Жауаптары №1- тапсырма



бет19/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Байланысты:
Оңғарбай Таңшолпан эволюция

№ 7 – тапсырма

  1. Онтогенез дамуының негізгі кезеңдері

Онтогенез (грекше ontos-организм, genesis-даму) — жыныс клеткаларының пайда болуынан басталатын және оның өліміне дейін жүретін жеке организмнің (жануар немесе өсімдік) дамуының толық тарихы (циклі). Онтогенез (организмнің жеке дамуы) жайындағы ұғым деректерге организмнің өсуі, оның клеткасының жіктелуіне және морфогенезіне негізделеді. Сондықтан онтогенез жеке категория болып табылады. Онтогенезге түрлік категориясы жағынан филогенез (грекше рhуіе-тобыр, genesis-даму) қарама-қарсы болады, бұл терминді алғаш сипаттаған Э. Геккель
Онтогенездің ірге тасының негізін зерттеу организмдердің биологиясы мен эволюциясын тануда өте маңызды. Бірақ онтогенез жайлы ілімнің қазіргі жағдайын білу үшін, алдымен, адам организмін мысалға ала отырып, өткен заманда организмдердің өсуі мен дамуын қалай ұғынғанын қарастырамыз. Өсу мен даму жайлы алғашқы көзқарастар көне замандар дәуірінде пайда болған. Гиппократтыңклеткаларында толығымен қалыптасқан, бірақ кішірейген түрде организм болады деп есептеген. Бұл көзқарас әсіресе XVII — XVIII ғасырларда танымал болған префоризм (лат. preformatio-алдын ала даму) ілімдерінде жалғасын тапты. Сол уақыттағы префоризмнің жақтаушылары Гарвей, Мальпиги және көптеген атақты биологтар мен медиктер болды. Преформистерге қандай жыныс клеткаларында (аталықтарда немесе аналықтарда) организм префоризделеді деген сұрақ даулы болды. Жұмыртқа клеткаларын артық көргендерді овистер деп, ал аталық жыныс клеткаларына үлкен көңіл бөлгендерді анималькулистер деп атаған. Преформизм — басынан аяғына дейін метафизикалық ілім немесе ол дамуды жоққа шығарады. Преформизмге 1745 жылы ұрықтанбаған жұмыртқадан қара күйенің дамуын мысалға ала отырып, партеногенезді ашқан Ш. Бонне (1720 -1793) шешуші соққы берді. Осыдан кейін преформизм жалғасын таба алмай, мәнін жоя бастады.
Көне дәуір заманында сонымен қатар префоризмге қарама-қарсы басқа ілім эпигенез (грекше ері -кейін, genesis-даму) пайда болды. Префоризм секілді эпигенез XVII-XVIII ғасырларда кең етек алды. Эпигенездің таралуында «Теория развития» (1759) еңбегінде жинақталған К.Ф. Вольфтың (1733-1794) көзқарастары аса маңызды рөл атқарды. Оның ойынша, жұмыртқада преформирленген организм де, оның бөліктері де жоқ және жұмыртқа тек бастапқы бір текті массадан түрады. К.Ф. Вольф пен эпигенездің басқа да жақтаушыларының көзқарастары преформистерге қарағанда прогрессивті болды. Бірақ кейін тағы жаңа кезеңдер қалыптасты. Оның ішінде, 1828 жылы К. Бэр «История развития животных» деген еңбегінде жұмыртқаның құрамы бір текті емес, ал құрылымды және құрылымдаудың деңгейі ұрықтың дамуына қарай ұлғайып отырады деп атап өткен. Осылайша, К. Бэр префоризмнің де, эпигенездің де дәрменсіздігін көрсетті
Онтогенез проэмбриональдық, эмбриональдық және постэмбриональдық кезеңдерге бөлінеді. Адамда, кейде жоғары сатыдағы жануарларда, туылғанға дейінгі даму кезеңін пренатальды немесе антенатальды, туғаннан кейінгісін — постнатальды деп атайды. Пренатальды кезеңінің шегінде алғашқы (дамудың бірінші аптасы), ұрықтық және ұрпақтық кезеңдері болады. Дамушы ұрықты мүшелер бастамалары қалыптасқанша эмбрион деп, ал мүшелерінің бастамалары қалыптасқаннан кейін — ұрпақ деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет