Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет91/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   154
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
101
ЖАНБОЛАТОВА Гүлжанат Базарғалиқызы, 
№159 Еңбекші қазақ орта мектебінің 6 сынып оқушысы, Еңбекші ауылы, 
Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ЖҮСІПОВ Ерсаид Ыдырысұлы, 
№159 Еңбекші қазақ орта мектебі «Қазақстан тарихы» пəнінің мұғалімі, 
Еңбекші ауылы, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
НАРТАЙ БЕКЕЖАНОВ 
 
Нартай Бекежанов 1890 жылғы наурыз айының ішінде осы күнгі Қызылорда 
облысы, Шиелі ауданы, «Коммунизм» колхозына қарасты «Бестам» деген жерде 
орта шаруа отбасында дүниеге келеді. Əкесі – Алыпқаш, Бекежан – үлкен əкесі. 
Туыстық жағына үңілсек, Нартай атақты Ағыбай батырмен (1800-1884) аталас, 
рулас болып келеді. Анасы – Бақтыгүл, туған ағасы Мəнсүр (1875-1933) заманында 
елге белгілі ақындар болған. Бақтыгүл, мəселен, Сыр бойының атақты сүлей ақыны 
Бұдабай Қабыловпен (1848-1911) айтысып, жеңіске жеткен деген аңыз-əңгіме бар. 
Нартай да жасынан əн-өлеңге құмар болып өседі. 
Көңілім қыран құстай аспандаған, 
Он жеті үйір болып жастан маған. 
Бойыма біткен өнер шыдатпады, 
Ұялап айтпай тастап қашқанменен, - деп өзі айтқандай, оның ақындық, əншілік 
атағы ел ішіне ерте тарап кетеді. 
Нартай жасынан Сыр бойының белгілі ақын-жырауларына Балқы Базар, Кете 
Жүсіп, Бұдабай, Тасберген Омар өлеңдерін жаттап алып, əртүрлі жиын-тойларда 
домбыраға қосып айтып жүреді. Ол ежелгі Шығыс поэзиясы үлгілерін жетік білген. 
Ғашықтық тақырыбындағы «Лəйлі-Мəжнүн», «Таһир-Зухра», «Сейфілмəлік», ерлік 
тақырыбындағы «Рүстем дастан», «Ескендір Зұлқарнайын», «Баһрам», қиял-
ғажайып тақырыбындағы «Шаһмаран», «Əбушаһма» т.б. қиссаларды түгел жатқа 
жырлайды екен. 
Нартай жасынан керуеншілерге ілесіп, Өзбекстан, Тəжікстан жағын көп 
аралаған. Өзбектің халық əндерін, билерін үйренген, дутар, рубап, нəй секілді 
музыкалық аспаптарды еркін тарта білген, шығыстың атақты «Он екі мұқамын» тəп-
тəуір айту дəрежесіне жеткен. 
Осылай ақын-əнші атанып, серілік құрып жүрген шағында Сыр бойына 
Арқадан атақты Тайжан ақын келеді. Үкілі Ыбырайдың жиені, асқан ақын əрі əнші 
Тайжан Қалмағамбетов (1878-1938) осы жолы Сыр бойындағы көптеген жас ақын-
əншілерге өнеге көрсетіп, ұстаздық етеді. Бұрын көбіне топ алдына домбыра ұстап 
шығатын Нартай бұдан былай Тайжанға еліктеп, енді даусын он екі тілді татар 
сырнайына қосып шырқауды үйренеді. Осыдан былай кеудесі кең, үні жұмсақ 
гармонь Нартайдың өмірлік серігіне айналады. 
1936 жылы Мəскеу қаласында қазақ əдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі 
болып, республика делегациясын сол кездегі совнарком төрағасы О. Исаев пен Оқу-
ағарту халық комиссары Т. Жүргенов бастап апарады. Делегация құрамында жеті 
халық ақыны болған, олар: Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, Нартай, Орынбай, Нұрлыбек, 
Доскей. 1936 жылғы 17 мамыр күні Үлкен Театр сахнасында қойылған «Қыз Жібек» 
музыкалық драмасымен ашылған онкүнікке, одан соң 16 мамыр күнгі қорытынды 
концертке партия басшылары түгелдей қатысады. Бірінші онкүндікті ашу құрметіне 
Жамбыл ата ие болады. Онкүндік тұсында Ж. Жабаев, К. Байсейітова, С. Сейфуллин,


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет