Өсімдіктер мен жануарларды байланыстыратын аралық форма
8)жасыл эвглена
Өсімдіктер мен жануарларды байланыстыратын аралық форма
№ 4- тапсырма
Ағзаға дейінгі деңгейлер; атом, молекула, органойдтар, жасуша, ұлпа-мүше
Биологиялық тіршілік (ағылш. Biological organisation) — редукционистік тәсілді қолдана отырып, тіршілікті анықтайтын күрделі биологиялық құрылымдар мен жүйелердің иерархиясы. Дәстүрлі биологиялық тіршілік атомдардан биосфераға дейін созылады. Бұл схеманың жоғары деңгейлері көбінесе экологиялық ұйым тұжырымдамасы немесе өріс, иерархиялық экология деп аталады.
Тіршіліктің мәні тірі ағзалардың өзінен кейін үнемі ұрпақ калдырып отыруымен айқындалады. Бұл кезде ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық ақпараттар беріліп, азғалар әрі өзін-өзі реттеп, әрі ұрпақтары арқылы калпына келіп отырады. Сондықтан да тіршілік дегеніміз — тірі ағзалардың ұрпақ қалдыру аркылы өмір сүруінің ерекше сапалық көрінісі.
Қазіргі замандық түсінік бойынша, тіршілік — тірі ағзалардың коршаған ортамен тұрақты түрде зат алмасуына негізделген, нәруызды денелердің тіршілік ету тәсілі. Тірі азғалар мен қоршаған орта арасында зат алмасу процесі тоқтаған кезде, нәруыздар ыдырап, тіршілік жойылады.
Жинақтап айтқанда, тіршілік дегеніміз — құрылымы нәруыздар (белоктар) мен нуклеин қышқылдарының күрделі биологиялық полимерлерінен тұратын, өзін-өзі реттейтін, өзінен кейін өзі тектес ұрпақ қалдырып отыратын тірі азғалар жиынтығының ашық жүйесі
Атом –материяның ең негізгі формасы . атомдар ең ұсақ бөлшектер болып табылады . Ол гректің ‘бөлінбейтін’ деген сөзінен шыққан . Атомдар тобынан молекулалар түзіледі, қүрылысы мен қызметі жағынан ерекшелінетін күрделі химиялық қосылыстар қалыптасады. Клеткаларда бұл қосылыстардың көпшілігі нуклеин қышқылдары және белоктар түрінде болады, олардың макромолекулалары полимерлер болып табылады.
Молекулалық деңгей. Бұл — тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі ағза құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады. Оған мысал ретінде нуклеин қышқылдарын, нәруыздардың, көмірсулардың, т.б. органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады. Оларды кейде биологиялық макромолекулалы заттар деп те атайды. Молекулалық деңгейде тірі азғалар денесінде зат алмасу, энергияның бір түрден екінші түрге айналуы айқын байқалады. Молекулалық деңгей арқылы тұқым қуалайтын ақпараттар ұрпақтарға беріледі, жеке органоидтер түзіледі, т.б. процестер үздіксіз жүріп отырады.
Тірі заттың ұйымдасуының бұл деңгейі тэуелсіз организм түрінде әрекет жасайтын клеткалардан (бактериялар, қарапайымдылар және басқалары), сол сияқты көпклеткалы организмдердің клеткаларынан түрады. Бұл деңгейдің негізгі ерекше белгісінің мәні сол, одан өмірдің басталуы. Тіршілік етуге, өсуге және көбеюге қабілетті бұл клеткалар тірі материяның үйымдасуының негізгі формаеы, қарапайым бірлігі болып табылады, бұлардан барлық тірі организмдер (прокариоттар мен эукариоттар) құрылады. Өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының арасында құрылымы мен қызметтері бойынша принциптік айырмашылықтар жоқ. Кейбір айырмашылықтар тек олардың мембраналары мен жеке органеллаларының құрылысына ғана тиесілі. Елеулі айырмашылық прокариотклеткалары мен эукариот клеткаларының құрылысында болады, бірақ қызметі бойынша бүл айырмашылықтар теңеседі, өйткені бар кезде «клеткадан клетка» ережесі жұмыс жасайды. Молекулаға дейінгі құрылымдар бұл деңгейде клеткалардың мембраналық жүйелері мен органеллаларын (ядролар, митохондриялар және басқалары) қалыптастырады.