заттық қимыл-әрекеттік.
D) Оқу.
E) Тікелей эмоционалдық қарым-қатынас.
$$$ 73
Жас ерекшелік психологиясының қандай стратегиясы сол ғана, бір адамдарды ұзақ уақыт аралығында зерттейді:
A) Егіздер әдісі.
B) Көлденең кесінді әдіс.
C) Ұзынша кесінді әдісі.
D) Биографиялық әдіс.
E) Тест әдістері.
$$$ 74
Төмендегі сипаттама дамудың қай кезеңіне қатысты айтылған: “Тұтастық бар жерде бөліну пайда болды, олар екеу : ересек және бала. Олардың арасынан жаңа мазмұн шықты – заттық іс-әрекет”:
A) 1 жастың дағдарысына.
B) 3 жастың дағдарысына.
C) ерте балалық шаққа.
D) 7 жастың дағдарысына.
E) 13 жастың дағдарысына.
$$$ 75
Мектепке дейінгі шақтағы ойынның негізгі іс-әрекет ретінде көрінуі баланың . . . жасау қажеттілігімен байланысқан:
A) Заттық әлемді.
B) Шындық дүниені.
C) Шынайы бар әлемді.
D) Әлеммен сезімдік байланысын.
E) Қиялдағы әлемді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет