№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
103
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда да Нартайдың шығармашылығы тоқтап
қалған жоқ. Бейбітшілікті, бейбіт еңбекті қорғау тақырыбына əлденеше əн мен
жырын арнайды. 1951 жылғы 20-21 қыркүйекте Алматыда
өткен бейбітшілікті
жақтаушылардың республикалық конференциясына қатысып, сөз сөйлейді.
Жасы ұлғайып қалған ақын-əнші өміріндегі зор белес – 1949 жылы мамыр
айында Мəскеуде өткен қазақ əдебиеті мен өнерінің екінші онкүндігіне қатысуы еді.
1936 жылғы онкүндікті ұлы Жамбылдың ашқаны белгілі. Осының алдында ғана
онкүндікті ашу кезегін кімге беру керектігі сөз болғанда, көпшілік осы онкүндікке
қатысуға шақырылған үш халық ақыны – Шашубай, Кенен, Нартайдың біреуі
сөйлеуі керек деп ұйғарған. Жеме-жемге келгенде,
Ілияс Омаровтың ұсынысымен,
басшылар Нартайға тоқтаған. Үстіне жасыл масаты шапан, басына құндыз бөрік
киген ақын қолына гармонын ұстап, жұртшылық алдына шығып, аңыратып қоя
берген:
Шарықтап əнім кетсін сан қияға,
Мақтасам туған елді, саз сыя ма?
Сарқылмас бақыт берген, өнер берген –
Айтамын мың бір алғыс партияға!
Нартай
Бекежановтың ақындық, композиторлық, əншілік еңбегі көзі тірісінде
əділ бағасын алады. 1939 жылы оған Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткер атағы
беріліп, сол жылы КСРО Жазушылар одағы мүшелігіне қабылданады. 1945 жылы
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталады. Осыдан кейін көп ұзамай, 1954 жылдың
17 желтоқсан күні Нартай Бекежанов дүниеден өтті.
Атақты халық ақыны Нартай Бекежановтың осы уақытқа шейін үш кітабы
жарық көрген, олар: «Домбыра сазы» (1950), «Өлеңдері мен айтыстары» (1956) жəне
«Өсиет» (1982).
Қазір Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Нартай
атымен аталатын Нартай
ауылы бар, онда Нартайдың атымен аталатын мұражай халыққа қызмет етіп келеді.
Бұл мұражайда ақынның барлық қырларынан жан-жақты танып білуге толық
мүмкіндік бар.
Достарыңызбен бөлісу: