№ 1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ 1.Тақырыбы: Нәруыздар және протеомика. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жалпы қасиеттері( нәруыздардың жоғары молекулалық массасы, көлемінің үлкен әрі белгілі бір пішінде болуы, элементтік құрамы, ыдырау өнімдері, байланыс түрлері, амфотерлігі, нәруыздарға түсті реакциялар.)
2. Мақсаты:
Биохимияның басқа да тарауларын оқығанда және постреквизиттік пәндерді меңгерү үшін студенттерде нәруыздардың атқаратын қызметтері мен жалпы қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері. Сабақтың соңында студент қабілетті болады: Нәруыздардың атқаратын функцияларын және нәруыздарға (қасиеттеріне) жалпы сипаттама беру.
2.Нәруыздардың жалпы қасиеттері және қызметтері туралы алған білімдерін жағдайлық есептерді шешуге қолдану.
4.Әдебиеттер, соның ішінде электронды қор: Міндетті: 1. Биохимия:Текст:Оқулық/ Е.С. Севериннің редакциялық басшылығымен;қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова.- М.: ГЭОТАР- Медиа,2014.-9-18 б
Қосымша: Основы биохимии Ленинджера: в 3т. Т.1 /Д.Нельсон.М.Кокс;пер.с англ. -4-е изд.,электрон.-М.: Лаборатория знаний ,2020.-114-131 б.
Электронды ресурстар:
1.Амин қышқылдары, нәруыздар. Нәруыздардың құрылысы. Нәруыздардың құрылымдары. https://youtu.be/_61uhRxQtmk
5.Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Биохимияға кіріспе.
Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік.(2ші және ағылшын тілінде)
Нәруыздардың атқаратын қызметтері.
Нәруыздардың жоғары молекулалық массасы.
Нәруыздардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен болуы.