Жауаптары №1- тапсырма


Суретте көрсетілген түрлер биологиялық процестің қайсы бағытына жатады



бет14/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
Байланысты:
Оңғарбай Таңшолпан эволюция

4. Суретте көрсетілген түрлер биологиялық процестің қайсы бағытына жатады


Дегенерация – даралардың құрылым деңгейінің төмендеп, биологиялық регреске әкелетін процесс.

  1. Шошқа таспа құрты

  2. Арамсояу (повилка)

  3. Саккулина (теңіз паразиті)

  4. асцидия


Паразиттік құрттарда ас қорыту мүшелерінің жойылуы,Арамсояу (Cuscuta) тамырдың жойылуы, Бірқатар паразиттік өсімдіктердің тамырларының жойылуы, Көртышқандарда көздің жойылуы



5- тапсырма
1.Омыртқалылардың қазба-қалдықтарынан табылған өтпелі формалар (эволюция дәлелдемелері)
Палеонтологиялық дәлел өліп біткен тірі ағзалардың қазынды қалдықтарына негізделген. Бұл салада дәлелді мынадай екі топқа бөлуге болады: өтпелі формалар және филогенездік қатар. Өтпелі формалар деп бір мерзімде екі ірі жүйелік топтың белгілерін үйлестіретін ағзаларды айтады. Оған тек өліп біткендер ғана емес, сондай-ақ қазір де тірі ағзалар мысал бола алады.
Аралық өтпелі формалардың белгілі өкілі саусақ қанатты балық қосмекенділер мен балықтарды байланыстырады. Бұл балықтың жұп қанаттының етті бөлігінде саусақ тәрізді болып келетін бірнеше сегменттер скелет осыны қарайды.
Тірі қазынды латимерия (саусаққанатты балық) — балықтар мен қосмекенділер арасындағы өтпелі форма. Қазындылардан ең мәлім өтпелі формалар - көнеқұс (археоптерикс) және иностранцевий.Көнеқұс (археоптрикс) - жартылай құс, жартылай кесіртке (ящер). Бұл - мөлшері қазіргі кептердей немесе сауысқандай, шағын денелі тіршілік иесі. Ол ағашта немесе жер бетінде өмір сүрді. Сірә, бір бұтақтан екіншісіне ұшып-қонып, едәуір қашықтыққа ұша алған болса керек. Кесірткелерден көнеқұс қанатындағы тырнағы бар саусақтарды алған. Қабырғалары төс бөлімінде ғана емес, бүкіл омыртқа жотасы бойлай орналасқан. 20 омыртқасы бар нағыз сүйектен тұратын құйрығы болған. Көнеқұстың құстармен туыстастығы қауырсынды жабынының және қанатының болуы. Тұмсығы да бар, бірақ жақсүйектің түр өзгеру үдерісі аяқталмағандықтан, тұмсығында мүйізді қаптамасы болмайды. Қазіргі заманғы құстардың барлығы көнеқұс ұрпағы деп бір жақты тұжырым жасауға болмайды. Алайда зерттеушілердің көпшілігі көнеқұс осы заманғы қанаттылардың негізін қалаушысы деген пікірді қолдайды. Көнеқұстан басқа (әзірге 5 данасы табылған) геологиялық түрғыда сақталмаған немесе қазіргі құстар түріне бастама болған, әзірге палеонтологтар таба алмаған езге де өтпелі формалардың өмір сүруі мүмкін. Алайда біз көнеқұс мысалында жорғалаушыларды құстарға жеткізген эволюциялық өзгерістердің жолын бақылай аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет