Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет52/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   154
Сегіз саны.
Көне заман адамдары сегіз санын сенімділіктің, шыңдалудың 
шыңы деп есептеген. Сегіз саны сегіз төбесі бар кубты білдіреді. Сегіз санының 
құпиясы əлемдегі мəңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді. Сегіз саны – мəңгілік 
символы. Символдық белгісі қос квадрат, егер оны бөлсе, онда ол тең екі бөлікке 
бөлінеді. Тағы да бөлгенде, ол тең төрт бөлікке бөлінеді (2, 2, 2, 2). Сегі саны 
дыбысталуының арқасында ерекше құрметке ие. Сегіз санының омонимі – 
«гүлдену». Бұл – қытайлардың ең сүйікті саны. Сондықтан «Арты гүлденуге 
əкелсін» деген ниетпен 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының ашылу уақыты 8-ші 
айдың 8-ші жұлдызы сағат 8-ден 8 минут 8 секунд өткен мезгілде белгіленді. 
Тоғыз саны. 
Тоғыз – тақ сан. Тоғызға байланысты қазақ арасында түрлі 
өлшемдер туған. Соның бірі – айып өлшемі. Ел арасында ас бергенде, дау-шарда бір 
тоғыздан үш тоғызға дейін төленетін зат болған. Ол түйе бастаған 8 жылқы, жақсы 
ат бастаған сегіз ұсақ мал, 8 сом күміс бастаған ақша. Қыз жасауды да тоғыз шапан 
тоғыз ішік, тоғыз бешпет, тоғыз білезік, тоғыз көйлек түрінде болған. Байлар 
жылқыларын да үйірмен санаған. Үйірде негізінен 9 жылқы болған. Қазақ халқының 
Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер: 1. Жəбірейіл – 
пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға, 
мақұлыққа берілетін ырыстың уəкілі. 3. Əзірейіл – барлық адамның, жан-
жануарлардың жанын алатын Құдай уəкілі. 4. Ысырайыл – ақырзаманға дейін 
сұлыны алып жүретін періште. 5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уəкілі. 6. 
Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде 
адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен, бұлақ 
суларының періштесі. 9. Мəлік – жеті тозақтың уəкілі. Сонымен бірге қазақтарда 
тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық дəстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
49
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4000 жылдық кезеңді қамтиды. Ал 
кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы 
əбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең көп тараған 
ойын болатын. 
Халықтар түсінігі бойынша қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. Тоғыз 
санының қасиетіне тоқталсақ, ана құрсағында нəресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп 
жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі 
уақыт өлшемі. Тоғыз саны өмірге адам əкеледі. Ол үш үштіктен құралған. 
Көшпенділер тоғыз санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-дəстүрлері 
мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. Тоғыз санының 
омонимі – «ұзақ өмір». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет