Зерттеудіңобъектісі Қазақстандағы азаматтық қоғамды қалыптастырудағы жастардың саяси мәдениетінің орны мен ролін зерттей отырып, осы бағыттағы үрдістерді саяси талдау болып табылады.
Зерттеудіңпәні жастардың саяси мәдениетінің азаматтық қоғамды қалыптастырудағы орны мен ықпалын талдау.
Зерттеудіңмақсаты. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты шетелдік тәжірибеде азаматтық қоғамның қалыптасу факторларының ішінде жастардың саяси мәдениетінің ерекше орнын анықтап, Қазақстан Республикасындағы жастардың саяси мәдениетінің азаматтық қоғамның қалыптасуының факторы екендігін негіздеу және сараптау болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың алдына қойған мақсатына сәйкес келесі
міндеттер айқындалады:
-Қазақстанның азаматтық қоғамды қалыптастырудағы жастардың саяси мәдениетінің қоғамдық орны мен мақсат-міндеттерін ақйындау және әдістемелік-теориялық тұрғыдан кешенді мемлекеттік жастар саясатын қажеттілігін негіздеу;
-Қазақстандағы және шетелдердегі азаматтық қоғамның қалыптасу факторларын зерттеп, жастардың саяси мәдениетінің орнын талдау;
-Саяси әмдениетті зерттеудің концептуалды негіздерін анықтап,
категориалды аппаратты сараптау;
-Жастардың саяси мәдениетін қалыптастырудағы жастар одақтарының, бұқаралық қозғалыстарының мақсаттары, қызметтері мен міндеттерін сараптау;
-Азаматтық қоғам Қазақстандағы жастар ұйымдарының қызметтерін жетілдіру жолдары мен бағыттары және жастардың саяси мәдениетін жетілдіру мәселесін негіздеу;
-Саяси партиялардың сайлау науқандары кезінде Қазақстан жастарымен жұмыс істеуінің әдіс-тәсілдері сараптау;
-Қазақстан Республикасының саяси мәдениетінің сандық және сапалық жағдайын зерттеп, оның ішінде жастар саясатының орнын анықтау.
Зерттеудіңнегізгідереккөздері шетелдік ресей әнже отандық ғылымдардың еңбектері, ақпарат құралдарының деректері, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық саяси ұйымдардың бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік сұрақ жүргізу деректері құрайды.
Зерттедің эмпирикалық негізін ресми құжаттар құрады: ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР заңдары, халықаралық құжаттар, арнайы және дербес құрылымдардың жүргізген әлеуметтік сұрауларының нәтижесі.
Дерек көздердің маңызды тобын Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері құрайды. Олар азаматтық қоғамның қалыптасу генезисін, оның түрлену жолдарын бақылауға мүмкіндік береді.
Диссертацияда қолданған деректердің айтарлықтай бөлігін ғылыми әдебиет, халықаралық конференциялардың материалдары, азаматтық қоғам мен оның институттарының мемлекетпен қарым қатынастарын, әсіресе олардың даму жолындағы жастардың орнын қарастыратын мақалалар құрады.