Зерттеудіңғылымижаңалығы азаматтық қоғамның және жастардың саяси мәдениетінің өзара байланысы мен бір-біріне әсері механизмдері мен парадигмаларын құрастыру, қоғамның заманауи трансформация жағдайында азаматтық қоғамның одан әрі дамуына септігін тигізуді қарастыру.
Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша келесі жаңанәтижелерге қол жеткізіп отырмыз:
Азаматтық қоғамның қалыптасу факторларын талдау арқылы мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жолдарын анықтау.
Азаматтық қоғамның жастардың саяси мәдениетінің ерекшеліктерін ескере тәрбиелік патриоттық тәрбие жұмыстарына сараптама беру.
Жастардың саяси-қоғамдық және шығармашылық, еңбек белсенділігін дамыту үшін Қазақстан Республикасының жастар саясатын жетілдіру жолдарын ұсыну.
Тәуелсіз Қазақстанда саяси ғылымдағы қол жеткен жетістіктерге салыстырмалы талдау жасай отырып, саясүийеджегі азаматтық қоғамды қалыптастыру жолындағы жастар мәселесін жетілдіру бағыттарын анықтау.
Мемлекеттік деңгейде жастардың саяси мәдениеті туралы ғылыми және практикалық негіздерде пікір топтау.
Жас азаматтардың саяси мәдениетін қалыптастыруда саяси қатысу мен қоғамдық пікірдің жоғары орны анықталды;
Қазақстандық жастарың саясатқа қатысуының авторлық үлгісі жасалды;
Қазіргі кездегі жастардңы
электоралды қатысуының негізгі
заңдылықтары мен факторлары анықталды, сонымен қатар электоралды үдеріске жас азаматтарды тартудың жолдары іздестірілді;
Азаматтық қоғамды қалыптастырудағы жастардың саяси мәдениетінің негізгі орны ақйындалып, сонымен қатар жастардың саяси белсенділігінің тигізетін септігі айқындалып негізделді;
Жастардың патриотизмі және жастардың азаматтық қатысуының азаматтық қоғамды қалыптастырудағы ерекше орны көрсетілді.
Азаматтық қоғамды қалыптастыру үдерістерімен баланысты Қазақстан Республикасындағы жастардың саяси мәдениетінің негізгі ұстанымдары анықталған.
Мемлекеттің тәуелсіздік жағдайындағы жастардың саяси көз- қарастарының түбегейлі өзгерістерінің негізгі себептері анықталған.
Диссертацияның әдістемелік және теоретикалық негізін институционалды әтсіл, жүйелік, әлеуметтік және статистикалық әдістер,
құжаттардың контент-анализі, сонымен қатар заманауи қоғамдық -саяси ойдың қорытындылары қолданылды.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
«Азаматтық қоғам» түсінігінің анықтамасын, оның шекаралары мен функцияларын, үлгілері мен құрылымын зерттеу, сонымен қатар оның саяси жүйеде алатын орны мен ролін анықтау бұл түсініктің саяси ғылым мен құғамдық өмірде әлеуметтік-саяси феномен ретінде орнғуыын қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғам адамза т дамуыүдерісінің негізгі факторлары болып табылады.
Қазақстан Республикасының демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы айқындалған мемлекет екенін ескере отырып, біздер ұшін азаматтық қоғам қалыптастыр және дамыт онды болмақ. Қазақстан егемендігін алған кезден бастап мемлекеттік құрылымның өзгеруі, нарықтық қатынастарға қтудегі жаңа экономикалық реформалардың еңгізілуі салдарынан жастардың саяси мәдениетінің өзгеруі де елеулі қиындықтар мен күрделі өзгерістерге тап болғандығын ескеру керек.
Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы және нығаю үдерісі қоғамның демократиялануы және мемлекеттің экономикалық негіздері жастардың саяси белсенділігіне, әлеуметтік мәртебесіне әсер еткендігін ойдан шығармау қажет.
Мемлекеттегі жастарың саяси мәдениетін қалыптастыру үдерісі бірінші кезекте жастар саясатының заңдық және саяси құқықтық негіздерін жүзеге асыруды қажет етеді. Сыннан өткен теориялық әдістемелік тұжырымсыз жастардың саяси мәдениетін саралауды жүргізу мүмкін емес. Мемлекеттегі
азаматтық қоғамның қалыптасу кезңеіндегі жастар мәселесіне ғылым тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан оны жетілдіру қажет.
Азаматтық қоғамды құру үшін, республикалық, аудандық және жергілікті жерлердегі ұйымдастыр жұмыстарын шешу мәселелеріне баса назар аудару қажет. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қмсыздандыру, мәдени шаралар қарастыру және әрбір жеке индивидтің рухани қажеттіліктерін өтей білетін реформаларды сауаттыұйымдастыра білген кезде ғана «Қазақстан -
2050» Стратегиялық Бағдарламасының жоспарланғ ан бір тармғыа жастардың саяси мәдениетін жоғары деңгейге жеткізу мүмкін болмақ.
ретінде
Жастардың саяси мәдениетін даытудың практикалық спектісіне орай, 10-15 жылға арналған кешенді мемлекеттік саясат болмай отыр. Бұл уақыт аралығын алып отыруымыздың себебі, осы мезгілде, жастар тұрақты әлеуметтік мәртебеге ие болады.
Мемлекетіміздің өтпелі кезеңнің қиындықтарын өтіп, азаматтық қоғамды құру жолында жастар мәселесі негізгі басымдықтардың бірі болып
табылады. «Жастар саясаты туралы» ңжаа Заңның қабылдануы жа стардың
саяси және әлеуметтік топ ретінде дамуына үлкен септігін тигізді. Қоғамдық қарым-қатынастар негізіне жастар өздерінің саяси қызығушылықтарын жүйелеп, саяси іс шараларға, мемлекеттік емес мекемелердің ісіне араласа отырып жүзеге асыра білуі қажет.
Мемлекеттік мекемелердің жаңынан ашылған Қазақстан жастарының мүддесін қорғауға негізделген ұйымдар бар, олар жастардың тек қана саяси танымын зерттепқана қоймай, сонымен қатар жастардың саяси мәдениетін дамытудың үлгілері мен үрдістерін зерттеумен айналысса болады.
Гуманитарлық бағытта білім беретін, әсіресе саясаттанушы заңгерлер және мемлекеттік қызметкерлер оқытатын жоғары білім ордаларында жастар мәселелерін зерттейтін, олардың азаматтық қоғам жағдайындағы саяси мәдениетін қалыптастыру проблемаларына арналған арнайы курстар болмай отыр. Сондықтан соны жоспарға еңгізіп, жастардың көзімен өздеріне жақын проблемаларды шешуге аудару керек.