Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет53/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   154
Он үш саны. 
Он үштен неге шошимыз? Қазақта қайдам, əлемнің көп халқы 
арасында 13 белгісіз сиқыры бар сəтсіз саналады. Көбі сол күні жолға шықпауға, 
үлкен істі бастамауға тырысады. 13-ші үйді сатып алудан, 13-ші нөмірді спорт 
ойнына қатысудан, қандайда болсын 13-ші болудан қашқақтайды. 
Қазақта керісінше, «13-те отау иесі» деп бұл жасқа келген адамдар 
жауапкершілік жүктеп, құрметтеп қарайды. Оның өзіндік тарихы да бар. 13 саны о 
бастан жаман саналмаған. Мəселен, Орталық жəне Оңтүстік Американың ежелгі 
тұрғындары 13 саны бақыт əкеледі деп сенген. Ал үнді аңыздарында 13 санында 
ерекше сиқырлы күш бар деп ойлаған. Ежелгі Римде 13-ші күн немесе 13 саны бақыт 
əкеледі деген сенім болыпты. Бір қызығы, итальяндықтар 13-ті əлі де бақыт əкелетін 
сиқырлы сан деп санайды. 
Бірақ 13-тің «бағы жанбаған» жер де көп. Əсіресе, Еуропаның көптеген елдері 
«13 жаманшылық əкелетін сан» дегенге иланады. Тіпті, 13-ті жек көрушілік сезімнің 
шарықтау шегіне жеткені сондай, американдық еркін ойшылдықтар 13 санынан 
қорқатын триской – дикофобийларға қарсы клуб ұйымдастырған. Клуб мүшелері 13 
адамнан тұрады. Бұл топ үнемі желтоқсанның 13-ші күні көкке төбесі сəл жетпей 
тұрған 13-ші үйдің 13-ші қабатындағы 13-ші бөлмеге жиналады. Олар айналарды 
шағып, тұз шашып, сіріңкенің бір толынан үш адам шылым тұтатады. Ал 13 қара 
мысық ерткен клубтың бикеші қонақтарға ас береді. Бір айдан соң клуб мүшелері 13-
інің де сау-саламат екендігі жөнінде бір-бірінен хабар алысады. 
Ал Грецияда осындай клубтар Афина қаласында жиналып, арнайы салтанатты 
шеру ұйымдастырады. 13-ті жек көру қашан басталды? Осыған тоқталайық. 13-ке 
үрке қарауға 11 «кінəлі». Өйткені, ежелгі вавилондықтар, римдіктер мен 
қытайлықтар көп нəрсені 12 санымен белгілеген. Мəселен, Вавилонның тұрғандары 
бір жылды 12 айға бөлсе, бір тəулікті 12 сағатқа бөлген. Бұл 12 сағаттың əрбір бір 
сағаты біздің екі сағатқа тəн болғанымен, əр сағаты 60 минуттан тұрған. Сондай-ақ 
батыс Еуропада да ұзақ уақыт бойы 12-лік өлшемімен санау дəстүрі сақталып 
келген. Ал Францияда 1793 жылдан бастап, Германияда одан бері де ондық 
бөлшекпен саналатын болған. Тəулікті 12 сағатқа бөліп өлшеу əдетке енгеннен кейін 
12 саны «ерекше» құрметке ие болған. Жұрт 12-ге дейін ғана білетін. 
Ирандықтардың ескі əдет бойынша 12-ден кейін 13 демей, көп дейтіні де содан. 
Одан əрі қандай сан бары оларға белгісіз еді. Белгісіздік барлық уақытта да 
қорқынышты. Сондықтан əкесіндей «таныс» 12-нің артынан пайда болған 13-ке жек 
көрінішпен қараудың бір себебі де осында. Тағы бір себебі, діни нанымға қатысты 
«13 адам жиналып, біреуі өледі» деген ырым пайда болған. Бұл Евангелийдің 13 
санының бірі – Иуданың сатқын болып шығып, сопылардың басшысының өлуі 
туралы аңызға қатысты туған ырым. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
50
Парижде дастарқан басына 13 адам жинала қалса, 14-ші адамды тауып беретін 
арнайы кеңсе бар екен. Ал Чикаго қаласындағы «Статлер» мейманханасында егер 
түскі аста 13 адам дастархан басына жинала қалса, мейманхана əкімшілігі тағы бір 
орындық қойып, 13-ші орынға əдемі киінген манекен адамды отырғызатын көрінеді. 
Басқа амдарға қандай ас таратылса, оған да сондай тағам қойылады. Бұл манекен 
«қонақты» олар Людовик ХІ деп əзілдейді. Англияда кемелер 13-і күні жолға 
шықпайды. Апатқа ұшырап қалуымыз мүмкін деп ырымдайды. 13 туралы ырымға 
сенудің есігіне ештеңе жазылмайтын болғалы қашан. Сондай-ақ көше бойындағы 13-
үйлердің бəрінде де реттік нөмірі көрсетілмейді. 1930 жылы бірнеше мың 
лондондықтар 13 санынан қорқып, муниципалитетке үйлерінен 13 нөмерін алып 
тастау жөнінде петиция берген. 
Реттік сан тағынуға тура келетіндердің бірі – спортшылар. Олар 13-тен жылан 
көргендей қорқады. Бірақ атышулы қақпашы Лев Яшин командада 13-нөмерімен 
ойнап, өзінің шеберлігімен жұртты тəнті еткені белгілі. Сол сияқты 13-і күні дүниеге 
келген адамдарға да біртүрлі көзқарас пен қарайтындар бар. Тіпті, кейбіреулер 
олардың болашағына сенімсіздікпен қарайды. Бірақ олар атақты əнші П.И. 
Шаляпиннің 13-ші ақпанда туылып, əлемді аузына қаратқанын біле бермейді. Тағы 
осындай жүздеген, мыңдаған мысалдар келтіруге болады. 
Қысқасы, біреу айтты екен, сенді деп жөн-жосықсыз ырым-сырымға илана 
беру – адамды ақылынан адастырады. Ал əртүрлі аяқ асты пəлекеттен жазатайым 
құбылыстардан адамдар ырымның ығына жығылу арқылы емес, сақ жүру арқылы 
құтыла алады. Жазым болғысы келсе, бəрібір болады. Оған ешбір ырым-сырым 
көмектесе алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет