Жауаптары №1- тапсырма



бет12/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Байланысты:
Оңғарбай Таңшолпан эволюция

Клеткалық деңгейдің ерекшелігі клеткалардың мамандануымен, көпклеткалы организмде клеткалардың мамандаған бірлігі ретінде болуымен анықталады. Клеткалық деңгейде кеңістік пен уақыт бойынша тіршілік ету процестерінде шектелу мен реттелу жүреді, ол қызметтің әртүрлі субклеткалық қүрылымдарға дәл болуына байланысты. Мысалы, эукариоттардың клеткаларында мембраналық жүйелер (плазматикалық мембрана, цитоплазматикалық тор, пластикалық кешен) жэне клеткалық органеллалар (ядро, хромосомалар, центриольдар, митохондриялар, пластидтер, лизосомалар, рибосомалар) біршама дамыған.
Органоидтар (органоиды); (грек, organon — құрал, еіdos — түр) — адам мен жануарлар организмдері жасушалары цитоплазмасындагы белгілі қызмет атқаратын тұрақты құрылымдар.
Ұлпалық деңгей. Шығу тегі, құрылысы және аткаратын кызметі біркелкі жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ұлпалық деңгей — тек көп жасушалы организмдерге тән қасиет. Жеке ұлпалар да өз алдына тұтас ағза бола алмайды. Мысалы, жануарлар мен адам денесінде төрт түрлі ұлпа (эпителийдәнекербұлшық етжүйке) болады. Өсімдік мүшелеріндегі ұлпалар — түзушіжабынтірекөткізгіш және бөліп шығарушы деп аталады.
Келесі деңгей организмдердің — табиғаты өсімдік және жануар болатын бірклеткалы және көпклеткалы организмдердің — өздерінен тұрады. Организмдік деңгейдің арнайы ерекшеліктерінің мәні сол, бұл деңгейде генетикалық ақпараттың кодын шешу және іске асыру жүреді, осы түрдің организміне тән құрылымдық және қызметтік ерекшеліктер қалыптасады. Табиғатта организмдер ерекше, өйткені олардың дамуын, қызметін және олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын детерминациялайтын генетикалық материалы ерекше болады.



  1. Ағзадан жоғары тұрған деңгейлер; популяция –түр, биогеоценоз, биосфера

Популяциялық деңгей. Өсімдіктер мен жануарлар оқшауланып тіршілік ете алмайды; олар популяцияларға бірігеді. Организмге дейінгі жүйені құра отырып, популяциялар белгілі генофондармен және белгілі мекендеу орнымен сипатталады. Популяцияларда қарапайым эволюциялық өзгерістер басталады, бейімделу формасының дағдылануы жүреді.
Түрлік деңгейБұл деңгей табиғатта тірі буындар ретінде кездесетін өсімдіктермен, жануарлармен және микроорганизмдердің түрлерімен анықталады. Түрлердің популяциялық құрамы өте алуан түрлі. Бір түрдің құрамында бірден көптеген мың популяция болуы мүмкін, олардың өкілдері мекендеу ортасының өте эртүрлігімен сипатталады және әртүрлі экологиялық қуыстарды иеленеді. Түрлер эволюция нәтижесімен және орын алмасушылығымен сипатталады. Қазір кездесетін түрлердің ертеде өткен түрлермен ұқсастығы жоқ. Түр тіршілік иелері классификациясының бірлігі болып табылады.
Биоценоздық деңгей әртүрлі түрге жататын организмдердің биоценоздарынан — қауымдастығынан тұрады. Мұндай қауымдастықтардағы әртүрлі түрлердің организмдері белгілі бір дәрежеде бір-біріне тәуелді болады. Тарихи даму барысында биогеоценоздар (экосистемалар) қалыптасты, олар организмдер мен ортаның абиотикалық факторларының өзара тәуелді қауымдастықтарынан тұратын жүйе болып табылады. Экожүйелерге организмдер мен абиотикалық факторлар арасындағы динамикалық (өзгермелі) тепе-теңдік тән. Бұл деңгейде организмдердің тіршіліктеріндегі заттық-энергетикалық айналымдар жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет