Харди-Вайнберг заңы. Популяцияның генетикалык құрамын аныктау үшін ондағы аллельдер мен генотиптің (гомозигота, гетерозигота) типін таситын даралардың санын білу қажет. Осы мақсатта 1902 жылы ағылшын математигі Г. Харди және немістің дәрігер-генетигі Г. Вайнберг бір-біріне байланыссыз "таза популяцияда" гендердің және генотиптердің таралу жиілігін анықтады. Олар болашақ ұрпақ популяциясының генетикалык құрамы қандай болатынына есептеулер жүргізіп, генетикалык тепе-теңдік заңын ашты. "Таза популяция" деп сан жағынан өте үлкен, еркін будандаса алатын, сыртқы орта факторлары (мутация, сұрыптау, оқшаулану, т.б) әсер етпейтін популяцияны айтады. Харди-Вайнберг заңы "Даралар еркін будандаса алатын үлкен таза популяцияларда доминантты жөне рецессивті аллельдердің, генотиптердің сандық жиілігі" ұрпактан-ұрпакка өзгеріссіз тұрақты беріліп отыратынын көрсетеді. Егер популяцияның генофондысы мысал ретінде, А жөне а гендерінің жүп аллельдерінен түрса, онда А геннің
популяцияда көріну жиілігі р-ға, ал а геннід жиілігі g-ға тең, сонда популяциядағы осы екі аллельдің арақатынасы мына формулаға сәйкес келеді
3.Ч.Дарвин теориясындағы эвалюцияның қозғаушы күштері? Эвалюцияның қозғаушы күштері- деп Ч.Дарвин тұқымқуалаушылық,өзгергіштік және табиғи сұрыпталу деп бөлді.Ол тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік әсерінен пайда болған өзгергіштігін организм өзінде сақтап және келесі ұрпаққа бере алады деп түсіндірді. Өзгергіштік организмдердің алуантүрлілігін туғызса, ал тұқымқуалаушылық осы өзгерісті келесі ұрпаққа береді.
Кез келген тірі организмге тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері тән. Дарвиннің кезінде тұқым қуалаушылық және өзгергіштіктің себептері аз зерттеліп, көп уақыт түсініксіз болып келді. Генетика ғылымының қалыптасуына байлансты қазіргі кезде тұқым қуалаушылықтың хромосомаларда орналасқан гендер арқылы іске асырылатыны белгілі болды. Тұқым қуалаушылық организмге тән ерекшеліктер мен қасиеттердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі болса, өзгергіштік жаңа белгілердің, айырмашылықтың қалыптасуы болып табылады. Дарвин өзгергіштіктің тұқым қуаламайтын және тұқым қуалайтын формаларды ажыратты.
Түрішілік күрес - бір түрге жататын даралар арасында жүреді. Тіршілік үшін күрестің бұл формасы өте шиеленіскен жағдайда өтеді. Өйткені бір популяциядағы даралар бірдей қорек, жылу, жарық, су, т.б. қажет етеді.
Бірнеше ғасырды қамтып, үздіксіз жүріп жататын әрекет- табиғи сұрыпталу. Бұл әрекетке қажетті материал – ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалып нығая түсетін шағын өзгерістер. Табиғи сұрыпталу нәтижесінде, тіршілік ортасына сәйкес бейімделген жаңа түрлер түзіледі.
4. Омыртқалылар эмбрионының бастапқы даму этапындағы өзара ұқсастықтары?
4. Омыртқалылар эмбрионының бастапқы даму этапындағы өзара ұқсастықтары
Жауап: 1828 жылы Бэр "Бэр заңы" немесе "эмбриональды ұқсастық заңы"деп аталатын заңдылықты тұжырымдады. Ғалым кесірткенің аяқтары, құстардың қанаттары мен аяқтары, сүтқоректілердің аяқ-қолдары, сондай-ақ адамның қолдары мен аяқтары бірдей және бір рудименттерден дамитынын байқады. Осыған сүйене отырып, ол эмбриональды даму процесінде ең алдымен жалпы типтікбелгілер табылатынын, содан кейін класс,отряд, тұқымдас,туыс, түрдің жеке белгілері пайда болатынын түсінді.