«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет19/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

Мақсатты топтар 
2005 жыл 
2006 жыл 
2009 жыл 
2012 жыл 
Шетелдіктер  
82 
10 
158 
170 
Оқушылар мен студенттер 
350 
337 
214 
243 


33 
 
Ересектер  
1013 
1017 
2987 
2763 
Қысқы кезеңдегі балықшылар 
635 
459 
481 
630 
Барлығы: 
2080 
1892 
3840 
3806 
 
Қорытындылай  келгенiмiзде Ақсу-Жабағалы қорығын экологиялық, экономикалық  
тұрғыдан    бағалау,      рекреациялық    аймақтарды    қорғау,  қалпына    келтіру    мәселелері  
мемлекетіміздің, жергілікті аймақ  болашағы үшін өте маңызды деп санаймыз. 
     Ақсу-Жабағалы  қорығының  экологиялық  жағдайына  талдау    жасай  отырып 
келесідей  қорытындыға  келдім.  Ақсу-Жабағалы  қорығының  буферлік  зоналарында 
экотуризмді  дамытуға  барлық  мүмкіндіктер  бар  және  олар  осы  аймақта  экотуризмді 
дамытуда  біршама  жақсы  қолдануда.  Ақсу-Жабағалы  қорығында  экотуризмді  дамыту 
арқылы  жергілікті  халықтың  әлеуметтік  –  экономикалық    жағдайының  жақсаруына  әсер 
етеді.  Ақсу-Жабағалы  қорығы  шетел  азаматтарының  арасында,  әсіресе  американдықтар 
арасында  үлкен  қызығушылық  тудырады.  Экотуризм  Ақпараттық  Ресурстық  Орталықтан 
алынған мәліметтер бойынша 2004  жылы қорықта 85 американдық туристер болған. Ақсу-
Жабағалы  қорығында  экотуризмды  одан  әрі  дамыту  мен  жетілдіру  үшін  келесідей 
шараларды қолдану керек: 
-  ең  бастысы  қорықта  экотурзмді  дамыту  мемлекет  тарапынан  қолдау  табу  керек, 
заңдар мен нормативті-құқықтық актілер қабылдану керек; 
-  қорық маңайындағы елді-мекендерде инфроқұрылымды дамыту керек; 
-  жергілікті  халық  арасында  патриоттық  сезімді  оятып,  табиғатты  аялауға  шақыру 
керек; 
- қорықтағы қызмет көрсетуші кадрлардың санын көбейтіп, қызмет сапасын көтеру 
керек. Көптеген тренингтер мен семинарлар өткізу қажет;                                                                                                                                                                              
- кафе және мейрамханаларды дамыту.  
Осы  айтылған  шараларды  жүзеге  асыру  арқылы  үлкен  жетістіктерге  жетуге  болады. 
Нәтижесінде  Ақсу-Жабағалы  қорығы  экотуризмі  жақсы  дамыған  әлемдік  сұранысқа  ие 
болатын  қорық  болады.  Ұсынылған    ғылыми    жобалар  мен  мәліметтердің    ерекшеліктері  
еліміздегі    жаңадан  қалыптасу  бағытындағы    экологиялық  туризмнің  негізгі  мәселелері 
айқындалып, шешу  жолдары жан-жақты қарастырылды. Сонымен бірге  еліміздің табиғи  
табиғат  қоры  саналатын  Ақсу-Жабағалы  қорығының  табиғат    ресурстары    мен    көрікті  
рекреациялық  аймақтарын  қорғау,  экономикалық,  экологиялық  тұрғыдан  бағалау  арқылы 
мемлекетіміздің  экономикасының  дамуына,  экологиялық    жағдайының    жақсаруына, 
әлемдік  деңгейде  мәртебесін  айқындауда тиімді пайдалану қажеттілігін айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет