Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет71/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   154
Summary 
The language of science is open dynamic system presupposing formal and semantic 
meaning of the terms of variance. Each unit of the language, while remaining the same, 
there is at the same time as a set of options, the language exist in the form of territorial, 
social, stylistic, functional, and other options. Systematic description of certain branches of 
science, the identification, registration and correlation of the basic concepts which were 
taken in the process of scientific knowledge leads to the creation of new systems of 
scientific knowledge. Then formed a new terminological system. For the modern 
Lexicology is typical systems approach. He realized by the provision of specific thematic 
groups. 
Economic area (especially the financial sector) is currently one of the fastest growing 
sectors of human activity. And, as a consequence, it is characterized by rapid development 
and enrichment of the terminology. Extraction of terms, classification of scientific 
concepts is an integral part of the process of harmonization and standardization of 
specialized vocabulary, which is one of the important tasks of the modern science terms. 
 
ƏКІМБЕКҚЫЗЫ Шолпан, 
Шиелі аудандық Оқушылар үйі «Тарих» үйірмесінің мүшесі, 
10 «А» сынып оқушысы, Шиелі кенті, Қызылорда облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ƏТЕЕВА Жанар Жақсылыққызы, 
Шиелі аудандық Оқушылар үйі «Тарих» үйірмесінің жетекшісі, 
Шиелі кенті, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ӨЗГЕНТ ҚАЛАСЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ СЫР ӨҢІРІ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ 
 
«Сыр – Алаштың анасы». Бұл – көненің көзі, мəдени мұралардың асыл көмбесі, 
талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда 
жайлы Елбасының сөзі. 
Қазақтың байтақ даласына қарап Алла Тағаланың өзі қазаққа пейіліндей 
дархан, көңіліндей кең атырапты сыйға тарта салған-ау деп тамсанасың. Алтай мен 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
73
Алатаудың арасын алып жатқан құлан даланың қай тұсын болмасын Жерұйық 
дерсің… Сыр елі де – сондай сырлы да жырлы қасиетті мекен. 
Тұран ойпатында бағзы замандардан Мауеранахр, Түркістан, Сыр елі аталып, 
бабаларымыздың қасықтай қаны мен ащы терімен суарылған осынау көпті көрген 
сілемдері мен қатпарлары көп Қаратау, Орталық Азияның асқар шыңдарынан бастау 
алып, Өкс, Яксарт, Сейхун, Сырдария аталған өмірлік өзен бойы жаратылыстарынан 
бері кімдерге пана, кімдерге қорған, кімдерге құтты қоныс болмады десеңші. Қазақ 
халқының, елінің басына қара бұлт үйіріліп, қасіретті күн туғанда қасиеті мол Сыр 
елі туған халқына тас қамал, ашыққанға азық, тозып келгенге топ құрып, еңсесін 
көтерген алтын бесік болғаны тарихи шындық. Сондықтан да, бұл көне заман 
куəгерлері айдарымен көңіл қойнауынан ақтарылар сөз, пікір, тұжырым сол өткен 
тарих куəгері қарт Қаратау мен Сырдың сылаңдаған сұлуы Сырдария атынан 
айтылады. 
Дүбірлі дүлдүлдердің ізі қалған, 
Жүлделі жүйріктердің жүзі жанған. 
Ежелгі Сырдың елі, жырдың елі, 
Киелі, қасиетті Қызылордам. 
Махмұтбай Əміреұлы жырлағандай, біздің өлке ғасырлар бойы тарихтың 
қаншама оқиғасына куə болған, шежіреге, тарихқа бай өлке. Сығанақ, Өзгент, Артық 
Ата, Келінтөбе, Аққорған, Абызтөбе, Бұзық, басқа да ІХ-Х ғасырларда оғыздардың 
басты қалаларының бірі болған, кейіннен қыпшақ мемлекеті мен Ақ Орда 
хандықтарының астанасы болған Сығанақ қаласы туралы аз жазылған жоқ. Өзгент 
қаласының тарихы да өз алдына бір төбе. 
Өзгент қаласының қазіргі қираған орны Сырдарияның сол жақ жағалауынан 5 
шақырымдай жерде ескі каналдың бойында жатыр. Қаланың ескі жұрты биік төбе 
ретінде көрінеді. Төбенің солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы 250-300 
метрдей. Төбенің айналасынан қала қамалының орны білінеді. Қамалдың əр жерінде 
50-70 метр сайын биік мұнаралар болған. Мұнаралардың қазіргі орны қамалдың 
жалпы биіктігінен жарты – бір метрдей биіктіктен көрінеді. Қамалдың сыртынан ені 
10 метрдей, тереңдігі 1-2 метрдей болатын ордың орны айқын білінеді. 
Қазақстанның белгілі археологтары К. Ақышов пен К. Байбаковтың айтуынша, ені 8-
10 метрдей болатын қаланың басты қақпасы қаланың шығыс жағында болған жəне 
қамалдарды бір-бірімен жалғастыратын мұнаралардың саны 15-тен кем болмаған. 
Қаланың қазіргі орны зерттеушілердің назарын 1917 жылдан бұрынғы кездің 
өзінде аудара бастаған. Яғни, Сыр бойындағы қалалармен бірге Өзгент қаласын 
зерттеу ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде басталған. Сол кездегі 
орыс зерттеушілері П.И. Лерхтің, А.О. Рудневтің, Д.Н. Люшиннің, И.А. Кастаньенің 
жазбаларында Өзгент қаласы да аталады. 1946-1951 жəне одан кейінгі жылдары А.Н. 
Бернштам бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы кезінде Өзгент 
қаласы картаға түсіріліп, азын-аулақ археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. 
Бірақ, кейінгі уақыттарда Сырдарияның сол жақ жағалауындағы қалаларға, соның 
ішінде Өзгент қаласына да археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. 
Тарихи оқиғалар мен шежірелерге бай өлі қала өзінің зерттеушісін əлі күнге дейін 
сабырлықпен күтуде. Бірақ уақыт өз дегенін істеуде. Сырдария бойындағы осы 
заманғы суландыру жүйелері, егіс танаптары тарихи ескерткіштерге өз зардаптарын 
тигізбей отырған жоқ. 
Өзгент қаласының тарихы Х ғасырдан əріден басталады. Бұны дəлелдеу үшін 
мына төмендегі тарихи оқиғаларды келтіруге болады. Х ғасырда Оңтүстік Қазақстан 
аумағындағы Қарахан мемлекетінің сол кездегі Саманилердің қуатты державасын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет