Табиғатты эстетикалық тұрғыдан қабылдау. Табиғат тұнып тұрған сұлулық, ол адамның сезімін, бақылағыштығын, қиялын оятып, адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін арттыра түседі. Табиғат сұлулығын сезіну, адамның адамгершілік қатынасын қалыптастырады. Табиғат - қоғамдық моральдың көрсеткіші болмаса да, баланы адамгершілік қатынасқа, үйлесімділік, сұлулық, үнемі жаңаруды сезінуге, табиғи заңдылыққа бағынуға, онымен үйлесім табуға, түрлі формалар мен бедерлер, табиғи бояаулар мен дыбыстар оқушының ішкі сезімін оятып, әсемдікті түсінуге, оны сүюге баулиды. Баланың табиғаттағы шынайы әсемдікті тануы, табиғаттың байлығын, үйлесімділігін қорғап сақтай білу сезімі сұлулықтың өміршеңдігін түсінуге, ал табиғатты бүлдіру ұсқынсыздыққа, апатқа әкелетінін саналы меңгереді.
Эстетикалық тәрбие жаратылыстану пәндерін оқыту барысында, табиғат құбылыстарын бақылау арқылы қалыптасады. Табиғат аясына экскурсия, серуен құру, оқушылардың сұлулықты қабылдау сезімін, қиялын, бейнелі ойлау қабілетін арттырады.
Тәрбиешілер оқушының эстетикалық сезімі мен талғамын оятып, жетілдіру үшін жазушылардың табиғат сұлулығын бейнелейтін көркем шығармалары мен өнер туындыларын кеңінен қолданауының маңызы ерекше. Мәселен, көркем шығармалардың ішінен табиғат сұлулығын суреттейтін мәтінді тауып оқу, өздері ұнататын табиғат туралы көркем материалдарды жазып алу, табиғат мезгілдерін суреттеу, табиғат аясындағы өзінің іс-әрекетіне мән беріп ойлану, табиғатты қорғау, табиғат сұлулығын сезініп, оны өлең, шығарма, сурет арқылы бейнелеу.
Табиғатқа эстетикалық қатынас орнатуға әңгіме, конференциялар ұйымдастыру үшін, түрлі табиғат туралы көркем шығармаларды пайдалану. Мысалы, «Ұлылардың әсемдік жайлы ұлағаты» деген тақырыпта дәріс, баяндама жасауға болады. Ә.Қастеевтің «Көкшетау», «Бурабай» картиналарын таныстырудың тәрбиелік мәнін кеңінен қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |