Жауаптары №1- тапсырма


Биосфералық (ғаламдық) деңгей



бет13/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
Байланысты:
Оңғарбай Таңшолпан эволюция

Биосфералық (ғаламдық) деңгейБұл деңгей тірінің (тірі жүйелердің) ұйымдасуының жоғары формасы болып табылады. Ол биосферадан тұрады. Бұл деңгейде барлық заттық-энергетикалық айналымдардың бірігіп заттар мен энергияның бір алып биосфералық айналымға түсуі жүзеге асады.
Тіршілік иесінің ұйымдасуының әртүрлі деңгейлерінің арасында диалектикалық бірлік болады, тірі зат негізі жүйелердің басымдылығын құрайтын ұйымдасу жүйесінің типі бойынша құрылады. Бір деңгейден екіншісіне көшу алдыңғы деңгейде қызмет еткен қызметтік механизмдердің сақталуымен және құрылым мен қызметтің жаңа типтерінің пайда болуымен байланысты жүреді, сонымен қатар ол жаңа ерекшеліктерді сипаттайтын өзара әсерлердің, яғни жаңа сапаның пайда болуымен байланысты.


3. Палеонтологиялық әдістемелер
Палеонтологиялық әдіс - жер қабаты шөгінділерінің геологиялық салыстырмалы жасын, онда сақталған организмдер қазба қалдықтарына қарап айыру. Палеонтологиялық әдіс стратиграфия мәселелерін шешуге пайдаланылады. Бұл әдістің негізін құрушы ағылшын инженері У.Смит (1769-1839). Палеонтологиялық әдістің дамуына палеонтологияда эволюциялық көзқарасты бекіткен Ч.Дарвиннің еңбектері жағдай туғызды
Палеонтологиялық дәлел өліп біткен тірі ағзалардың қазынды қалдықтарына негізделген. Бұл салада дәлелді мынадай екі топқа бөлуге болады: өтпелі формалар және филогенездік қатар. Өтпелі формалар деп бір мерзімде екі ірі жүйелік топтың белгілерін үйлестіретін ағзаларды айтады. Оған тек өліп біткендер ғана емес, сондай-ақ қазір де тірі ағзалар мысал бола алады. Мәселен, біржасушалы эвгленаларға жататын балдырлар фотосинтезді іске асыру мүмкіндігі болмаған кезде (жасыл эвглена) гетеротрофты жолмен қоректенуге көшеді, яғни олар өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы өтпелі форма. Клоақалы (жұмыртқалаушы) үйректұмсық пен түрпі (эхидна) - жорғалаушылар мен сүтқоректілер арасындағы жануарлардың өтпелі формасы. Ал тірі қазынды латимерия (саусаққанатты балық) — балықтар мен қосмекенділер арасындағы өтпелі форма. Қазындылардан ең мәлім өтпелі формалар - көнеқұс (археоптерикс) және иностранцевий.Көнеқұс (археоптрикс) - жартылай құс, жартылай кесірт (ящер). Бұл - мөлшері қазіргі кептердей немесе сауысқандай, шағын денелі тіршілік иесі. Ол ағашта немесе жер бетінде өмір сүрді. Сірә, бір бұтақтан екіншісіне ұшып-қонып, едәуір қашықтыққа ұша алған болса керек. Кесірттерден көнеқұс қанатындағы тырнағы бар саусақтарды алған. Қабырғалары төс бөлімінде ғана емес, бүкіл омыртқа жотасы бойлай орналасқан. 20 омыртқасы бар нағыз сүйектен тұратын құйрығы болған. Көнеқұстың құстармен туыстастығы қауырсынды жабынының және қанатының болуы. Тұмсығы да бар, бірақ жақсүйектің түр өзгеру үдерісі аяқталмағандықтан, тұмсығында мүйізді қаптамасы болмайды. Қазіргі заманғы құстардың барлығы көнеқұс ұрпағы деп бір жақты тұжырым жасауға болмайды. Алайда зерттеушілердің көпшілігі көнеқұс осы заманғы қанаттылардың негізін қалаушысы деген пікірді қолдайды. Кенеқұстан басқа (әзірге 5 данасы табылған) геологиялық түрғыда сақталмаған немесе қазіргі құстар түріне бастама болған, әзірге палеонтологтар таба алмаған езге де өтпелі формалардың өмір сүруі мүмкін. Алайда біз көнеқұс мысалында жорғалаушыларды құстарға жеткізген эволюциялық өзгерістердің жолын бақылай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет