жатыр денесінің ұлғаюын, эндометрий қалыңдығын (ұрық жұмыртқасынсыз), жатыр артындағы кеңістікке сұйықтықтың жиналуын (қан), жатыр косалқылары проекциясында шеттері тегіс емес, эхоқұрылымы бойынша гетерогенді түзілісті анықтайды
Түтікті жүктілік кезінде:
жатыр қуысында ұрық жұмыртқасының болмауы;
жатыр қосалқыларының ұлғаюы немесе артқы кеңістікте сұйықтықтың жиналуы.
Жатыр мойны жүктілігінде:
бос жатыр;
бөшке тәрізді жатыр мойны;
ұрық жұмыртқасы жатыр мойнының ішкі аңқа деңгейінен төмен.
Рудиментарлы мүйізде жүктілік кезінде
жатыр қуысында жатыр түтігінің бір интерстициальды бөлігі көрінеді;
ұрық жұмыртқасы қозғалмалы, жатырдан бөлінген және толығымен миометриямен қоршалған;
жатыр мүйізінде орналасқан ұрық жұмыртқасы тамырлы аяқпен шектеседі.
Интерстициальды жүктілік
бос жатыр қуысы;
ұрық жұмыртқасы сыртынан түтіктің интерстициальды (интрамуральды) бөлігінде орналасқан және қалыңдығы 5 мм-ден аз миометриямен қоршалған.
Жатыр түтігі жарылуы
Жатыр түтігі жарылуының симптоматикасы айқын, ішперделік жіті қан кетеді және диагностикалауда ешбір киындық тудырмайды. Кенеттен басталған ауыру сезімі іштің төменгі бөлігінен басталып (ауыру сезімі «жүкті» түтік жағында жиі болады),тікішекке,оң жақ бұғанаға (френикус-симптомы) беріледі. Тенезм (күшену) және сұйық нәжіс жиі туындайды.
Наукас кенеттен пайда болатын әлсіздікке шағымданып,содан кейін естен танып калады. Ішперделік қан көп мөлшерде жоғалған жағдайда — геморрагиялық шок дамиды. Наукас есі анық емес, апатияда болады, тері жамылғысы мен сілемейлі қабатының түсі бозғылт, суық тер мен ентікпе пайда болады. АҚҚ төмендеп,тамыр соккысының толықтылығы төмендеп, жиілейді. Іші аздап кеуіп, жиі жұмсақ күйінде болады, пальпация кезінде бірден қатты ауырады және ішперденің тітіркену симптомы пайда болып, іштің кейбір аймақтарында адам дене қалпын өзгерткен кезде шекарасы өзгеретін перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталады.
Гинекологиялык зерттеу әдісі арқылы вульваның сілемейлі қабатының цианозын анықтауға болады; цервикалдық өзектен қанды бөлінділер байқалмауы да мүмкін. Бимануалды зерттегенде жұмсарған, үлкейген жатырдың қозғалғыштық күйі («жүзгіш жатыр» симптомы ), жатыр мойнын қозғалтқан кезде қатты ауыру сезімі,қынаптың артқы күмбезінің салбырауы мен ауыру сезімі («Дуглас айқайы») анықталады.