Құжат атауы



Pdf көрінісі
бет15/56
Дата19.09.2022
өлшемі8,75 Mb.
#39482
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Веб сайт дегенде қалай түсінесіз? 
2. 
Сайтты жоспарлау кезеңдері қандай? 
3. 
Сайтты жариялаудың қандай тәсілдері бар? 
Тақырып №4 
INTERNET 
ЖӘНЕ WWW – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ӨРМЕК. 
Жоспары: 
1. 
INTERNET тарихы.
2. WWW 
– 
дүниежүзілік 
өрмек. 
Гипермәтін, 
гиперсілтеме, 
мультимедиа.


17 
3. 
HTTР- гипермәтінді беру хаттамасы.
4. 
Ақпараттық ресурстар көрсеткіші (URL).
5. FTP-
файлдарды тасымалдау хаттамасы. 
 
1) 
INTERNET тарихы. 
Интернет сөзі Бүкіләлемдік компьтерлік желі дегенді білдіреді.
Қазіргі уақытта Интернет бірнеше қызметтерді атқарады: электрондық
пошта, WWW (бүкіләлемдік өрмек), IRC ( Internet Relay Chat – нақты
уақыт режимінде бірнеше адамдардың тікелей бір – бірімен араласуы),
IRG (берілген мезетте Интернетке қосылған адамның желідегі IR
адресін іздеуге арналған қызмет), файлдарлы тасымалдау қызметі
(FTP), телеконференция қызметі (USENT). 
Интернетті тудырған ARPANET жүйесін айтуға болады. Ол 
американдық Advanced Resrch Project, Agency (зерттеулерді беру 
агенттігі) басқару ұйымымен негізделген. Arpanet – экспериментальді 
жүйе болып табылатын, ол әскери сферадағы ғылыми зерттеулерді 
қолдау үшін арналған.
1980 жылдардың басында мәліметтерді беруді басқару хаттамасы 
TCP/IP (Transmission Control Protocol / Internet Protocol) құрылған. Яғни 
TCP/IP интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютерлер тілі. Ол 
Arpanet
–те пакеттерді алмастыру процесінде пайда болған. TCP/IP әр 
түрлі компьютерлік желілерді біріктіру үшін қолданылады. Бұл ұлттық 
немесе халықаралық деңгейде мәліметтерді алмастыруға мүмкіндік 
береді. Интернет ұғымы алғашқысында «Желілердің желісі» деп белгілеу 
үшін қолданылды.
1989 жылдың соңында Arpanet жобасы аяқталды, бірақ бұл кезде 
көптеген университеттер және ғылыми ұйымдар интернетке қосыла 
алатын болған. 90-шы жылдардың басында корпорациялар интернетті 
электрондық пошта арқылы мәліметтерді беру үшін қолданды. Бірақ ол 
кезде бүкіләлемдік желіні қолдану рұқсат етілмейтін. 1991 жылы оны 
пайдалануға рұқсат етілді, сол кезде интернетті жеке тұлғалар, ұйымдар 
мен кәсіпорындар қолдана алды, сонымен қатар коммерциялық 
қолданылу мүмкіндіктері кеңейтілді (интернет дүкендер, интернет 
арқылы жарнама). 
1991 жылы CERN швейцер фирмасынан Тим Бернерс Ли 
Бүкіләлемдік желі өсіп кеткен кодты жазған. 1993 жылы бірінші Mоsaic 
графикалық браузері шығарылды. 1994 жылы Марк Андерсен Mоsaic-ты 
өңдеушілердің 
бірі 
кәсіпкер 
Джим 
Кларкпен 
бірге 
Netscape
корпорациясын құрды. Джим Кларк үшін браузердің коммерциялық 
версиясы пайда болған соң Netscape фирмасы Netscape Commerce 
Server 
–ді шығарды. Бұл серверлік қосымша ұйымдарға веб-сайттарды 
орналастыруға және веб-парақтарын жіберуге мүмкіндік берді. Мұнда 
мәліметтер шифрленген формада жіберілді, оны тек жіберуші мен 
алушы ғана оқи алатын болған. 90-шы жылдарда интернет – 


18 
технологиялар белсенді түрде дами бастады, соның нәтижесінде желі 
мәліметтерді беру ортасы болды.
Көптеген аппаратуралардың жаңартылуына байланысты интернет 
әлемдік коммуникациялық инфроқұрылымның негізгі бөлігі болып қала 
береді. Желіге көптеген құрылғылар көмегімен енуге мүмкіндік пайда 
болды, мысалы, мобильді телефондар, қалталы дербес компьютерлер. 
Интернетке жұмыс жасау үшін мыналар қажет: 
 
Бүкіләлемдік желі түйіндерінің біреуіне компьютерді қосу; 
 IP 
адресті алу; 
 
Интернет қызметінің қолдануға болатын программа – клиент
қызметінің программалық қамтамасыздандыруын құру және қайтадан
күйге келтіру. 
Өз түйіндеріне қосуға мүмкіндік беретін және IP–адресін белгілейтін
мекемелер Интернет қызметін тасымалдаушылар (сервис - провайдер)
деп аталады. Интернетке қосылу белгіленген немесе коммутативті
болуы мүмкін. Белгіленген қосылу жаңа немесе дайын физикалық
сызықтарының (кабельдік, радиоканал, спутниктік канал) орнын
анықтайды. Оны көп көлемді берілгендерді тасымалдауды қажет ететін
мекемелер және кәсіпорындар қолданады. Коммутативті біріктіру 
уақытша болады, арнайы байланыс сызығын қажет етпейді және
телефон желісі арқылы жүргізілуі мүмкін. Коммутацияны телефон
номерін теру кезіндегі сигнал бойынша АТС орындайды. Интернетке
телефон желісі арқылы қосылу үшін ақпараттарды цифрлық түрге
алмастыру үшін қолданылатын арнайы құрылғы - модем керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет