Жасанды Интеллект инженері болу



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата02.12.2023
өлшемі3,18 Mb.
#132043
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
PythonBook

17. Мұрагерлік
18.7. Мұрагерлік………………………..………………………………………………………………………………………………..............105
18. try except
18.1. try except………………………..……………………………………………………………………………………………………............109
18.2. Бірнеше except блогы…………..………………………………………………………………………………………..............110
18.3. else блогы……………………..…………..………………………………………………………………………………………..............110
18.4. Finally блогы…….…………..…………..………………………………………………………………………………………..............111
19. Input
19.1. Input………………………………………………………………………………………………………………………………………............115
20. pip
20.1. pip құралы….……………………………………………………………………………………………………………………….............119
20.2. pip арқылы пакет орнату……………………………………………………………………………………….………............119
20.3. Орнатылған пакеттер тізімі……………………..……………………………………………………………………............120
21. Файлмен жұмыс істеу
21.1. Файлмен жұмыс….…………………………………………………………………………………………………………….............123
21.2. Файлдан оқу…………………….……………………………………………………………………………………….……….............123
21.3. Файлға жазу………………………………………………..…………………………………………………………………….............125
21.4. Файл құру……………………………………………………..…………………………………………………………………….............126
4



1
Кіріспе


1.1. Python дегеніміз не?
Python — қазіргі таңдағы ең танымал бағдарламалау тілдерінің бірі. Python тілін 1991 
жылы Гидо ван Россум жазып шығарған. Python тілі келесі мақсаттарда кеңінен 
қолданылады:

веб-әзірлеу (сервер жағында)

бағдарламалық қамтамасыз ету

математика

тағы басқа
Төменде Python тіліне қатысты кеңінен тараған сұрақтарға жауап береміз.
1.2. Python тілі арқылы не істей аламыз?

Python веб-қосымшаларды жасау үшін қолданылады.

Python дерекқор жүйелеріне қосыла алады. Сонымен бірге файлдарды оқып, 
оларды өзгерте алады.

Python үлкен деректерді өңдеу үшін және күрделі математикалық амалдар 
орындау үшін пайдаланылады.

Python жылдам прототиптеу үшін немесе өндіріске дайын бағдарламалық 
жасақтаманы әзірлеу үшін пайдаланылады.
1.3. Python тілін не үшін қолданамыз?

Python әртүрлі платформаларда жұмыс істейді (Windows, Mac, Linux, Raspberry Pi 
және т.б.).

Python тілі ағылшын тіліне ұқсас қарапайым синтаксистік құрылыммен 
ерекшеленеді.

Python басқа бағдарламалау тілдеріне қарағанда жазылуы қысқа әрі жеңіл 
болып келеді.

Python тілі арқылы прототиптеу процесі өте жылдам жүреді.

Python процедуралық және объектіге бағытталған немесе функционалды түрде 
жұмыс істей алады.
1.4. Білуге тиісті ақпараттар

Python тілінің ең соңғы негізгі нұсқасы — Python 3. Python 3 тілін осы оқулықта 
қолданатын боламыз. Дегенмен, Python 2 нұсқасы әлі де кеңінен танымал.

Бұл оқулықта Python мәтіндік редакторда жазылады. Python тілін Thonny
Pycharm, Netbeans немесе Eclipse сияқты өзара біріктірілген даму ортасында да 
жазуға болады.

Python тілі басқа бағдарламалау тілдеріне қарағанда, жазуға жеңіл әрі 
ыңғайлы. Мысалы, экранға “Salem alem” мәтінін экранға шығаратын 
бағдарламаны Java, C++, Python тілдерінде жазып көрсетейік. Java, C++ 
бағдарламалау тілдерінде 5-6 жол керек болса, Python тілінде 1 ғана жол керек 
болады. Мысалы:
7


8
Java
1. class HelloWorld {
2. public static void main(String[] args) {
3. System.out.println("Salem alem"); 
4. }
5. }
C++
1. #include
2. 
3. int main() {
4. std::cout << "Hello World!";
5. return 0;
6. }
Python
1. print('Salem alem')



2
Орнату


Бұл оқулықта Python тілін Windows және Mac операциялық жүйелеріне орнату жолын 
көрсетеміз.
2.1. Python тілін Windows-қа орнату
Python тілін Windows операциялық жүйесіне орнату үшін төмендегі қадамдарды 
жүзеге асыру керек.
1. Алдымен Google-ға “python windows install” мәтінін жазу керек (2.1-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет