Жастар газеті жастар – болашақтың кепілі №5 (42) 29 мамыр, 2013 ж


Түйін. 11 миллионыншы қазақ дүниеге келіпті деп



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата19.02.2017
өлшемі4,6 Mb.
#4500
1   2   3   4

Түйін. 11 миллионыншы қазақ дүниеге келіпті деп 

алақайлап бір-бірімізден сүйінші сұрап жатқан жай-

дамыз.  Қазақстан  халқы  17  миллионға  жетіп,  оның 

65,2  пайызы,  демек  11  миллион  58  мыңы  қазақ 

екен.  Зұлматты  аштыққа  ұрынбағанда,  репрессия-

да  қырылмағанда  40-50  миллионға  да  жетер  едік. 

Алайда,  бүгінде  30  миллион  өзбектен  аз  екенбіз. 

Өйткені  ұлы  жұттың  зардабын  бəрінен  көп  таттық. 

Қазақ  халқының  басына  туған  ең  үлкен  қасіреті  де 

осы аштық жалмаған жылдар еді. Бүгінгі азат елдің 

ұланы  өткенге  саналы  түрде  салауатын  білдіріп, 

бүгінгі  көркейген  тəуелсіз  елдің  ұрпағы  екеніне 

шүкірлік етсе игі.

Айдана АБДІХАЛИ

ЕЛ БАСЫНА ТӨНГЕН ҰЛЫ ЖҰТ

Замана


1931-1933 жылдар ел тарихында болмаған зұлмат жылдар өтті қазақтың басынан. Басына қара 

бұлт үйірілді. Қайғы мен қараға толы уақыт белестерін куә етіп, Жұбан ақын жырлағандай «Мың 

өліп, мың тірілді» қазақ. Уақыт өте дәл осы өлең жолдарын қайталай, тәубемізге келетін жайымыз 

бар. Тәуелсіздік туын желбіретіп, азаттығымызға да қол жеткіздік. Сол бір сұм аштық жылдардан 

бері сексен жылдан асып барады. Ұзақ жылдар бойы үнсіз жатқан тарихи құндылықтарды жарыққа 

шығарып жас ұрпаққа жеткізу, өткен тарихымызға баға берілуде.



ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АДАМДЫҚТЫҢ СИПАТЫ

 



СҰХБАТ



ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

С.Торайғыров 

атындағы Павло-

дар мемлекеттік 

университеті

Редактор: 

Жанар Елешова



Дизайнер: Н. Яницкая

Тілшілер: Ұ. Төлеу, Н. Рабило-

ва, Қ. Шаймарданова.



Ақылдастар алқасы: 

Қ.Алдабергенов, Ж. Бижан, 

А.Тойшыбайұлы, Г. Кенжебалина.

Редакция мекен-жайы:

Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, 

каб.427-А, тел.673648

• ГАЗЕТ  Қазақстан Республика сы ның 

Мəдениет жəне ақпарат ми нистр -

лігінде есепке алынып (04.12.2008), 

ол туралы №9722-Г куə лігі берілген.

• ГАЗЕТ бетіндегі автордың 

мақала лары, хаттары редакция ның 

көзқарасын білдірмейді

• ГАЗЕТ  Павлодар облыстық 

«Баспасөз үйі» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Павлодар қ., Ленин к., 

143 үй, тел. 61-80-26

• ГАЗЕТ  айына бір рет шығады, 

таралымы 500 дана. 

Тапсырыс № 3792

ДемAll


 



СӘН ӘЛЕМІ

8

2013  жылдық  сəн  маусымында  қандай 

сырғалар сəнде? Жаңа топтаманың басты 

сəн үлгісі классикалық жəне жаңа үлгідегі 

сырғалар ма?

Жоғарғы бағалы материалдардан жасалған 

классикалық  шеге-сырғалар  биылғы  жылдың 

ең  танымалы  əрі  сəннің  алғашқы  қатарынан 

бойтүзеген.  Өйткені  оларды  мектеп  колледж 

оқу жұмыс орындарында спортпен шұғылдану 

кезінде  тағып  жүру  ыңғайлы  əрі  əдемі. 

Сондықтан  өткен  жылдағыдай  бұл  сырғалар 

осы  жылы  да  сəнді  болып  қала  береді.  Со-

нымен  қатар  көлемі  мен  түрі  əрқилы  болуы 

мүмкін.

БІР ҚҰЛАҚТА БІРНЕШЕ СЫРҒАЛАР

Бір құлақтағы бірнеше сырғалар қазіргі кезде 

таңқаларлық жайт емес, керісінше сəнді екенін 

білеміз.  Ең  танымал  тəсіл  –  бұл  бір  құлаққа 

əр  түрлі  көлемді  сырғаларды  тағу.  Құлақтың 

ең төменгі бөлігінен үлкен көлемді болып ба-

сталып, жоғарғы бөлігінен кіші көлемді болып 

аяқталады. Жай ғана құлақтын сырғалығында 

емес  шеміршек  бөлігінде  де  сырға  тағу  жиі 

кездеседі.



ЖАРТЫЛАЙ ДӨҢГЕЛЕК СЫРҒАЛАР

Дөңгелек  формалы  сырғалар  үнемі  сəнде. 

Үлкен-кіші,  күміс,  құрыш,  алтын  түрлері  ылғи 

үлкен сұраныста. Олар киімнің қай түріне бол-

са да жарасады.

САЛПЫНШАҚ СЫРҒА

Салпыншақ сырға романтикалық тұл ға ларға 

лайықты.  Ол  өте  нəзік  жəне  үлкен  көлемді 

шаш үлгілеріне жарасымды келеді. 2013 жылы 

сəнде – нəзіктік. Сондықтан əр түрлі матери-

алдан  жа салған  салпыншақ,  тасты  сырғалар 

сұраныста болмақшы.

ТАСТАР ТҮСІ

Кристалдар  мен  тастар  түсі  2013  жылы, 

жылы түстен салқын түріне дейін, ашық түстен 

қанық түске дейін болып келеді. Ашық түстер, 

мысалы, қызыл, құлпынай, көктем, жаз түстерін 

береді.  Нəзік  жылы  түстер  үнемі  сұлулықты, 

қара мен ақтың қосылуы салқындықтың қанық 

түсін  білдіреді.  Қолайлы  материалдар  оникс 

пенгемотит болып келеді.

СƏННЕН ҚАЛҒАН СЫРҒАЛАР

Дөңгелек-сырғалар  үнемі  сəнді  болды.  Өте 

үлкен дөңгелек түрлері сəннен қалған. Көптеген 

атақты  модельшілер  жəне  стилисттер  иыққа 

жететін  үлкен  дөңгелек-сырғалардың  кəзір 

тұрпайы  көрінетінін  атап  өтті.  Əйнек,  ағаш, 

керамика  мен  əшекейленген  сырғалар  2013 

жылы  сəнде  тым  аз  уақыт  болатын  көрінеді. 

Үлкен сырғалар мен ер адамның бір құлағына 

жалғыз  сырға  тағу  да  сəннен  қалып  барады. 

Керісінше,  ерлер  енді  екі  құлағына  да  сырға 

тағу сəнге айналды.



 СЫРҒАЛАР ҚОЖАЙЫНЫ ТУРАСЫНДА 

СЫР ШЕРТЕДІ

Жаратылысы  ерекше  нəзік  жанды лар дың 

əшекей  бұйымдарына  деген  қызығушылығы 

бағзы  замандардан  бері  жалғасып  келе 

жатыр.  Бастапқы  кездерде  сырға  деген 

ұғыммен  бірге  түрлі  тылсым  күштер,  дуалар 

ілесіп  жүретін  болса,  бүгінде  олар  əйелдер 

қауымының  сұлулығына  сұлулық  қосып, 

əрлендіретін  əшекейдің  рөлін  атқарып  жүр. 

Алайда, сырғаның атқаратын қызметі мұнымен 

бітпейді. Олар өздерінің қожайындары туралы 

да көп нəрсе айта алады екен.

Мəселен,  үшбұрышты  пішінді  сыр ға лар ды 

тағатын қыздарымыздың мінезі дауыл секілді 

болып  келеді.  Өткір  бұрышты  сырғалар  ай-

наласын  басып-жаныштап  алуды  көздейтін 

бикештердің  құлағына  ілінеді.  Эллипс  тəрізді 

сырға  иегерлерінің  мінезі  жайлы  əрі  эмоцио-

нальды  болып  келеді.  Олар  өте  жеңілтек  əрі 

араласуға,  əңгіме-дүкен  құруға  өте  қызықты 

жандар.  Ал  төртбұрышты  сырғаларды 

жиі  тағатын  танысыңыз  болса,  достасуға 

асығыңыз. Өйткені, олар өз-өзіне аса сенімді, 

мақсатқа  тез  жеткіш,  жауапкершілігі  мол 

жандардың  қатарында  екен.  Мұндай  бой-

жеткендер  сөзіне  берік,  табанды  серілерді 

таңдайды. 

Дөңгелек 

сырғалардың 

қо-


жайындары ұстамдылығымен, биязы лығымен 

ерекшеленеді.  Ал  белгілі  бір  мүсіндер  бей-

неленген  түрлі  пішіндегі  сырғаларды  көп  жи-

найтын  арулардың  шығармашылыққа  жақын, 

талғампаз, жаны сұлу болып келетіндігін естен 

шығармаңыз.

Ал сізге қандай сырғалар ұнайды?

Дайындаған Жанар ЕРКЕБҰЛАН, 

Рахилла РАХИМЖАНОВА

Кітапты 

жан 

дүниеңмен 

нің  ең  дана  адамдарымен 

тілдескендей  бо ла сың.  Кітап 

оқыған  адам,  кі тап ты  дос  қылып 

қана  емес,  оны  тура  бір  өмірлік  серік  қылып 

алатын  жандар  өзінің  ойлаған  мақсат-мұратына  жеңіл 

жетеді.  Өйткені,  кітап  ақын-жазушылардың  сөз  маржанын 

терген  құнды  дүниелерге  толы  болады.  Осы  жерде  қазіргі 

жастар кітап оқи ма деген заңды сұрақ туындайды.

Қазіргі  уақытта  кітап  бетін  ашатын  жастарымыз  өте  аз.  Тіпті, 

қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларымен де таныс емес 

замандастарымыз көп. Осы уақытта өкінішке орай кітап оқитын 

жастар саны азайып келеді. Оны біз қарапайым кітапханалардан 

да аңғара аламыз. Себебі, келушілер саны аз. Бірақ, қазіргі жа-

стар  көбіне  интернет  жүйесімен  қолданғанды  анағұрлым  пайдалы 

көреді. Себебі, көз майын тамызып кітап оқып уақытын алғаннан гөрі, 

бір сəтте интернеттен сол ақпаратты тауып алған тиімді деп есептейді. 

Интернетпен қолданудың да пайдасы көп, себебі кітаптан таба алмаған 

ақпаратты сен жеңіл жолмен интернеттен таба аласын.

Бірақ достар интернетке үңілмей кітапты да шет қалдырмайық. Себебі, 

білімнің қайнар бұлағы ол кітап емес пе. Психологтардың айтуы бойын-

ша адам баласы күніне бір сағат кітап оқуы тиіс екен.Сондықтан алтын-

дай уақыттарыңызды зая кетірмей, кітапқа бір сəт уақыт бөлгендеріңіз 

дұрыс.  Кітап  –  замандар  толқынында  тербетіліп,  бойындағы  қымбат 

қазынасын  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіліп  келе  жатқан  ой  кемесі.  Кітап  – 

бір  ұрпақтың  екінші  ұрпаққа  қалдырар  рухани  өсиеті,  көзі  жұмылып 

бара жатқан қарттың балғын жасқа айтар ақыл кеңесіндей. Кітап – ортақ 

мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.



Мөлдір САҒИДОЛЛА

Қазақ  дүниетанымында 

əрбір  өмірлік  мағыналық 

атауларды  теңеу  заңды 

құбылыс  саналған.  Сол 

теңеулердің кейбірін ұсы-

намыз:

* Ең тəтті нəрсе – жан.



* Ең ащы нəрсе – тіл.

* Ең қатты нəрсе – дін.

* Ең күшті нəрсе – ұят.

* Ең жүйрік нəрсе – көңіл.

* Ең жаман нəрсе – нəпсі.

* Ең ыстық нəрсе – бала.

* Ең суық нəрсе – мүрде.

* Ең қысқа нəрсе – ғұмыр.

* Ең  опасыз  нəрсе  – 

дүние.


* Ең жақын нəрсе – ажал.

* Ең ұшқыр нəрсе – қиял.

* Ең нəзік нəрсе – сезім.

* Ең  аздырғыш  нəрсе  – 

құлақ.

* Ең  зор  байлық  – 



денсаулық.

* Ең  зор  кедейлік  – 

надандық.

* Ең биік нəрсе – арман.

* Ең  аласа  нəрсе  – 

мешеулік.

* Ең  тұрақсыз  нəрсе  – 

бақ.


* Ең  былапыт  нəрсе  – 

ауыз.


* Ең тұнық нəрсе – махаб-

бат.


* Ең арзан нəрсе – сөз.

* Ең адал нəрсе – уақыт.

* Ең  құбыжық  нəрсе  – 

өмір.


* Ең  қараңғы  нəрсе  – 

көкірегі соқырлық.

* Ең қызық нəрсе – білім.

* Ең  жаралағыш  нəрсе  – 

қасірет.

* Ең  семірткіш  нəрсе  – 

жақсы сөз.

* Ең жақын дос – жан жар.

* Ең  пасық  нəрсе  –  жал-

қаулық.


Кітап – білім бұлағы

Қазақ тілінде көркем әдебиет оқисыз ба?

Ақерке Имашхан, 

ПМУ студенті

Маған 


романтикалық, 

фан тас тикалық 

кітаптар 

ұнай ды.  Əсіресе,  Əзілхан 

Нұр шайы қовтың 

«Махаб-


бат  қы зық  мол  жылдар» 

атты  кі та бын  қызыға  оқы-

дым.  М.  Əуезов тің  «Абай 

жолы»  эпопеясы  тұ нып 

тұрған  қазына.  Қа зір гі  жа-

стар  кітапқа  үңіліп  қарап 

отырғандарынан гөрі ин тер-

нет тің  бетін  ашып  қарасақ 

бар лық  керек  мə лі мет тер 

кез де се ді.  Əдеби  кітаптар-

ды  оқы ған  кезде  адамның, 

жалпы  жас тардың  ғана 

емес,  үлкен  ма ман дардың 

да тіл бай лығын молайтады. 

Мен  кітап  оқығанды  жақсы 

көремін.  Кітап  шынымен  əр 

адамның  досына  айналса 

екен деген тілек бар менде.



Мөлдір Сағидолла, 

ПМУ студенті

Мен  көбінесе  қазақтың 

ақын  –  жазушыларының  ту-

ындыларын  оқимын.  Айта 

кетсем  қазақтың  бас  ақыны 

Абай Құнанбаевтың қара сөз-

де рімен өлеңдерін оқы ғанды 

жаным  ұнатады.  Ке шегі 

Шə кəрім,  Мұқағалилардың 

жырымен  сусындап  өстім. 

Кітап  –  зор  құн дылық,  тау-

сылмас байлық. Сол себепті 

қатар ластарымды кі тап оқуға 

шақырамын.



Гүлбақыт Абдрахманова, 

С. Сейфуллин атындағы 

университеттің студенті.

Көркем  əдебиетті  оқу  – 

жанына  үлкен  азық  алға-

ның  деп  есептеймін.  Се-

бебі, 

əдебиеттің 



орны 

əркез  бөлек.  Оның  орнын 

ешқандай  интернет  желілері 

баса алмайтыны сөзсіз. Өзім 

М. Əуезовтің шығар мала рын 

сүйіп  оқимын.  Ғ.  Мүсірепов, 

Ш.  Мұртаза,  О.  Бөкейлердің 

есімдері əде бие ті міз де оры-

ны  бөлек  деп  есептеймін. 

Сол  себепті  ана  тілімізде 

жазылған 

туындыларды 

оқып,  оны  басқа  жандарға 

жет кізу парыз.



Айкөз Шаймерденова, 

Щучинск гумани тарлық 

колледжінің студенті.

Менің  соңғы  оқыған  кіта-

бым  С.  Шаймерденовтің  қа-

ла мынан  өрбіген  «Инеш» 

атты  романы.  Бұл  кітап 

кө ңі лімнен 

шығып, 

көп 


тəлім-тəрбие  берді.  Менің 

айтпағым  ең  бастысы  саны 

емес,  сапалы  əрі  таным-

ды,  мазмұны  терең  кітаптар 

оқуымыз керек.

 



ОҚЫРМАН ОЙЫ



 



ҚҰРАҚ 



КӨРПЕ 

С

ыңғыр қаққан сырғалар



Сауалнаманы жүргізген Назгүл РАБИЛОВА


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет