Жауаптары №1- тапсырма



бет32/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
Байланысты:
Оңғарбай Таңшолпан эволюция

Конвергенция ( лат. conergo - ұқсас болу ) деп организмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен ( тіршілік) ортасы бірдей, сыртқы пішінінің бір-біріне ұқсас болуын айтады. Мысалы, дельфиндер сүтқоректілердің класына жатады, соған қарамастан дене пішіні балықтарға ұқсайды. Дене пішіні сүйір, артқы аяқтары жоқ, алдыңғы аяқтары жүзбе қанатқа айналған. Жүзбе қанаттары судың тереңдігіне оң мен солға бұрылу, су бетіне көтерілу және тежеу қызметін атқарады. Арқа жүзбе қанаты жылдам жүзгенде ауыр денесі жан-жағына ауып кетпес үшін қажет болса, құйрық жүзбе қанаты балықтікі сияқты тік емес көлбе орналасқан. Бір-бірімен туыстығы болмаса да, жануарлардың тіршілік ортасына бейімделушілігін көрсетеді. Бұл құбылыс ковергенттік ұқсастыққа жатады. Жануарлар дүниесінен мұндай жағдайларды көптеп кездестіруге болады.
Параллелизм ( грек. Parallelos – қатар жүру) деп туыстық жағына өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуына айтады. Мысалы, сүтқоректілер класына жататын есекаяқтылар отрядының сулы ортаға бейімдеушілігі 3 салада дамыды. Мысалы, морждар, құлақты және кәдімгі түлендер сулы ортаға бір бірінен тәуелсіз көшкендіктен суға бейімделу мүшесі - ескегі пайда болды. Жәндіктердің ішінде қоңыздардың алдыңғы жұп қанаттары өзегріп, қатты қанатқа айналғандықтан қанатүсті деп атайды. Қоңыздардың барлығы қатқыл қанаттылар отрядна топтастырылды. Қосмекенділердің белгілері саусақанатты балықтарда дамиды. Сүтқоректілердің көп белгілері аңтісті кесірткелердің топтарында пайда болды және т.б. Осы ұқсастық шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді.

3.Жабынды рең мен тұрпаттың жануарлар өміріндегі рөлі
Бүркеніш рең, мимикрия – жануарлардың барлық топтарында болатын бейімділіктің бір түрі. Жануарлар эволюция барысында табиғи сұрыпталып, сыртқы орта жағдайына бейімделіп отырады. Осының нәтижесінде жануарлар жауларына жем болмауға, жемтігін көрінбей барып ұстауға, қауіпсіз көбеюге мүмкіндік алады. Бүркеніш рең жасырушы рең, сақтандырушы (үркітуші) рең, қорғаныш рең болып үш топқа бөлінеді.
Жасырушы рең – жануарлардың дене пішіні мен реңінің айналадағы ортаның түсіне сәйкес келуі. Мысалы, шөп арасында жүретін жәндіктердің реңі сол жердің өсімдігі түстес (тропиктік орманда тіршілік ететін жыландарды ондағы шырмауықтардан ажырату мүмкін емес), мәңгі жасыл ормандағы жануарлар жасыл түсті, құмдағы жануарлар сарғыш түсті болады. Кейбір жануарлар (қоян, тиін, сасық күзен, т.б.) қыста ақ, жазда қоңырқай түсті келеді. сақтандырушы (үркітуші) рең – көбінесе улы және шағатын жәндіктерге тән белгі. Улы жылан, сона және аралар әр түрлі жолақты ашық реңді болуына байланысты бірден ерекшеленіп көзге түседі. Бұлардың денесінде улы немесе жағымсыз иісті зат болғандықтан, жаулары жоламайды. Мысалы, бұзаубастың үстіңгі қанаты жасырушы реңді, астыңғы қанаттары сақтандырушы реңді болады. Қауіп төнген кезде, алдыңғы қанаттарын көтереді де, астындағы ашық түсті сақтандырушы реңді қанаттарын жайып, жауын үркітіп жібереді.
Қорғаныш рең – қауіпсіз жәндіктердің пішіні мен түсі, мінез-құлығы жағынан улы, шағатын, қауіпті жәндіктерге ұқсастығы. Мысалы, балшықшы сауысқан, т.б. құс жұмыртқасының түсі мен пішіні қиыршық жұмыр тасқа ұқсас болады. Жауынан қорғана алмайтын усыз, жыртқышқа жеуге жарамды кейбір жәндіктер, улы, жыртқышқа, жеуге жарамсыз жәндіктерге ұқсас келеді. Жануарлардың қимылы, ұшып-қону ерекшеліктері де жауынан бүркемеленудің бір түрі болып табылады. Мысалы, кейбір көбелектер ағаштан үзіліп түскен жапырақ тәрізді ұшады. Өсімдіктер бүркеніші негізінен пайдалы жәндіктерді өзіне тарту не зиянды жануарларды үркіту, сескендіру бағытында дамиды. Бұл организмді түгел қамтымайды, тек белгілі бір органда пайда болады. Мысалы, белозор (Раrnassіa) өсімдігінің гүлі шырынсыз болғанымен, ол бал шырынды өсімдіктерге ұқсас. Жәндіктер онда шырын бар деп қонып, гүлін тозаңдандырады. Орхидеяның гүлі тозаңдандырушы жәндіктердің ұрғашысына ұқсас болғандықтан, олардың еркегі оған қонып, тозаңдандырып кетеді. Бүркеніш реңнің жануарлар тіршілігінде маңызы өте зор. Әр түрлі пішін мен бүркеніш реңдер жануарлардың сол ортаға бейімделгендігінің нәтижесі болып табылады.


4. Ылғалдылығы төмен жерлерде құс қауырсындарының ақшылдануы қандай өзгергіштікке мысал

мутациялық

модификациялық

корреляция




+







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет