Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет114/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   154
Əдебиеттер 
1 Қазақтың тыйымдары мен ырымдары / Құрастырушы-автор А. Құралұлы. – 
Алматы: Өнер, 2000. 
2 Жаңғырған салт-дəстүрлері / Құрастырған М. Қазбеков. – Алматы: Қазақстан, 
1991. 
3 Кенжеахметұлы С. Тыйым сөздер // Қазақстан əйелдері. – №11. – 2000. 
4 Дəстүрінді сақтай біл. – Шымкент: Облыстық баспахана. 
5 Жұлдыз жорамал. – 2010. 
6 Қазақтың бұрыңғыдан қалғаны. – Алматы: Жазушы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
126
МАМАШ Жазира, 
Садықбек Сапарбеков атындағы №125 орта мектебінің 
11 «А» сынып оқушысы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: МЫРЗАХАНОВА Алима, 
Садықбек Сапарбеков атындағы №125 орта мектебі 
кітапханасының меңгерушісі, Жаңақорған ауданы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
 
 
ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ ЖЕТЕКШІСІ САДЫҚБЕК САПАРБЕКҰЛЫ
 
Кіріспе. 
Еліміз тəуелсіздікке ие болғаннан кейінгі жылдарда, сталиндік 
репрессияға ұшыраған, халқым деп жазықсыз жазаланып кеткен дарынды 
ағаларымыздың аттары үлкен құрметпен тілге алынып, олардың аруақтарының 
алдында бас имекпіз. Сол зұлмат жылдары бетке ұстар қаншама боздақ опат болды. 
Мыңдаған адам жазықсыз жазалауға ұшырады, бірнеше мыңы атылды. Солардың 
арасында Алматыдан ұзақ емес, 10 шақырым келетін жердегі Боралдай сайындағы 
оқиғаларды келтірсек, қазақ халқының патшалық Ресей кезінде қайғылы күндердің 
сталиндік дəуірімен ұштасып жатқандығын көз алдымызға келтіреміз. Бұл жерде 
1916 жылы патша өкіметінің əкімдері азаттық үшін алысқан ержүрек Бекболат 
Əшекеевті халықтың көзінше дарға асқан еді... 
Міне, тағы да, 1938 жылы көктем айында сталиншіл қанішерлер халқымыздың 
жүздеген ірі тұлғаларын ел көзінен тасада осы жерде атқан екен. Бұл 1938 жылы 1-
12 наурыздағы кеңес өкіметінің Жоғары соты қазақ қайраткерлерінің бір топ 
көрнекті 19 өкілінің үстінен ату жазасы үкімін орындауы еді. Ардақты 19 мемлекет, 
қоғам қайраткерлерінің атылған денелері Боралдайдың «Қамыс сайына» тасталған 
еді. Ол жерде халық кейін «Қанды сай» деп атап кеткен. «Қанды сайда» шейіт 
кеткендердің ішінде 36 жастағы Садықбек Сапарбеков те бар еді. 1938 жылы 
Алматы облысының Іле ауданына қарасты «Қарасу» маңындағы «Қандысай» деген 
жерде 19 адам атылып, жерленген екен. Солардың тізімі газетке жарияланғанда, 
арасынан «Садықбек Сапарбеков – Орал облыстық партия комитетінің бірінші 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
127
хатшысы» деп жазылған (Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газеті. – 20 қазан. – 
1990). 
Садықбек Сапарбекұлы!... Бұл кісі кім еді?... Отыз алты жылға жетер-жетпес 
қана өмір кешкен жас өрен артына өшпестей із қалдырды. Садықбек Сапарбекұлы – 
мемлекет, қоғам қайраткері; ол – жастардың жалынды жетекшісі; ол – кəсіподақ 
қызметіне еңбек сіңірген алғашқы қазақтардың бірі; ол – журналист, əдебиетші, 
аудармашы; ол – коммунистік партияның Х, ХV, ХVІ съездеріне, Түркістан АССР-ы 
компартиясының 
V-VІІ 
съездеріне, 
Қазақстан 
өлкелік 
VІ-VІІІ 
партия 
конференциялары мен Қазақстан коммунистік партиясы І съезінің делегаты. Сондай-
ақ Түркістан кеңестерінің бірнеше съездеріне делегат болып қатысып, ХІІ съезінде 
ТуркЦИК-тің Орталық Атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. Қызылорда 
аймағында «Қазақстанның 15 жылдығы» мерекелік белгісін тұңғыш алған да 
Садықбек еді; ол – Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының «ХХ ғасыр адамы». 
Осындай ірі тұлғаның саяси санасы мен білімін көтеруге қазақ халқының асыл 
перзенттері С. Қожанов, Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Асфендияров, Х. 
Досмұхамедов, М. Тынышбаевтар ықпал етті. 
С. Сапарбекұлының шежіресіне тоқталсақ. Қоңыраттың Қайрақ атасынан 
тарайтын Жүніс қарттың алты ұлы болады: Мұсабек, Сапарбек, Асылбек, Сапаралы, 
Кенжебек, Жұмабек. Мұсабектен – Ақылбек, Əбдібек, Адамбек, Манат, Əбдіхалық 
жəне Бегайым; Сапарбектен – Садықбек, Адырбек, қыздар Бибайым, Салтанат
Бибіхадиша; Асылбектен – Айтбек; Сапаралыдан – Орынбасар, Қашпан, Шайық, 
Камал, қызы Райхан; Кенжебектен – Əнуарбек, Аманбек, Əбілқасым, қыздары 
Бибайша, Бибіжар; Жұмабектен – Тəңірберген, Əлмахан тарайды. 
...Қызылқұмның терең ортасында «Қайраққазған» деген жерде қырық құлаш 
тереңдіктен шыққан құдық бар. Бұл ауызбірлігі жарасқан алты ұлдың қыс қыстауы, 
жаз жайлауы Қаратау бөктерінде болатын. Əулеттің мыңға тарта түйесі мен екі 
мыңға жуық қойы болған жəне Жүніс қарт көмір алатын шағын зауыт салдырған 
деседі. Бұл, əулеттің қазан төңкерісі мен 20-жылдардың соңындағы тіршілік тынысы 
еді. 1928 жылы əулеттің дүние мүлкі тəркіленген, ал 1937 жылы Садықбек ұсталған 
соң Мұсабек, Сапаралы деген ағалары түрмеге қамалған. Біразы соғыста хабарсыз 
кеткен. Аман қалған Əбдібек, Адырбек, Айтбек, Əбдіхалық, Аманбек, Камал, 
Əбілқасым ел қатарында еңбек етті. Алайда, халық жауының отбасы деген жалған 
жала бұл əулетті ғана емес, олардың құда-жекжаты мен жиендерінің де еңсесін 
көтертпеді... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет